Мәліметтер - Ағылшын тілін үйрену

Тұйғын
Бұл өзi — каршыға тұқымдасына жататын қыран құстардьң бipi. Тұйғын  жер шарыньң Антарктидадан басқа кұрлыктарының бәрінде кездеседі. Көбінесе орман-тоғайлы, бұталы тау бөктерлерлерінде мекендейді, Тұрқы 70—80 сантиметрдей, салмағы 500— 1100 грамм шамасында болады.

Қаршыға мен тұйғынның түр-түci, дене тұрқы түрліше болғанымен, олар өзара ұқсас. Яғни көздері сары шeгip, қанаттары қысқалау, құйрыктары ұзынша, саусақтары салалы, тұмсық, тырнақтары қара. Eкeyi де аспандамай,орман-тоғай,жақпар тастар арасында жер бауырлап,ұйытқып ұшуға бейім.Осындай және бұдан басқа да,ұқсастықтарына қарамастан олардың көк қаршыға,ақ тұйғын деген сияқты түстерінде елеулі айырмашылықтар бар.Сонымен қатар қаршығаға қарағанда тұйғын сәл ірілеу,әлділеу.

Ал халық арасында:”Күніне сан мың үйрек ілседағы -тұйғынның басы артық қаршығадан.”-деген сөз бар.

Ел аузында көп айтылып жүрген ақ тұйғын дегеніңіз-аппақ қардай,меңсіз,аса әдемі құс.Тұйғынның ақ түсті кір шалғандай болып көрінетін ақсұр түстері кездеседі.

Тұйғын ұясын ағаш басына,биік жартастардың кертештеріне салады,кейде өзі ұя жасамай-ақ қарға-құзғын сияқтылардың ескі ұясын ұясын пайдаланатын әдеті бар.

Тұйғын негізінен 3 жұмыртқа салады да,бір ай шамасында басып,балапан шығарады.

Құсбегілер тұйғынды қолға үйретіп,баулып,баптап,аң-құсқа салады. Аса мақтаулы ірі тұйғындар үйрек,қаз,ұлар,қырғауыл,құрлармен қатар,қоян қарсақ,кейде тіпті түлкіні де алады.

Ораза туралы
Оразаның артықшылығы

Оразаны араб тiлiнде  “صَوْمٌ” (соум) деп айтады. “الصَّوْمُ” (ораза) сөзiнiң тiлдiк мағынасы:  тартыну, тыйылу, ал шариғи мағынасы: құлшылық ниетiмен таң атқаннан күн батқанға  дейiн iшiп-жеуден, жыныс қатынастан тыйылу. Ораза һижраның екiншi жылы парыз  етiлген. укiмi: парыз ьайн.

“مَنْ قَامَ  رَمَضَانَ إِيمَاناً وَاحْتِسَاباً غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ  ذَنْبِهِ”

“Кiм Рамазан айының  оразасын шын иман және ықласпен ұстаса, оның бұрын iстелген күнәлары  кешiрiледi.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“إِنَّ فِي  الْجَنَّةِ بَاباً يُقَالُ لَهُ الرَيَّانُ، يَدْخُلُ مِنْهُ الصَّائِمُونَ يَوْمَ  الْقِيَامَةِ، لاَ يَدْخُلُ مِنْهُ أَحَدٌ غَيْرَهُمْ، يُقَالُ: أَيْنَ  الصَّائِمُونَ؟ فَيَقُومُونَ لاَ يَدْخُلُ مِنْهُ أَحَدٌ غَيْرَهُمْ فَإِذَا  دَخَلُوا أُغْلِقَ فَلَمْ يَدْخُلْ مِنْهُ أَحَدٌ”

“Жәннатта Раййан деп  аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкiм кiрмейдi. Қиямет  күнi: “Ораза ұстағандар қайда?”, – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол  қақпадан кiредi. Олар кiрiп болған соң ол жабылып, одан басқа ешкiм  кiрмейдi.”

