2. Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай
Қызыл крест пен Қызыл жарты ай құрылымы
- Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК)
- Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұйымының Федерациясы (ХҚК пен ҚЖФ)
- Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымы
Қозғалыстың басқару органдары:
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай халықаралық конференциясы
Өкілдер кеңесі
Тұрақты комиссия
Халықаралық Қызыл Крест Комитеті
Халықаралық Қызыл Крест Комитеті – теңдікті сақтайтын, бейтарапты және тәуелсіз ұйым. Оның гуманитарлық миссиясы – соғыс зардабын шеккендердің өмірін, құқықтарын сақтау. Бұл ұйым 1863 жылы құрылып, Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысының пайда болуына негіз салды.
Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымының Федерациясы
Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымының Федерациясының жұмысы Қозғалыстың негізгі прнциптеріне құрылған. Ол өз гуманитарлық қызметін ұлттық ұйым-мүшелердің ішінде қауіп төңдіретін топ тұрғындарының жағдайын жақсартады. Халықаралық Федерация 1919 жылы құрылды. Ол халықаралық жәрдемді басқарып, үйлестіреді. Табиғи апаттардан зардап көргендердің бәріне көмектесіп, халықаралық аренада ұйым мүшесенің ресми өкілі болып саналады, ұлттық ұйымдар арасында қызмет жасап, төтенше жағдайда әлеуметтік және медициналық бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымдары
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымдары 179 мемелекетте Халықаралық қозғалыстың нақты мазмұны мен қызметіндегі принциптерді жүзеге асырады. Мемлекеттік биліктің көмекшісі ретінде Ұлттық ұйымдар төтенше жағдайда жәрдемдесу, медициналық жяне әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, соғыс кезінде әскери-медициналық көмек көрсетеді. Қозғалыстың мүшесі болу үшін, барлық ұлттық ұйымдар бірнеше шарттар негізінде ХҚККмен қабылдануы тиіс.
Қозғалыстың миссиясы: қашан және қай жерде болмасын, адамдардың қайғысын жеңілдету, ар-ожданың сақтау, ауруларды алдын алу, Қозғалыстың көмегін қажет ететіндердің арасында ынтымақтастықты қалыптастыру.
Халықаралық Конференция
Халықаралық конференция-бұл гуманитарлық форумдардың ішінде ең маңыздысы, себебі онда Женева конвенцияларының мүшелігіндегі әр мемлекеттің өкілі кездеседі.
Анықтама және құрылысы
Халықаралық конференция Қозғалыстың ең жоғарғы басқару органы. Ол бәріне ортақ гуманитарлық мәселелерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады.
Халықаралық конференцияның рөлі.
Халықаралық конференция Қозғалыс миссиясының орындалуын, негізгі принциптері бойынша жұмысын қатты қадағалап, оның бірлігіне жағдай жасайды. Ол халықаралық гуманитарлық құқық пен басқа да халықаралық келісім-шарттарды дамытуға ат салысады. Халықаралық конференция ғана Конференцияның жұмыстарындағы Қозғалыс жарлығы мен ережелеріне өзгертулер енгізуге құқылы. Халықаралық конференция Тұрақты комиссияны негізгі мүшелер бойынша тағайындайды. Халықаралық конференция 4 жылда бір рет жиналады. Халықаралық конференция консенсус негізінде өз резолюцияларды қабылдауға ұмтылады.
Өкілдер кеңесі
Өкілдер кеңесі орган болып саналады. Қозғалыстың әр құрылымдық бөлімінің мүшесі болып саналатындар Қозғалысқа байланысы бар сұрақтардың бәрін талқылайды.
Кеңес өкілдер мүшелігіне ұлттық ұйымдар, ХҚКК және Халықаралық Федерация өкілдері жатқызылады.
Функциялар
Кеңес қажет жағдайда қозғалыстың қатысушыларына тікелей қызығушылық тудыратын саяси мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Халықаралық конференция ашылғанға дейін өз отырыстарында Кеңес Конференцияның басшысы, орынбасары, бас хатшысы, Кеңес басшысы мен оның орынбасарлары, олардың спикерлері бола алатын үміткерлерді таңдайды. Кеңес әр Халықаралық конференция мен Федерацияның Бас ассамблея сессиясы алдында жиналады. Сонымен қатар, Кеңес өз еркімен немесе ұлтық ұйымдардың үштен бірінің ұсынысымен, ХҚҚК, не Халықаралық Федерация, Тұрақты комиссия ұсынысымен жиналуы мүмкін.
Тұрақты комиссия
Екі Конференция арасындағы мерзімде Тұрақты комиссия Халықаралық конференцияның өкілетті органы болып табылады.
