Басты бет » Featured, География, Әлем

Баян-Өлгей Аймағы — Бай Өлке

Автор: admin| 1 July 2010 Пікір жоқ

Баян-Өлгей аймағы, Бай өлкеБаян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.

Аймақтың таңбасы

Баян-Өлгей Аймағы 1940 жылы құрылған. Ауданы 45 705 км2 территорияны қамтиды. Құрамына 13 сум (сум– әкімшілік аудан) кіретін Бай Өлкенің әкімшілік орталығы Өлгей қаласы болады. Өлгей қаласының моңғолша атауы — Өлгий. Өлгей Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласынан батысқа қарай 1 700 шақырым қашықтықта таулы шатқалдан орын тепкен.

Географиялық орналасуы

Моңғол Алтай таулары

сурет: teaway.mn

Баян-Өлгей Аймағы солтүстік шығысында Увс аймағымен, шығысы мен оңтүстігінде Қобда аймағымен шекаралас жатыр. Солтүстіктегі шекарасы Ресеймен, ал оңтүстік пен оңтүстік батысындағы шекарасы Қытаймен шектесіп жатыр. Бай Өлке түгелдей дерлік Моңғол Алтай тауы аумағында (Алтай тауының оңтүстік шығыс бөлігі) орналасқан. Моңғолияның ең биік шыңы – Хэйтэн тауы (Хэйтэн уул) – осында. Оның биіктігі 4374 метрді құрайды. Азияның ірі өзендерінің бірі – Ертіс өзені – бастауын аталған таулы аймақтан алады.

Аймақтың халқы

Өлгей (Өлгий) қаласындағы халық саны — 29 000. Баян-Өлгей аймағы халқының саны, шамамен, 95 мың адамды құрайды. Халқының 90 пайызына жуығы қазақтар болатын аймақ Моңғолиядағы қазақтары ең көп аймақ болып табылады. Басқа ұлттардан тувалықтар, моңғолдардың дёрвуд этникалық тобы мен халха моңғолдар бар. Қазақтар көп болғандықтан да аймақтың негізгі тілі — қазақ тілі. Одан бөлек моңғол тілі де жалпыға бірдей ортақ тіл болып табылады.

Аймақтың экономикасы

Баян Өлгей аймағының негізгі шаруашылы — мал шаруашылығы. Аймақта 11 мың шамасында шаруашылық бар. Осыған қарамастан, Моңғолия бойынша мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы аймақтардың қатарына кіре алмайды. Мұндағы әр шаруашылыққа шаққандағы мал басы 133 басты құраған (2006 ж.). Ал Моңғолия бойынша орташа көрсеткіш ол уақытта 204 басты құрады.

2006 жылдың соңындағы деректер бойынша Баян-Өлгей аймағындағы мал басы саны 1 470 300-ге жеткен. Оның ішінде ешкі – 712 400, қой – 603 000, мүйізді ірі қара – 88 800, жылқы – 61 300, түйе – 4 300.

Жыл сайын ішкі және сыртқы рынокқа 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүнін, 300 мың данаға дейін әр түрлі малдың терісін өткізетін мал шаруашылығы аймақа халқының сұранысын қанағаттандыра алады.

Баян-Өлгейде табиғи құрылыс тастарын шығарып алатын орындар бар. Одан бөлек, вольфрам мен сирек кездесетінтүсті металдардың рудалары да бар.

Басқаруы мен әкімшілік аудандары

Бай Өлкедегі жергілікті өзін-өзі басқару органы — құрылтай (хурал). Хурал аймақтағы бюджеттік-қаржылық, әлеуметтік-экономикалық, білім-ғылым және мәдениетке қатысты заңдық актілерді қабылдайды, бір сөзбен айтқанда, аймақтың билігі хуралдың қарамағында.

Аймақтың басшысы Қазақстандағы облыс басшылары секілді биліктің тапсырмасымен қызмет етеді. Биліктің ресми өкілі болып саналады.

Бай Өлкенің аудандары

сурет: wikipedia.org

Баян-Өлгей аймағының сумдары (аудандары)

1) Алтай сумы

8.Ногооннуур сумы

2) Алтанцөгц сумы

9) Сагсай сумы

3) Баяннуур сум

10) Цагааннуур сум

4) Бугат сумы

11) Толбо сумы

5) Буган сумы

12) Улаанхус сумы

6) Буянт сумы

13) Цэнгэл сумы

7) Дэлүүн сумы
______________ Ұқсас мақалалар ______________

Мақаланы достармен бөлісу.
Twitter Facebook Google Buzz Google Bookmarks Digg

Пікіріңізді осында жазыңыз.

Өз пікіріңіз мен басқа да қосып-аларыңызды төмендегі орыннан жазып жібере аласыз. Сондай-ақ, пікірлерге RSS арқылы жазыла аласыз .

Егер мақалада қате кеткен жерлерді байқасаңыз, пікір жазып, қатені көрсетулеріңізді сұраймыз.

————————————————————————————————————————————