Эдгар Дега және сурет өнері
Эдгар Иллер Жермен Дега (1834-1917) – француз суретшісі, график, мүсінші, импрессионизмнің көрнекті өкілі.
1855 жылы Париждегі көркем өнер мектебінде Ламот суретші сыныбында оқиды. Осы уақытта Энгрдың өнері оған әсер етеді. 1856 жылдан бастап екі жылдай Италияда тұрып, Қайта өрлеу дәуірі ұлы шеберлерінің жұмыстарымен жақын танысады, әсіресе Мантенья мен Веронезенің керемет туындыларына ерекше көңіл бөледі.
Суретшінің алғаш жұмыстары нақтылық пен зеректілікпен ерекшеленеді, олар реалистік шындық мәнерінде салынған еді (ағасының суреттемесі, 1856-1857, Лувр, Париж; баронесса Беллелидің суреті, 1859, сонда сақталған; итальян кедей әйелінің портреті 1857, жеке жинақ).
1860 ж.ж. Дега тарихи тақырыптарға бет бұрады. Ол салондық сурет талап еткен антикалық өмірдің идеализациясына қарсы шығады да, өзінің көзқарасы бойынша оны мейлінше реалдылыққа жақындатады. “Спартандық қыздар жігіттерді сайысқа шақырады” (1860, Курто институтының галереясы, Лондон) атты туынды нәзіктік пен әсемдіктен алыс, ал фонда қарапайым пейзаж.
Сол кездегі заманға сай Дега өз суреттері үшін жаңа тақырыптар іздейді (“Фернандо циркындағы мисс Ла Ла”, 1879, Ұлттық галерея, Лондон; “Үтікшілер”, 1884-1886, д’Орсе мұражайы, Париж; “Сахнадағы екі биші”, 1874, Курто институның галереясы, Лондон; “Абсент”, 1876, д’Орсе мұражайы, Париж).
Жаңа тақырыпты іздеп жүріп, Дега Операның би сыныптарына жиі барып, ондағы балериналардың биіне суретші көзімен ұзақ қарайтын. Осы суреттер композицияның қарапайымдылығы мен автордың позициясымен ерекшелінеді (“Би сабағы”, 1879, “Балет жұлдызы” 1878, д’Орсе мұражайы, Париж). Осы қатарда “Көк бишілер” (1899, ГМИИ, Москва) атты суреті жайында бөлек айтуға болады. Бүкіл бидің ғажабы фигуралардың пластикасында тоғысқан.
Деганың көп суреттері ат жарысы тақырыбына арналған: “Трибуна алдындағы жүйрік аттар” (1879, д’Орсе мұражайы, Париж), “Жарыста” (1877-1880, ол да сонда), “Жарыс алдындағы жокейлер” (1881, Барбер көркем өнер институтының галереясы, Бирмингем, Ұлыбритания).










Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.
Пікіріңізді осында жазыңыз.