Құрылымы
Тұрақты комиссияның 9 мүшесі бар: 5 – ұлттық ұйымдардың өкілдері, олар өз міндеттерін келесі Конференцияның жабылуына дейін орындайды, 2 мүше ХҚКК және тағы 2 – Халықаралық Федерацияның өкілдері. Мүшелер санынан басшысы мен оның орынбасары тағайындалады.
Функциялар
Тұрақты комиссияның басты функциясы – Халықаралық конференция мен Өкілдер Кеңесінің сессиясына байланысты ұсынылған іс-шараларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, ол жалпы Қозғалысқа байланысты барлық сұрақтарды қарастырады. Тұрақты комиссия өз ісіне деген адалдығы, жанқиярлығы үшін Анри Дюнан атындағы медаль иесін анықтайды. Тұрақты комиссия жылына 2 реттен кем емес отырыс өткізеді және олардың штаб пәтері Женевада орналасқан.
Тұрақты комиссияның мүшелері (2003-2007жж)
Ұлттық ұйымдардың мүшелері:
Д-р Мохаммед аль-Хадид (Иордания)
Е.П. елшісі Фиоипп Кувилье (Франция)
Дженет Дэвидсон ханым (Канада)
Д-р Фредди Каруп Педерсен (Дания)
Зой Катевас де Скальбос ханым (Чили)
-ХҚКК басшылары:
Д-р Якоб Келленберг (ХҚКК президенті)
Филипп Споэрри мырза (халықаралық құқық және Қозғалыс қатысушыларының әріптестігін басқаратын директор)
-Халықаралық Федерация өкілдері:
Хуан Мануэль Суарес дель Торо Риверо мырза(Халықаралық Федерация президенті)
Марку Нискала мырза (Халықаралық Федерацияның бас хатшысы)
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Халықаралық Қозғалысының Жарлығы 1986 жылы, қазан айында Женевада қабылданды.
Қазақстандағы Қызыл крест пен Қызыл жарты ай
Қазақстан Республикасының Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымы – бұл қоғамдық, ерікті, гуманитарлық ұйым, ол бүкіл Қазақстан территориясы бойынша 1937 жылдан бастап қызмет атқарады. Оның негізгі мақсаты жоғарыда аталған барлық миссиялар мен принциптерге сәйкес.
Ұйымның қызмет түрлері:
-ҚР Қарулы күштерінің медициналық қызметінде дайындық өткізіп, қарулы қақтығыстар кезінде жарақат алғандарға, әскери тұтқындарға жәрдемдесу;
-ХҚК пен ҚЖҚ гуманитарлық көмегін ұйымдастыру;
-Ұлы Отан соғысы кезінде эвакуацияда болған азаматтардың құжаттарын іздестіруге көмектесу, табиғи апат немесе әскери жағдайда жақын туыстарымен байланыс үзілген кезде іздеу шараларын ұйымдастыру;
-Қарулы қақтығыстар зоналарында медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдастыру;
-Халықаралық гуманитарлық құқықты насихаттау;
-Тұрғындарға жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету;
-Мүгедек балаларға, жалғыз қалған қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру;
-Оқып жүрген жастарды адамгершілік принциптер тұрғысынан тәлім-тәрбие беру;
-ҚК пен ҚЖ Қозғалысының Негізгі Принциптерін насихаттау;
Ал қазақ ҚК пен ҚЖА тарихына үңілсек, XXI ғасырдың 60-жылдарында орыс-түрік соғысы кезінде (1877-1978ж. ж.)Қапал қаласында (қазіргі Алматы облысы) жарақат алғандар мен науқас адамдарды өз құзыретіне алатын жергілікті басқарма пайда болды, соның базасында Қазақстандағы алғаш Жетісудің ҚК пен ҚЖА жергілікті басқармасы құрылды. Бұған 1880 жылы «Туркестанские ведомости» газетінде жарияланған «Ресей Қызыл Крест Ұйымы Қапал комитетінің Жетісу жергілікті басқару органының есебі» негіз болды. Революцияға дейінгі Ресейдің барлық ұйымдары секілді ҚКҰның да өз жарғысы болды. Жарлықтың бірінші параграфында ұйымның мақсаты жазылған еді. Орыс-жапон (1904-1905), Бірінші Дүниежүзілік соғыстары (1914-1918) кезінде Қазақстанның белсенділігі жайында ерекше атап айту қажет. 1937 жылдан 1992 жылы Қазақ елінде Қызыл Крест ұйымы құрылды, ал 1992 жылы КСРО ыдырағаннан және еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ҚКҰ мен ҚЖА қайта құрылып, 1993 жылдан бастап ҚР ҚК пен ҚЖА деп атын өзгертті. Ұйым 1949 жылы Женевадағы алғашқы конвенцияда жарияланған 26 бабына сәйкес теңқұқылы болып саналады және қарулы конфликт кезінде қарулы күштердің медициналық қызметіне көмек көрсетуге міндетті, бұл 1992 жыдың 17 сәуірінде ҚР Президентінің жарлығында бекітілген. Қазақстанның Ұлттық Қызыл Жарты ай ұйымы ҚК пен ҚЖ Халықаралық Федерациясына Бас Ассамблея ұйымының 14ші сесиясында 2003 жылдың аяғында қабылданды. Бұл қарулы қақтығыстар, табиғи немесе антропогендік төтенше жағдай кезінде қаржылық, техникалық, гуманитарлық жәрдемдесудің белсенділігін арттырды. Қызыл Жарты ай Ұлттық Ұйым Қазақстанда 2002 жылы құрылып, 1937 жылы
құрылған Қазақ Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айдың құқығын қабылдаушы болып саналады. 2003 жылдың қараша айында Қазақстан Швейцарияның ішкі саяси ведомствосына арнайы құжаттар жіберіп, Халықаралық Федерацияға 180ші мүше болуға өтініш жасап, оған ақыры қабылданды.
