Басты бет » Featured, Ақындар, Әдебиет саласы

Шекспир сонеттері

Автор: grant| 23 July 2010 2 пікір.

Ағылшын драматургі Вильям Шекспир 1564 жылы 23 cәуірде дүниеге келген.” Отелло”, “Гамлет” сияқты өлмес мұралардың авторы.
Әлемдегі ең танымал драматургтардың бірі.Шекспир драмаларынан бөлек 154 сонет қалдырған.17 комедия,10 хроника,5 поэма жазған.Оның лирикалық сонеттері бірін-бірі толықтырып,өзара логикалық байланысын үзбейді.Махабаттан да жоғары парасатты,шын ниетті адал достықты мадақтайды.Мәңгілік өлмеу үшін өз қаныңды ұрпағыңда қалдыру керек,сонда ғана өзіңнің өлмейтіңіне көзің жетеді,”уақыттың қатал шалғысына өлшеген,өлмегең ұрпағың ғана қарсы тұра алады” дейді. Ұрпаққа деген сенімін әсте бір есінен шығармайды.
Шекспирдің данышпан таланты оның сонеттерінде жан-жағынан айрықша,ерекше көрінеді.Оның сонеттері өзінің ойлы,философиялық тереңдігі жағынан “Гамлет”,”Ромео мен Джульетта”, “Дауыл”пьесаларынан кем түспейді.
СонеттерШекспирдің артында қалған жалғыз ғана лирикалық мұрасы.Өзінің драмаларында өз кейіпкерлерімен бірге,біте қайнап кеткенімен,бірде-бір пьесасында өзі туралы ашып еш нәрсе айтқан емес.Ал сонеттерінде өзі,өзінің көңіл күйі,қуаныш-реніштері туралы айтып ағынан жарылады.Сондықтан да оның сонеттірін оқығанды,ақынның бейнесі көз алдымызда тұрады.
Шекспир өмірін зерттеушілердің де оның сонеттеріне көбірек үңілетіне сондықтан.

***
Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте,
Жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен.
Семгенімен солған гүлдер жапырағын,
Жас раушан сақтап оны,сәні еткен.

Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,
Бар нәріңді байғазы ғып,сорланған,
Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,
Жансыз,жауыз жауың енді қолға алған.

Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,
Шолақ көктем бозторғайы,алдайсың.
Болашақты сақтайсың да бойыңда,
Сараңдықты ысыраппен жалғайсың.

Ғұмыр тілеп,көрге тықпа батырым,
Келер жылдар кереметтей дақылын!

***
Қырық қыс кеп,қырық қаңтар бүркеді,
Қырық соқа қырық әжім тіркеді,
Айғыз-айғыз әжіміңнен үркеді,
Хан-сәніңді есіне алсын кім тегі?

“Қайда қазір жарқын шақтың тамтығы?”
Деп сұраса,не демексің жарқыным?
Сөнген жанар түкпірінде дермісің,
Әжуа боп,ащы мысқыл арқылы.

“Ұрпағыма қараңдаршы көкөрім,
Мен солардан жастығымды көремін,
Қарттығыма молар жауап береді”.
Орынды еді дәл осылай дегенің.

Қайтадан бір,қаның көп жыл суынған,
Жалын атсын мұрагерің-ұлыңнан!

***
Айнадағы әсем жүзге төңесің,
Төңесің де,өз бейнеңді көресің.
Тастауға асық тіршілікке бейнеңді,
Қайталансын бұл өмірге кегесін.
Ақ батадан ада қылма әйелді,
Бос таптама табиғаттың денесін.

Қандай әйел сый тартуға қуанбас,
Өзің тектес,өзің қандас,ұрандас?
Қажетсіз бе әлде отынның өшпеуі,
Мекермісің менмендігі суалмас?

Сен Ананың жанары үшін-лағыл жан,
Қалған сонау сылқым күндер-мамырдан.
Қартайғанда сен де сәуле көресің,
Жастығыңның терезесінде жағылған.

Өміріңді тағдырыңмен шектесең,
Бас тігейін,іссіз-тозсыз кетпесең!

***
Ысырапқор көзелім-ай,шашасың,
Еліресің,бар мұраңнан қашасың.
Сұлулықты сыйға бермес табиғат,
Табиғаттың қарызы ол-басы ашық.

Көзел-сараң,иеленіп,ептейсің,
Беретіңді бермейтін қып шектейсің.
Жасырасын қазынаны қисапсыз,
Бұлан тіпті байып тағы кетпейсің.

Өз пайдаңнан өзің болы,алдандың,
Қызырынан құр қалдың сен барлардың.
Ысырабыңа қайтіп есеп бересің,
Қатыгез шағы келгенінде жалғанның?

Іске аспаған болашақты кім көрер,
Бейнесі оның өзіңменен бірге өлер.

***
Уақыт нәзік шеберлікпен,ұрланып,
Ғажайып бір думан жасап,тұрды анық.
Көңілімізді көншіткеннің әммесін,
Уақыт өзі алып қашар зыр қағып.