Хадистi Сәһл ибн  Саьдтан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“مَنْ أَنْفَقَ  زَوْجَيْنِ فِي سَبِيلِ اللهِ عَزَّ وَجَلَّ نُودِيَ فِي الْجَنَّةِ: يَا عَبْدَ  اللهِ، هَذَا خَيْرٌ. فَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّلاَةِ دُعِيَ مِنْ بَابِ  الصَّلاَةِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الْجِهَادِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الْجِهَادِ،  وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّدَقَةِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الصَّدَقَةِ، وَمَنْ كَانَ  مِنْ أَهْلِ الصِّيَامِ دُعِيَ مِنْ بَابِ الرَّيَّانِ” فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ  رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: هَلْ عَلَى مَنْ دُعِيَ مِنْ هَذِهِ الأَبْوَابِ مِنْ  ضَرُورَةٍ فَهَلْ يُدْعَى أَحَدٌ مِنْ هَذِهِ الأَبْوَابِ كُلِّهَا؟ قَالَ:  “نَعَمْ، وَأَرْجُو أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ”

“Расулуллаһ  (с.ғ.с.): “Қиямет күнi Аллаһ Тағала жолына екi нәрсенi жұмсаған адамды жәннаттың  бiр есiгiнен: “Ей, Аллаһтың құлы! Бұл –жақсылық”, – деп шақырылады. Намаз  оқығанды “намаз” есiгiнен, Аллаһ Тағала жолында соғысқанды “жиһад” есiгiнен,  ораза ұстағандарды “Раййан” есiгiнен, ал садақа бергендердi “садақа” есiгiнен  шақырады”, – деп айтқан уақытта Әбу Бәкiр (р.л.ғ.): “Бұл есiктерден  шақырылғандарға не қам, не қайғы. Алайда, осы есiктiң барлығынан бiрдей  шақырылатын пенде бола ма?”, – деп сұрады. Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Иә, болады. Мен  Аллаһ Тағаладан Сiздi солардың бiрi болуыңызды тiлеймiн”, – деп жауап  бердi.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

عن أبي أمامة رضي  الله عنه قال: أَتَيْتُ رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم فَقُلْتُ: مُرْنِي  بِأَمْرِ آخِذُهُ عَنْكَ، قال: عَلَيْكَ بِالصِّيَامِ فَإِنَّهُ لاَ مِثَلَ  لَهُ”

“Мен Расулуллаһқа  (с.ғ.с.) барып: “Маған бiр амал бұйырыңыз. Мен сол амалды орындайын”, – деп  айтқанымда, Ол (с.ғ.с.): “Ораза ұста. Себебi, онымен тең келетiн амал жоқ” – деп  жауап бердi.”

Хадистi Әбу Умамадан  (р.л.ғ.) Имам Насаи риуаят еттi.

“مَا مِنْ عَبْدٍ  يَصُومُ يَوْماً فِي سَبِيلِ اللَّهِ إِلاَّ بَاعَدَ اللَّهُ بِذَلِكَ الْيَوْمِ  وَجْهَهُ عَنِ النَّارِ سَبْعِينَ خَرِيفاً”

“Қайсы бiр пенде  Аллаһ Тағала жолында бiр күн ораза ұстаса, Аллаһ Тағала сол күн үшiн оның жүзiн  тозақ отынан жетпiс жылға ұзақ етедi.”

Хадистi Әбу Саьид  Әл-Худриден (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“إِذَا جَاءَ  رَمَضَانُ، فُتِّحَتْ أَبْوَابُ الْجَنَّةِ، وَغُلِّقَتْ أَبْوَابُ النَّارِ،  وَصُفِّدَتِ الشَّيَاطِينُ”

“Рамазан келгенде  жәннаттың есiгi ашылып, тозақ есiгi жабылады, шайтандар кiсенделедi.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари Имам Муслим риуаят еттi.

“قَالَ الله عَزَّ  وَجَلَّ: كُلُّ عَمَلٍ ابْنِ آدَمَ لَهُ إِلاَّ الصَّيَامَ فَإِنَّهُ لِي وَأَنَا  أَجْزِي بِهِ، وَالصِّيَامُ جُنَّةٌ، وَإِذَا كَانَ يَوْمَ صَوْمٍ أَحُدُكُمْ فَلاَ  يَرْفُثْ وَلاَ يَصْخبْ، وَإِنْ سَابَهُ أَوْ شَاتَمَهُ أَحَدٌ فَلْيَقُلْ إِنِّي  امْرُؤٌ صَائِمٌ، وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ لَخُلُوفُ فَمِ الصَّائِمِ  أَطْيَبُ عَنِ الله مِنْ رِيحٍ الْمِسْكِ، لِلصَّائِمِ فَرْحَتَانِ يفرح بهما:  إِذَا أَفْطَرَ فَرِحَ، وَإِذَا لَقِيَ رَبَّهُ فَرِحَ بِصَوْمِهِ”‏

