Басты бет » Featured, Тұлғалар/Батырлар

Рафаэль Санти

Автор: grant| 24 July 2010 Пікір жоқ

Қайта өркендеу заманының аса ұлы суретшісі Рафаэль Италияның Урбино деген қалашығында туды. Оның бірінші ұстазы өз әкесі — шіркеулерге әулиелердің бейнесін салатын суретші Санти еді. Ал екінші ұстазы — өзі туған өлкенің әрдайым көгілдір мұнарға оранып тұратын көркем табиғаты болды.
Рафаэль жастай жетім қалып, жоқшылық көріп өсті. Бірақ сол кездегі көрнекті суретшілер жас баланың қабілетін ерте танып, оған қол ұшын берді. «Мадонна Конестабиле» атты картинасын салған кезде ол жиырмаға әлі толған жоқ еді. Бұл тамаша туынды қазір Ленинградтын, Эрмитажында сақтаулы. Мадонна Умбрия табиғаты аясында бейнеленген. Картинадағы ана мен сәбидің ойлы жүздері ерекше тартымды.
Рафаэль 1504 ж. Қайта өркендеу кезеңінің данышпан шеберлері Леонардо да Винчи мен Микеланджело тұратын Флоренцияға көшіп келді. Ол өнердің не бір саңлақ үлгілерін көріп, үйренгенмен, ешкімге еліктеген жоқ. Бұл кезде ол сәби құшақтаған мадонна бейнесіне қатты қызығушы еді. Осы тақырыпта «Желек арасындағы мадонна», «Бағбан мадонна», «Сарыала торғай ұстаған мадонна» картиналарын дүниеге әкелді. Оның мадонналары — әулиелер емес, мейірімді әйелдер, бөбектерін өбектеген жас аналар. Оған дейін мадонналарды бұндай кейіпте ешкім бейнелеп көрген емес. Рафаэльдің мұндай жаңашылдығы мен батылдығына замандастары қатты таңғалды.
1508 ж. Рафаэль Флоренцияны тастап, Римге кеп орныкты. Рим папасы Юлий II жиырма бес жастағы суретшіге өз сарайының салтанат залдарын безендіруді тапсырды. Ондағы ойы — жас суретшіге католик шіркеуін дәріптету еді. Бірақ, Рафаэльдің қыл қаламы әулиелерді емес, адамды, оның азат ойын, ақыл-күшін, сұлулығын жырлады. Бір көп бейнелі туындысында ежелгі дүние ойшылдары Аристотель мен Платонды бейнеледі.
Римде Рафаэль «Сикстин мадоннасы» атты атақты шығармасын жазды.Бұл картинаның атауы суреттегі Рим папасының қолындағы 6 саусағымен байлынстырады.Себебі латынша сикстин алты деп атайтын.Біз бұл картинадан бөбегін көтеріп келе жатқан жас ананы көреміз.Ол ұлының алдында адмазат бақыты жолындағы тауқыметке толы күрескер жолы жатқандығын жақсы сезіп келеді,бірақ өңі сабырлы,тәуекелге бел буған нық сенімде.Ана ерлігін марапаттайтын бұл шығармаға адамдар әлі күнге қайран қалады.Қазір бұл тамаша еңбегі Германияның Дрезден қаласындағы атақты көрмеде сақтаулы тұр.

Рафаэль онымен қатар ұлы сәулетші де еді.Ол “мәңгілік шаһары”–Римде талай-талай тамаша шіркеулер,сарайлар,ғимараттар тұрғызды.Мұндай қиын істер орасан зор күштер талап етті.Денсаулығынан ерте айрылған Рафаэль артында тамаша ұрпақты тамсандырып өтер тамаша туындылар қалдырып,37 жасында дүние салды.

Туындылары:

Киелі отбасы, 1508

Ескі пинакотека, Мюнхен

Сикстин мадоннасы,1514

Дрезден  қаласы

______________ Ұқсас мақалалар ______________

Мақаланы достармен бөлісу.
Twitter Facebook Google Buzz Google Bookmarks Digg

Пікіріңізді осында жазыңыз.

Өз пікіріңіз мен басқа да қосып-аларыңызды төмендегі орыннан жазып жібере аласыз. Сондай-ақ, пікірлерге RSS арқылы жазыла аласыз .

Егер мақалада қате кеткен жерлерді байқасаңыз, пікір жазып, қатені көрсетулеріңізді сұраймыз.

————————————————————————————————————————————