Кідіріссіз сағат,күндер селі кеп,
Суық қысқа сұлу жазды телімек.
Жапырақ жоқ,ағаштарда нәр тоңып,
Ақ жамылған өлі жерде көріп ек.

Иісі аңқып раушан гүлдің арайлы,
Жазды еске сап өткен талайғы,
Ұшпа-тұтқын мынау ызғар,аязда,
Түрме-әйнектен жазды еске сап қарайды.

Гүл реңін жоғалтыпты баяғы,
Сұлулықтың жанын,бірақ жаяды.

***
Көктеміңді бөліп нәзік нұрларға,
Гүлдеріңді жиып алмай тұрғанда,
Байқағайсың,суық қолды сумаң қыс,
Бағыңа кеп,бөктірмесін қырманға.

Қазынаға қазына қосып,қайта алған,
Қазынаға ие жандайын бір майталман,
Өзіңе-өзің қуанасың келгенде,
Он есе ғып заңды түсім қайтарған.

Ұрпағыңмен қайталанып жүресің,
Сен өмірде он есе көп өмір сүресің,
Соңғы сағат соққан сәтте мақтанып,
Пәс өлімге паңдықпенен күлесің.

Тағдыр сыйын тартып мұнша келгесін,
Тек кәмелет сенімен бірге өлмесін.

***
Жатағынан басын алып лаулаған,
Таңға қарап,рауаңдап қаулаған,
Таңғажайып нұрға бүкіл дүние,
Бүкіл өмір бар сәлемін арнаған.

Толықсыған талма түстің шағында,
Ғарыштан тік нұр төгілген,жайылған.
Миллион көз бағып алтын күймені,
Миллион көз қуанышпен бағынған.

Аяқталып айналмалы сапары,
Қалжыраған күн дөңгелеп батады.
Алтын күйме құлдарының жанары,
Бөлек жаққа аударылып жатады.

Қалсын ұлың,жас шағың боп жар салсын,
Күні ертеңгі келер күнді қарсы алсын!

***
Сен-тәтті әуез,тәтті әуезге алайда,
Тамсанасың сырлы мұңмен қалайда.
Неге сонша ұнатасың,қайғыға,
Қуанышпен құшақ ашу жарай ма?

Жан азаптың жасырын сыры кімде екен?
Уайымға ұрыныпсың бір бөтен,
Байыппенен баялатқан дыбыстар,
Жалғыздықты жазғыратын үн бе екен?

Тыңдап көрші,шекті аспаптар түрленіп,
Қоңырлатты ғажайып бір үн беріп.
Шырқағандай әке-шеше,жеткіншек,
Жұбын жазбай баратқандай бірге еріп.

Аңғартады үн шек-пернеде өрілген,
Жалқы сапар тең екенін өліммен.

***

Шыныңды айтшы:cүйесің бе пендені?
Әркім құштар әсемдікке сендегі.
Жастығыңды ой -санасыз мерт етіп,
Жұрт біледі,бөсіп жүрсің көмгелі.

Өзің болып өз нәпсіңнің қас- жауы,
Күннен-күнге бір әлемет бастадың.
Мұраң болып қалған ісем шаңырақты,
Жаңартпастан жайбарақат тастадың.

Өзгер,түзел,мен де кешем өкпемді,
Жаулық емес,жылт махаббат -көктемді.
Өзіңе-өзің қайырымды,жомарт бол,
Әсем-ақсың,нәзіктігің жетпеулі.

Әзірге бар әсемдігің шынында,
Қайталансын,қалсын сүйкімді ұлыңда.

***
Ынтығым,махаббатым-ал бәрін,
Білесің бе,аз ғой бірақ алғаның.
Адам әлі махаббат деп атайтын,
Білесің бе,сенде мәңгі қалғанын.

Мендегінің бәрі сенде болғанын,
Досым менің ,айыптаман ол жағын.
Сыйламадың менің махаббатымды,
Мен өзің наздануым-сол,жаным.

Қайыршының қағып кеттің несібін,
Сүйкімді ұры,еттім біріақ кешірім.
Махаббаттың өкпе,назы ауыр ғой,
Ашық жанжал әлдеқайда тәуір ғой.

Қиянаты жақсылықтай жан еркем,
Өлтір,бірақ жауым болма және ертең!

______________ Ұқсас мақалалар ______________

Мақаланы достармен бөлісу.
Twitter Facebook Google Buzz Google Bookmarks Digg

2 пікір »

  • kazprose айтады:

    Sonetterdy kym audargan?

    [Жауап]

    grant жазған жауап:

    @kazprose,Х.Ерғалиев, М.Мақатаев

    [Жауап]

Пікіріңізді осында жазыңыз.

Өз пікіріңіз мен басқа да қосып-аларыңызды төмендегі орыннан жазып жібере аласыз. Сондай-ақ, пікірлерге RSS арқылы жазыла аласыз .

Егер мақалада қате кеткен жерлерді байқасаңыз, пікір жазып, қатені көрсетулеріңізді сұраймыз.

————————————————————————————————————————————