“Жаратқан Ие айтады:  “Адам баласының барлық амалы өзi үшiн. Тек ораза Мен үшiн. Мен Оразаның есесiн  беремiн. Ораза – тозақ отынан қалқан. Сендерден кiмде-кiм ораза ұстаса, жаман  сөз айтпасын, дауласпасын. Егер бiреу балағаттаса немесе жанжалдасса, ол: “Мен  оразамын” – десiн. Мухаммадтың (с.ғ.с.) жаны билiгiнде болған Аллаһ Тағаламен  ант етемiн! Аллаһ Тағала қасында оразашының ауызының иiсi мисктiң иiсiнен артық.  Ораза ұстағанға екi шаттық бар. Бiрi – ауыз ашқанда қуанады, екiншiсi –  Раббысының алдында тұрған уақытта ораза ұстағанына қуанады.”

Түсiнiктеме:  “…мисктiң иiсiнен…” – “миск”, – хош иiстi зат.

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Ахмад, Имам Малик және Имам  Насаи риуаят еттi.

Оразада жаман сөз  айтудан және жаман iстен тыйылу

“إِذَا كَانَ يَوْمُ  صَوْمِ أَحَدِكُمْ، فَلاَ يَرْفُثْ وَلاَ يَصْخَبْ، فَإْنْ سَابَّهُ أَحَدٌ أَوْ  قَاتَلَهُ فَلْيَقُلْ، إِنِّي صَائِمٌ”

“Сiздерден бiрiңiз  ораза ұстаса жаман сөз айтпасын, дауласпасын! Оны бiреу балағаттаса немесе  дауласса, ол: “Мен оразамын”, – деп айтсын.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“مَنْ لَمْ يَدَعْ  قَوْلَ الزُّورِ وَالْعَمَلَ بِهِ فَلَيْسَ للهِ حَاجَةً فِي أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ  وَشَرَابَهُ”

“Кiм жалған айтудан  және жалғандыққа барудан тыйылмаса, Аллаһ Тағала оның iшпей-жемей жүргенiн қажет  етпейдi.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.)Имам Бухари риуаят еттi.

Сәресi iшудiң  артықшылығы

“تَسَحَّرُوا،  فَإِنَّ فِي السُّحُورِ بَرَكَةً”

“Сәресiнi iшiңiздер,  өйткенi сәресiде береке бар.”

Хадистi Әнас ибн  Маликтен (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“فَصْلُ مَا بَيْنَ  صِيَامِنَا وَصِيَامِ أَهْلِ الْكِتَابِ أَكْلَةُ السَّحَرِ”

“Бiз бен Китабилер  (Таурат, Забур, Iнжiл иелерiнiң) оразаларындағы айырмашылық – сәресi  iшу.”

Хадистi Ьамр ибн  Ьастан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

Ауыз ашуға асығудың  артықшылығы

عن أبي عطية قال:  دَخَلْتُ أَنَا وَمَسْرُوقٌ عَلَى عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنها فَقَالَ لَهَا  مَسْرُوقٌ: رَجُلاَنِ مِنْ أَصْحَابِ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللَّهُ عَلَيهِ وَسَلَّم  كِلاَهُمَا لاَ يَأْلُو عَنِ الْخَيْرِ: أَحَدُهُمَا يُعَجِّلُ الْمَغْرِبَ  وَالإِفْطَارَ، وَالآخَرُ يُؤَخِّرُ الْمَغْرِبَ وَالإِفْطَارَ. فَقَالَتْ: مَنْ  يُعَجِّلُ الْمَغْرِبَ وَالإِفْطَارَ؟ قال: عَبْدُ اللَّهِ (يَعْنِي ابْنُ  مَسْعُودٍ) فَقَالَتْ: هَكَذَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيهِ  وَسَلَّم يَصْنَعُ”

“Мен және Масрұқ  (р.л.ғ.) екеумiз Айшаға (р.л.ғ.) кiрдiк. Масрұқ (р.л.ғ.): “Расулуллаһ (с.ғ.с.)  сахабаларынан екi кiсi жақсы iске алаңдайды. Олардың бiрi шам намазы мен ауыз  ашуға асықса, екiншiсi шам намазы мен ауыз ашуды кешiктiредi”, – деп айтқанда  Айша (р.л.ғ.): “Шам намазы мен ауыз ашуға асығатын кiм?” – деп  сұрады.

