Басты бет » Featured, Ақындар, Әдебиет саласы

Қадыр Мырзалиев

Автор: grant| 25 July 2010 2 пікір.

Қадыр Мырзали –атақты қазақ ақыны, халық жазушысы,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1935 жылы  Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында туған. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы   «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шетелдіктер өте жоғары бағалайды.
***
Осы өмірдің өзінің азсынғандай азабын,
Ойлап тапқан зұлымдар неше түрін жазаның:
Ойлап тапқан аяққа болат кісен салуды,
Ойлап тапқан арқадан таспа тіліп алуды.
Ойлап тапқан сауырға күйген темір басуды,
Ойлап тапқан арқанмен буындырып асуды,
Ойлап тапқан тірілей қабырғаны сөгуді,
Ойлап тапқан өлтірмей қара жерге көмуді…
Бірақ соның бірі де жасытпаған батырды,
Біріақ соның бірі де жасытпаған ақынды!
Сосын патша оларды қанатынан қайырып,
Жер аудара бастаған Туған жерден айырып.
О,зұлым-ай,зұлым-ай!
О,ант атқан,ант атқан!
Осал жерін ерлердің қалай ғана дәл тапқан!

***
Туған жер-ай,күнім де,дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе,сүрінбесе ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Тұрсаң болды,Туған жер,көктем кілең,
Арманымды асаудай ерттеп мінем.
Бағышталған өзіңе бір ауыр сөз
Маған қарап атылған оқ деп білем!

Болмыс мені қамсыз ғып жаратпаған,
Перзентімнің өнерді парақтаған.
Қайда жүрсем ойлаймын өзің жайлы,
Бар тағдырың қалғандай қарап маған.

***
Cаған деген айтылар назым әнмен,
Сенсіз менің,Туған жер,қазынам кем.
Басқаларды білмеймін,
Бас ауырса,
Жусаныңды иіскеп-ақ
Жазылам мен.

Өзің сүйеп,сен өзің мақұлдасаң,
Жалтақтамай,жасқанбай,батыл басам.
Сүйгенімен қалсам сәл іренжісіп,
Сыйлап сенің гүліңді,
Татуласам.

Жоқ қой менде шәйтан жыр,ібіліс ән,
Жырын іздеп шындықтың,шұғыл ұшам.
Оқушыммен қалсам да түсініспей,
Өзім жайлы сыр шертіп,
Ұғынысам!

***
Туған жер,қарап көзіңе,
Ант берем қазір,құп алсаң.
Түсейін тамып өзіңе,
Тола алмай тұрған көл болсаң.

Алысқа тағдыр әкетіп,
Амал жоқ егер шетт қонсам.
Тиейін саған лап етіп,
Тұтанбай тұрған от болсаң

Туған жер,сенің алдында.
өтейін өстіп парызды.
Апырм-ау,кепкен талың да
Болмаушы ма еді тамызық!

***
Күндердің бір күнінде салып ажар қармағын,
Әкесі ұлын жоғалтса-жоғалтады арманын.
Өмірге өлім өзінің жасайды әсте жаттығын,
Ана қызын жоғалтса-жоғалтады шаттығын.
Жүрегінің лағылы,жүрегінің жақұты
Жігіт жарын жоғалтса-жағалтады бақытын…
Уа,Туған жер,көңілдің сенсің бірақ төрінде,
Сені мәңгі жоғалтқан-жоғалтады бәрін де!

***
Болмаса жұрт ақылсыз,
Жүре алмайды жақынсыз;
Күні жоқ қой адамның
Адамсыз һем Ақынсыз.

Демек,саған,ақылдым;
Қайтсем де мен жақынмын:
Керек десең,-Адаммын,
Керек десең,-Ақынмын!

***
Көз алмаймын кездескен бір кезінде,
Сен дегенде қанағат жоқ сезімде.
Аспан болып кетсең-дағы сен егер,
Жанарыма құйып алам,
Сене бер!

Көрмей сені тұра алмаймын үш апта,
Сен дегенде қанағат жлқ құшақта.
Асқар тау боп кетсең-дағы сен егер,
Құшағыма сиғызамын,
Сене бер!

Жүз сүюге,мың сүюге ерінбен,
Сен дегенде қанағат жоқ ерінде.
Мұхит болып кетсең-дағы сен егер,
Бір тамшыңды қалдырмаймын,
Сене бер!

***
Мен өзіңе ғашық болдым,
Сол күні
Жүрегімнің шешек атты бір гүлі.
Махаббатпен бір көктеп,
Бір солатын
Ол–Құштарлық болатын.

Мен өзіңе ғашық болдым,
Сол күні
Жүрегімнің шешек атты бір гүлі.
Махаббатпен бір көктеп,
Бір солатын
Ол-Адалдық болатын.

Мен өзіңе ғашық болдым
Сол күні
Жүрегімнің шешек атты бір гүлі.
Махаббатпен бір көктеп,
Бір солатын
Ол–Қызғаныш болатын.

Семдірме сол үш гүлді,
Сөндірме сол ұшқынды!

Ақпарат көзі: Бұлбұл бағы кітабы жинағынан

фото:www.astana-akshamy.kz

______________ Ұқсас мақалалар ______________

Мақаланы достармен бөлісу.
Twitter Facebook Google Buzz Google Bookmarks Digg

2 пікір »

  • Шишов айтады:

    Совершенно верно! Идея хорошая, поддерживаю.

    [Жауап]

  • жекен айтады:

    “Тұрсаң болды,Туған жер,көктем кілең…”
    Бұл жерде “көктем” емес, “көктеп” болуы керек шығар… Осындай қателерден сақ болған жөн. Мұндай қателер басқа да өлеңдерде жетіп жатыр! Әрине, Қадыр ағамнан кетпегені ақиқат…

    [Жауап]

Пікіріңізді осында жазыңыз.

Өз пікіріңіз мен басқа да қосып-аларыңызды төмендегі орыннан жазып жібере аласыз. Сондай-ақ, пікірлерге RSS арқылы жазыла аласыз .

Егер мақалада қате кеткен жерлерді байқасаңыз, пікір жазып, қатені көрсетулеріңізді сұраймыз.

————————————————————————————————————————————