Басты бет » Химия

Полимер

Автор: grant| 24 July 2010 Пікір жоқ

Төбе басында жіп-жіңішке бір тал өсіп тұр делік.Қандай қатты жел соққанымен ол сынбайды,иіліп тұра береді.Оның мұндай иілгіштігі ағаштың құрамына енетін ерекше затқа—полимерге байланысты.

Ағаштағы негізгі полимер-целлюза болып табылады.

Табиғатта полимерлер қадам басқан сайын кездеседі. Олар кез келген микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың маңызды бөлігі. Адам организмін құрайтын заттардың ішінде полимерлер көп. Бұлшық ет ткані, тері, шаш — бұлар да организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде  пайда  болған  полимерлер.

Бертінгі уақытқа дейін полимерлерді тек табиғаттың өзі ғана жасап келген еді. Ал қазір адамдар оның ішкі лабораториясына үңілуді үйренді. Полимерлердің ғаламат молекула-тізбектерінен, ал олардың өзі қарапайым молекула-бунақтары — мономерлерден тұратындығын анықтады. Біркелкі бунақтар әлде неше рет қайталанып отырады. Сондықтан да осы заттардың атауына «көп» деген мағынаны білдіретін грекше «поли» қосымшасы жалғанады.

Мономерлер газ тәріздес, сұйық, немесе қатты күйде, ал полимерлер — тек сұйық немесе қатты күйле болуы мүмкін.

Молекула-тізбектің әр алуан түр-де өріліп келуі затқа беріктік, серпімділік, иілгіштік, созылымдылық қасиет береді. Сондықтан да кейбір полимерлерді пластмассалар деп атайды. Егер тізбектер бір бағытта ұзынынан созыла орналасса, онда иілгіш берік зат алынады. Егер олар бір жерге шоғырланса, онда резинага ұқсас зат түзіледі.

Тізбекке бір бунақ қана қосқанның өзінде полимерде жаңа қасиет пайда болады. Мұның бір ғажабы: егер белгілі бір бунақты тізбектің кез келген жерінен жалғаса онда жалғану орыны өзгерген сайын жаңа зат алынады. Ғалымдар осының барлығын зерттей отырып, ондаған заттан әлденеше мыңдаган полимер құрастырды.

Беріктігі болаттай, тұрақтылығы асыл металдардай, созылымдылыгы резинадай, жұмсақтығы мамықтай болып келетін алуан түрлі полимер­лер станок пен самолет жасау ісінде металлы алмастырады, сондай-ақ көптеген құрылыс материалдарының, мақтаның, жүннің, жібектің орнына қолданылады.

Полимерден жасалған бағалы бұйымдар өнеркәсіп пен тұрмыстың сан түрлі салаларында кеңінен қолданылып жүр.

Ақпарат көзі: “Ол кім,бұл не” кітабы

______________ Ұқсас мақалалар ______________

Мақаланы достармен бөлісу.
Twitter Facebook Google Buzz Google Bookmarks Digg

Пікіріңізді осында жазыңыз.

Өз пікіріңіз мен басқа да қосып-аларыңызды төмендегі орыннан жазып жібере аласыз. Сондай-ақ, пікірлерге RSS арқылы жазыла аласыз .

Егер мақалада қате кеткен жерлерді байқасаңыз, пікір жазып, қатені көрсетулеріңізді сұраймыз.

————————————————————————————————————————————