Абдуллаһ ибн Масьуд  (р.л.ғ.)

Расулуллаһ (с.ғ.с.)  та солай iстейтiн.”

Хадистi Әбу  Ьатыйадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

“قال اللهُ‏ ‏عَزَّ  وَجَلَّ: أَحَبُّ عِبَادِي إِلَيَّ أَعْجَلُهُمْ فِطْراً”

“Аллаһ Тағала:  “Құлдарымның iшiнде Мен үшiн ең сүйiктiлерi – ауыз ашуға асығатындары”, – деп  айтады.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

“إِذَا أَقْبَلَ  اللَّيْلُ مِنْ هَهُنَا وَأَدْبَرَ النَّهَارُ مِنْ هَهُنَا وَغَرَبَتِ الشَّمْسُ  فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ”

“Мына жақтан түн  келiп, мына жақтан күн батса, ораза ұстаушының ауызы ашылады.”

Хадистi Омар ибн  Хаттабтан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“لاَ يَزَالُ  النَّاسُ بِخَيْرٍ مَا عَجَّلُوا الْفِطْرَ. عَجِّلُوا الْفِطْرَ، فَإِنَّ  الْيَهُودِ يُؤَخِّرُونَ”

“Адамдардың ауыз  ашуды кешiктiрмеумен амандыққа кенелуi жалғасады. Ауыз ашуды кешiктiрмеңдер!  Себебi, яһудилер ауыз ашуды кешiктiретiн едi.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Ибн Мажәһ риуаят еттi.

“سِرْنَا مَعَ  رَسُولِ اللهُ صلى الله عليه وسلم وَهُوَ صَائِمٌ، فَلَمَّا غَرَبَتِ الشَّمْسُ  قَالَ: “يَا بِلاَلُ، انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا”. قَالَ: يَارَسُولَ الله، لَوْ  أَمْسَيْتَ. قَالَ: “انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا”. قَالَ: يَا رَسُولَ اللهِ، إِنَّ  عَلَيْكَ نَهَاراً. قَالَ: “انْزِلْ فَاجْدَحْ لَنَا”. فَنَزَلَ، فَجَدَحَ،  فَشَرِبَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم ثُمَّ قَالَ: إِذَا رَأَيْتُمُ  اللَّيْلَ قَدْ أَقْبَلَ مِنْ هَهُنَا فَقَدْ أَفْطَرَ الصَّائِمُ” وَأَشَارَ  بِإِصْبَعِهِ قِبَلَ الْمَشْرِقِ”

“Бiз Расулуллаһпен  (с.ғ.с.) бiрге сапарда едiк. Күн батқаннан кейiн Расулуллаһ (с.ғ.с.) Биләлға  (р.л.ғ.): “Ей, Биләл (р.л.ғ.)! Түсiп бiзге тамақ әзiрле”, – деп айтқанда, Биләл  (р.л.ғ.): “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Қараңғы болуын күтпейсiз бе?”, – деп жауап  бердi.

Түсiп бiзге тамақ  әзiрле.

Я, Расулуллаһ  (с.ғ.с.)! Сiз күнi бойы ораза ұстамайсыз ба?

Түсiп бiзге тамақ  әзiрле.

Осыдан соң Биләл  (р.л.ғ.) түсiп тамақ әзiрледi. Расулуллаһ (с.ғ.с.) оны iштi, кейiн шығыс жақты  саусағымен көрсетiп: “Мына жақтан түннiң келгенiн көрсеңдер, ораза ұстаушы  ауызын ашатын уақыт болғаны”, – деп айтты.”

Хадистi Абдуллаһ ибн  Әбу Ауфадан (р.л.ғ.) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Әбу Дауд риуаят  еттi.

Ораза ұстаған адам  оразасын немен ашады?

“إِذَا أَفْطَرَ  أَحَدُكُمْ فَلْيُفْطِرْ عَلَى تَمْرٍ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ فَلْيُفْطِرْ عَلَى  مَاءٍ فَإِنَّهُ طُهُورٌ”

“Кiмде-кiм ауыз  ашса, құрмамен ашсын! Құрма таппаса, сумен ашсын, өйткенi су пәк  нәрсе.”