Бүгінде Қазақстан Республикасының ҚК пен ҚЖХҚ президенті –
Д-р Еркебек Қамбарұлы Арғымбаев. 1994 жылдың шілде айында Арғымбаев бас директоры, ал 1996 жылдың қарашасында 15-кезектен тыс съезд кезінде ҚР ЖҰ мен ҚКдың президенті болып тағайындалды. Ал қазіргі вицепрезиденті – Д-р Вадим Қадырбаев. Ресми сайты-www.redcrescent.kz.1
Ұйымның бүгінгі атқарылған жұмысы мен жоспары.
ҚР ҚК пен ҚЖдың жоспарлы жұмысы барысында ұлттық донор елдердің қоғамымен бірлесіп 1992-1998 жылдары республикамызда 42 миллионнан астам долларға 500 мың адамға гуманитарлық көмек берілді. Греция мен Норвегиядағы Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұйымдарының қаржылық көмегі арқасында Семей және Қарағанды аймақтарының 7000 отбасы азық түлікпен қамтамасыз етілді. Фин ҚК азық түлік бағдарламсында белсенділік танытып, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының отбасыларына көмек көрсетті. Былтыр Қазақстанның бірнеше аймағында 15 қайырымдылық асхана ашылған еді. Ал Германиядағы ҚКҰ елімізге 1 миллион 400 мың доллардан асатын соммаға медикамент, меджабдықтар, хирургиялық жабдықтар жіберді. Бұның бәрі 40тан астам мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелер мен неміс мәдени орталықтарға жіберілді. Бүгінгі таңда өзінің тарихи отанына оралған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін бағдарлама жүріп жатыр. Бұл бағдарлама 2000 жылдың қаңтарынан бастау алады. Бағдарламалар Қарағанды және Талдықорған облыстарының филиалдарында алғаш құрылып, «Оқыту орталығы» жобасын дүниеге әкелді. Бұл жобаның мақсаты-шет елден келген қазақ балаларына компьютерлік сабақтар өткізу. Осы және басқа да шараларды жүзеге асырып, Швед және Оңтүстік Корея ҚКҰ-мен келісім сөздер жүргізіліп жатыр.
Ресейдегі Қызыл Крест
Ресей Қызыл Крест – қоғамдық қайырымдылық ұйым ҚК пен ҚЖХҚ мүшесі. Ресей бойынша ол гуманитарлық қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың ішінде көшбасшы. Ресейлік Қызыл Крест Ұйымының тарихы тереңде. Ұйымның құрылымында 97 аймақтық және 1548 жергілікті бөлім бар. Биыл Ресей Қызыл Крест 140 жылдығын тойлайды. 1867 жылдың 3 мамырда (бұрыңғы стиль бойынша) Император II Александр жарақат алған жауынгерлерге қамқорлық туралы жарлықты құптады (1879 жылы ол Ресей Қызыл Крест ұйымы болып өзгерді). Бүгінде Ресей Қызыл крест басшысы Раиса Лукутцова. Ұйымның негізгі қызмет бағыттары бүгінде төмендегідей:
-медицина саласында қызметкерлерді дайындау (ешкімі жоқ қарттар мен мүгедектерге көмектесу);
-тұрғындардың ішінде гуманитарлық көмекті қажет ететіндерге жағдай жасау;
-төтенше жағдай кезінде жарақат алғандарға көмектесу;
-оперативті құтқарушы отрядтар;
-аса қауіпті инфекциялық аурулармен күрес;
-мигранттарға материалдық және құқықтық көмек көрсету;
-табиғи апаттар мен қаруланған конфликттер кезінде жоғалған адамдарды іздеу;
-тегін донорлықты және салауатты өмір салтын насихаттау;
-мигранттар мен үйіжоқтарға арналған тегін асханалар ұйымдастыру;
-жетім балаларды паналау ;
-Ресейде әлеуметтік көмек қажет ететіндерге тегін денсаулық орталықтар ашу;
Ресей Қызыл Крест тарихы
1854
Ұлы княгиня Елена Павловна Санкт-Петербург қаласында Севостпольдегі әскери жағдайға байланысты медициналық көмек көрсететін қызметкерлерді дайындау орталығын ашады. Оларды орыстың ұлы ғалымы, хирург Н.И. Пирогов оқытты.
