Саусақ бедері
Әлемге әйгілі сағат фирмасы басқа сағаттарға ұқсамайтын бір сағат жасап: «Бұл сағатты қолыңызға таққанда, әлемде оның сізде ғана бар екенін ойласаңыз, сол сіздің қуанышыңыз болмақ» деп жарнама берген болатын. Жарнаманың астындағы жүз млн. баға да оның өте маңыздылығы мен өзгешелігін айқындай түскендей.
Сіз де қазір өзіңізге ғана тән нәрсені көргіңіз келе ме? «Иә» десеңіз, қолыңыздағы бармақ ізіне қарасаңыз болғаны. Өйткені бармақтағы шеберлікті басқа ешқандай жандыда кездестіре алмайсыз.
Әр адамның бет-әлпетінің әрқалай болып келуімен қатар бармақтағы іздерінің де бір-біріне еш ұқсамауы – Адам алайхиссаламнан бері жаратылған қаншама миллиардтаған адамның түрі мен бармақ іздерін өз ғылымымен өрнектеген бір Жаратушының бар екеніне дәлел. Өйткені келген әрі келетіндердің бір-бірінен өзгеше болуы – шексіз бір құдіретті білдіреді.
Қазіргі таңда АҚШ-тың полиция архивтерінде 300 млн-нан аса адамдардың бармақ іздері сақталған. Бұлардың әрқайсысы өзгеге тән іздерге мүлдем ұқсамайды. Әрі сол үшін де қорғаныс ұйымының таптырмас көмегіне жарауда.
Бармақ іздері 19 ғасырда ғана белгілі болды. Ал бұл ақиқат осыдан 15 ғасыр бұран Құранда Қиямет сүресінің 3-4 аяттарында былайша керсетілген болатын:
«Адам, (шіріп кеткен барлық) сүйектерді -біз қайта бір жерге жиалмайды деп ойлай ма? Біз болсақ оны бармақ іздеріне дейін барлығы тұтастай қайтадан жаратуға күшіміз (құдыретіміз) жетеді».
Міне, бұл – Құранның-Аллаһ сөзі екеніне тағы бір бұлтартпас дәлел. Ендеше, адамның бармақ іздеріндегі шеберлікті түсінген адам ақиқатқа мойын бұрары сөзсіз.
Ақпарат көзі: Аңсар журналы







Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.
Ғажап екен
[Жауап]
Пікіріңізді осында жазыңыз.