Хадистi Салман ибн  Ьамирден (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еттi.

“إِذَا أَفطَرَ  أَحَدُكُمْ، فَلْيُفْطِرْ عَلَى تَمْرٍ، فَإِنَّهُ بَرَكَةٌ، فَإِنْ لَمْ يَجِدْ  تَمْراً، فَالْمَاءُ، فَإِنَّهُ طَهُورٌ”

“Сендерден кiмде-кiм  ауыз ашса, құрмамен ашсын. өйткенi, құрмада береке бар. Құрма таппаса, сумен  ашсын, өйткенi су пәк нәрсе.”

Хадистi Салман ибн  Ьамирден (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еттi.

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صلى الله عليه وسلم يُفْطِرُ عَلَى رُطَبَاتٍ قَبْلَ أَنْ يُصَلِّي، فَإِنْ لَمْ  تكُنْ رُطَبَاتٌ، فَعَلَى تَمَرَاتٍ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ حَسَا حَسَواتٍ مِنْ  مَاءٍ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  үнемi намаз оқудан алдын аузын жаңа үзiлген құрмамен ашатын. Жаңа үзiлген құрма  болмаса, кептiрiлген құрмамен ашатын. Ол да болмаса, бiрнеше ұрттам су  iшетiн.”

Хадистi Әнас ибн  Маликтен (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еттi.

Ифтар (ауызашар)  жасаудың артықшылығы

“مَنْ فَطَّرَ  صَائِماً كَانَ لَهُ مِثْلَ أَجْرِهِ غَيْرَ أَنَّهُ لاَ يَنْقُصُ مِنْ أَجْرِ  الصَّائِمِ شَيْئاً”

“Ораза ұстағанды  тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрi ораза ұстаушының  сауабы кемсiтiлмейдi.”

Хадистi Зайд ибн  ХӘлид Әл-Жүһаниден (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

“عن أُمِّ عَمَارَةَ  ابْنَةِ كَعبٍ الأَنصارِيَةَ: ” أَنَّ النَّبيَّ صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ  دَخَلَ عَلَيْهَا فَقَدَّمَتْ إِلَيْهِ طَعَاماً، فَقَالَ: “كُلِي” فَقَالَتْ:  إِنِّي صَائِمَةٌ، فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “إِنَّ  الصَّائِمَ تُصَلِّي عَلَيْهِ الْمَلاَئِكَةُ إِذَا أُكِلَ عِنْدَهُ حَتَّى  يَفْرُغُوا”

“Нәби (с.ғ.с.) Умму  Ьамараға (р.л.ғ.) кiргенiнде, ол Нәбиге (с.ғ.с.) тамақ ұсынды. Нәби (с.ғ.с.):  “Сен де алып же”, – деп айтқанында Умму Ьамара (р.л.ғ.): “Мен оразамын”, –  дедi.

- Расында, ораза  ұстағанның қолынан бiреулер тамақтанып жатқан уақытта, перiштелер ораза ұстаған  адамға игiлiк тiлеп тұрады.”

Хадистi Умму Ьумара  Әл-Ансариден (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

Оразада ұмытып  жеу

“إِذَا نَسِيَ  أَحَدُكُمْ فَأَكَلَ أَوْ شَرِبَ فَلْيَتِمَّ صَوْمَهُ، فَإِنَّمَا أَطْعَمَهُ  اللهُ وَسَقَاهُ”

“Сендерден кiмде-кiм  оразада ұмытып iшiп-жеп қойса, оны Аллаһ Тағала тамақтандырып, сусындатқаны. Ол  адам оразасын толықтырсын.”

Түсiнiктеме:  “…оразасын толықтырсын…” – шариғат бойынша төмендегiдей жағдайда ораза  бұзылмайды:

µмытып iшiп, жеу.  Бұл жағдайда ораза екенi еске түскеннен iшiп, жеуден тиылу керек;

Әлсiрететiндей  мөлшерде қан алдыру. АнӘлиз үшiн қан алдырту оразаны бұзбайды;

Ерiксiз тамағына  түтiн, тозаң, шыбын кiру.