1867
3 мамырда Император II Александр Соғыста жарақат алғандарға көмек көрсету ұйымының жарлығын растады. Кейін (1879 жылы)бұл ұйым Ресей ҚКҰ болып аталды.
1870-1871
Ресей ҚКҰ халықаралық аренаға шықты. Франко-пруссиялық соғыс кезінде ұйымның жұмысы жүйеленді.
1872
Ұйым табиғи апаттардан зардап шеккендерге жәрдемдесе бастады (Шемахидағы жерсілкінісі кезінде).
1875
Моршанск, Брянск, Ржев, Вольскіде болған өрт кезінде көп адамдар баспанасыз қалды. Сол кезде РҚКҰ 106 мың рубльден асатын сомма жинады.
1877-1878
Орыс-түрік соғысы. РҚКҰ әскердегі барлық медициналық көмекті өзіне жүктеді. Санитарлық поездар, лазареттер пайда болды.
1878-1879
Астрахан облысындағы Ветлянка станицасында чума эпидемиясымен күрес.
1879
Полтава губерниясындағы дифтеритпен күрес. Бұл жерге 30 дәрігер мен 300 медқызметкер жіберілді.
1891-1898
Ресейдегі аштық пен ашаршылық салдары кезіндегі РҚК жұмыстары.
1904-1905
Орыс-жапон соғысы. 595611 адамға көмек көрсетілді. Жапония ҚКҰмен байланыс орнату.
1914-1918
Бірінші Дүниежүзілік соғыс. ҚКҰйымында сол жылдары 2500 дәрігер мен 20000 мед.қызметкер, 50000 санитар жұмыс істеді. 1915 жылы Н.Д. Зелинский уландырғыш заттарға қарсы фильтірілген құрал жабдық жасап шығарды.
9
1918-1920
Азаматтық соғыс. Санитарлық отрядтардың жұмысы жетілдірілді.
1923
Ресйдегі ҚКҰ-ның Украина, Белоруссия, Армения, Грузия және Әзірбайжан Қызыл Жарты ай басшылары бірігу жайында декларацияға қол қойды.
1924
РҚКҰ «Жас пионерлер денсаулық қызметін» ұйымдастырады.
1941-1945
Ұлы Отан соғысы. 263669 медбике, 39956 санитар дайындалынды. Майданға 1 млн. 700 мың литр донор қаны жіберілді.
1967
Кеңестік Қызыл Крест Ленин орденімен марапатталды.
1986
Чернобыль АЭСіндегі апат. Жарақат алғандарға көмек көрсету мен экологиялық таза азық түлікпен қамтамасыз ету.
1990
РҚКҰның Құтқару қызметі құрылды(1988 жылы Армениядағы жерсілкінісінен кейін).
1993
РҚК мақсатты-бағдарламалық қызметке көшті.
1995
«Алғашқы көмек» атты бағдарлама алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету үшін құрылды. 2001 жылдың басына қарай 35000 адам курстан өтті.
1998
ЖИТС пен туберкулезге қарсы РҚКҰның бағдарламалары.
1999
Мигранттарға арналған жобалар.
1998-2002
Якутия, Курган, ОренбургШығыс Сібірдегі табиғи апаттарға байланысты атқарылған жұмыстар. 3
Қорытынды
Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Қозғалысы адамзаттың денсаулығын, өмірін қорғауға және адамның жекебасын құрметтеуге үндейді. Ол өзара түсінушілікті, достықты, әріптестікті насихаттайды және осыған халықты шақырады. ҚК ҚЖ эмблемасы баршамызға бала кезімізден таныс, Бұл эмблема – дүниежүзілік мейірімділік пен рақымшылдықтың символы. Ұйымның қызметі мемлекеттік және халықаралық деңгейде маңыздылығы бар мақсаттарды алдына қою, оларды шешу. Бүгінде, әр елдің Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай ұйымы әлем торында өзінің сайттарын ашқан, сайт арқылы олар тек қана өз жұмысының нәтижелерін көрсетумен шектелмей, сонымен қатар қозғалыстың мән-мағынасын ашып, адамдарды көмекке шақырады, болып жатқан мәселелермен таныстырады.






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.
Пікіріңізді осында жазыңыз.