Жұмбақтар
***
Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы,
Желкілдейді шудасы.
(Түтін.)
***
Үккені -тас,
Төккені -ас.
(Диірмен.)
***
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
(Мысық.)
***
Cол аяқ пен оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
(Доп.)
***
Үш көзінде жалын-от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар.
(Бағдаршам.)
***
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді.
(Бұлт.)
***
Төрт аяқтап жүрсе де,
Өмірде бір озбаған.
Көп жыл шешпей келсе де,
Тас пешпенті тозбаған.
(Тасбақа.)
***
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.
(Көгершін.)
***
Өмірі шықпай үйден бір,
Өз үйін өзі сүйреп жүр.
(Тасбақа.)
***
Бір көзім “кідір: дейді,
Бір көзім “жүгір” дейді.
Бір көзім “абайла” дейді
“Қарап ал маңайға” дейді.
(Бағдаршам.)
***
Бұдан бір қорқады,
Судан бұл қорқады.
(Сабын.)
***
Аяғы жоқ,қолы жоқ,
Таппайтұғын жолы жоқ.
(Хат.)
***
Бойын жерге жасырған,
Бұрышы бар жасылдан.
(Сәбіз.)
***
Бойлаған сайын тереңге,
Шығасын биік белеңге.
(Білім.)
***
Биік тауда өседі,
Белден қарды кешеді,
Өзгертпейді түр-түсін,
Қымбат әрі кез жұрт үшін.
(Шырша.)
***
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады.
(Жұлдыз.)
***
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.
(Балық.)
***
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.
(Бидай сабағы.)
***
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?
(Үкі.)
***
Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын.
(Кенгуру.)
***
Күн ашықта құр тұрамын,
Бұлтты күні қыдырамын.
(Қолшатыр.)
***
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.
(Жел.)
***
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып.
(Құлақ.)
***
Сырты жаз,
Іші қыс.
Бұл не?
(Тоңазытқыш.)
***
Өзі қысқа,
Өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңде ұста.
(Мақал.)
***
Денесі киізден,
Табаны мүйізден.
(Пима мен галош.)
***
Көзім көрмес бір дарақ:
Он екі бұтақ,
Бір жапырақ.
(Жыл.)
***
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады.
(Найзағай.)
***
Азанда шашып тастайды,
Ымыртта жия бастайды.
(Көктемде егу,күзде жинау.)
***
Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
(Тамшы.)
***
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.
(Боран.)
***
Қанаты жоқ-ұшады,
Аяғы жоқ- қашады.
(Жел.)






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.
Пікіріңізді осында жазыңыз.