Бой дәретсiз таң  аттыру. Мысалы, ерлi-зайыптылар жыныс қатынасынан кейiн;

Түкiрiк  жұту;

Тiстiң арасындағы  көлемi бұршақтан кiшкентай нәрсенi жұту;

µйықтап жатып  ихтилам болу.

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“عن عائِشةَ وأُمُّ  سَلَمَةَ زَوْجَا النَّبيِّ صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، أَنَّ النَّبِيَّ  صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يُدْرِكُهُ الْفَجْرُ وَهُوَ جُنُبٌ مِنْ  أَهْلِهِ، ثُمَّ يَغْتَسِلُ فَيَصُومُ”

“Нәби (с.ғ.с.) бойы  дәретсiз халде таң аттырса шомылатын, кейiн ауыз бекiтетiн.”

Түсiнiктеме: Бойы  дәретсiз халде таң аттырған адам, сәресi iшкенге уақыты аз болған жағдайда,  алдымен сәресi iшiп, кейiн шомылып ауыз бекiтсе болады.

Хадистi Айша  (р.л.ғ.) және Умму Сәләма анамыздан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят  еттi.

Рамазан айының соңғы  он күннiң қасиеттiлiгi

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صَلَّى اللهِ عليه وسلم إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ أَحْيَا اللَّيْلَ، وَأَيْقَظَ  أَهْلَهُ، وَشَدَّ الْمُؤْزَرَ”

“Рамазан айының  соңғы он күндiгi кiргенде Расулуллаһ (с.ғ.с.) түнi бойы намаз оқитын, отбасын  оятып, құлшылыққа ерекше ыждағаттылық бiлдiретiн.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“عن عائشة رَضِيَ  اللَّهُ عَنها قالت: كَانَ رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يُجَاوِرُ  فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ وَيَقُولُ: “تَحَرَّوْا لَيْلَةَ  الْقَدْرِ فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  Рамазанның соңғы он күндiгiнде мешiтте өткiзiп: “Қадыр түнiн Рамазан айының  соңғы он күндiгiнен iздеңдер”, – деп айтатын.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يَجْتَهِدُ فِي رَمَضَانَ مَا لاَ يَجْتَهِدُ فِي  غَيْرِهِ، وَفِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْهُ مَا لاَ يَجْتَهِدُ فِي  غَيْرِهِ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  айлардың iшiнде Рамазан айында, әрi Рамазан айының соңғы он күндiгiнде  құлшылыққа ерекше ыждағаттылық бiлдiретiн.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

Қадыр түнiнiң  артықшылығы

Дiнiмiзде қасиеттi  саналған күндер бар. Мысалы, екi айт күндерi, жұманың күндiзi мен  түнi.

Рамазан айының  күндiзi және түнi қасиеттi болып есептеледi. Рамазанның iшiнде, әсiресе соңғы он  күндiгi ерекше қасиетке ие. өйткенi, бұл кештерде адам баласының бiр жылдық  тағдыры белгiленетiн Қадыр түнi бар. Қадыр түнiнде Аллаһ Тағала дүние аспанына  Қасиеттi Құран Кәримдi түсiрген.

Қадыр түнiнде Қыдыр  атаны күтемiз деудiң ешқандай дiни негiзi жоқ. Бұл аңыз. Мұсылмандар бiреудi  күтiп емес, аятта бұйырылған ғибаттарын жасап сауап үмiтiмен өткiзгендерi  дұрыс.

Қадыр түнi Аллаһ  Тағаланың разылығы үшiн жасалған әрбiр халал iс – құлшылық болып есептеледi.  Бiлiм iздену, намаз, Құран оқу, сабаққа дайындалу, осының барлығы халал,  құлшылық.

“مَنْ قَامَ  رَمَضَانَ إِيمَانا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ وَمَنْ  قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ  ذَنْبِهِ”

“Кiм Рамазан айының  оразасын шын иман және ықласпен ұстаса, әрi Қадыр түнiн шын иман және сауап  үмiтiмен өткiзсе оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi.”

Хадистi Әбә  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Насаи риуаят еттi.

“عَنِ ابْنِ عُمَرَ  رَضِيَ اللهُ عَنْهما، أَنَّ رِجَالاً مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صلى الله عليه  وسلم أُرُوا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْمَنَامِ. فِي السَّبْعِ الأَوَاخِرِ.  فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم: “أَرَى رُؤْيَاكُمْ قَدْ تَوَاطَأَتْ  فِي السَّبْعِ الأَوَاخِرِ. فَمَنْ كَانَ مُتَحَرِّيَهَا، فَلْيَتَحَرِّهَا فِي  السَّبْعِ الأَوَاخِرِ”

“Сахабалардың бiр  тобына түстерiнде Қадыр түнi көрсетiлiп, ол Рамазан айының соңғы жетi түннiң  бiрiнде болатыны аят етiлгеннен кейiн Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Мен сендердiң  көргендерiң Рамазан айының соңғы жетi түнiнде ұштасатынын көрiп тұрмын.  Сондықтан, Қадыр түнiн iздеген адам, оны Рамазан айының соңғы жетi күнiнен  iздесiн”, – деп айтты.”

Хадистi Ибн Омардан  (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“عن عائشة رَضِيَ  اللَّهُ عَنها قالت: كَانَ رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يُجَاوِرُ  فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ وَيَقُولُ: “تَحَرَّوْا لَيْلَةَ  الْقَدْرِ فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  Рамазанның соңғы он күндiгiнде мешiтте өткiзiп: “Қадыр түнiн Рамазан айының  соңғы он күндiгiнен iздеңдер”, – деп айтатын.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يَجْتَهِدُ فِي رَمَضَانَ مَا لاَ يَجْتَهِدُ فِي  غَيْرِهِ، وَفِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْهُ مَا لاَ يَجْتَهِدُ فِي  غَيْرِهِ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  айлардың iшiнде Рамазан айында, әрi Рамазан айының соңғы он күндiгiнде  құлшылыққа ерекше ыждағаттылық бiлдiретiн.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

Қадыр түнi оқылатын  дұға

“عَن عَائِشَةَ  قَالَتْ:”قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللهِ! أَرَأَيْتَ إِنْ عَلِمْتُ أَيَّ لَيْلَةٍ  لَيْلَةُ الْقَّدْرِ مَا أَقُولُ فِيهَا؟ قَالَ: “قُولِي: اللَّهُمَّ إِنَّكَ  عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ، فَاعْفُ عَنِّي”

“Мен: “Я, Расулуллаһ  (с.ғ.с.)! Мен Қадыр түнi болғанын бiлсем, не деп айтамын?”, – деп сұрағанымда,  Ол (с.ғ.с.): “Я, Тәңiрiм! Сен кешiрiмдiсiң және кешiргендi жақсы көресiң. Менi  ғафу ет!”, – деп тiле”, – дедi.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

Иьтикәф

Иьтикәф сөзiнiң  тiлдiк мағынасы – бiр iске бiлек түрiп кiрiсу, оған шынайы берiлу. Шарғи  мағынасы – белгiлi бiр уақытта бес уақыт намаз жамағатпен оқылатын мешiтте  ғибадат ниетiмен болу. Әйел кiсiлердiң иьтикәф орны – үйi.

Рамазан айының соңғы  он күнiнде иьтикәф ету – сүннәт. Пайғамбарымыз с.ғ.с. әр жылда Рамазан айының  соңғы он күнiн мешiтте иьтикәфта өткiзген. Иьтикәфты тек Рамазан айында ғана  емес, он екi айдың кезкелген уақытта орындаса болады. Иьтикәфтағы мақсат – Аллаһ  Тағаламен оңаша қалып, Оған құлшылығын орындау. Ораза бола тұрып иьтикәфта болу  – амалдардың сұлтаны.

Иьтикәфта болған  адамға:

1. Басқа мешiтте  намазын оқу үшiн.

2. Дәрет сындыру  үшiн.

3. Мешiтте қалу  қауiпты болса.

4. Мешiтте  жамағатпен бес уақыт намаз оқу тоқтатылған жағдайда – мешiттен шығуға болады.  Себепсiз, аз уақытқа болса да мешiттен шығу, әйелiмен жыныстық қатынас жасау –  иьтикәфты бұзады.

Сонымен қатар,  Иьтикәфта болған адам: iшедi, жейдi, ұйықтайды, қажет болған жағдайда тиiстi  орынға барып жуынып-шайынады, қырынады. Тек жақсы сөз айтады.

Ең сауапты Иьтикәф  үш мешiтте болады. Ол: Мекке, Иерусалимдегi Ақса және Мадинадағы  Пайғамбарымыздың с.ғ.с. мешiттерiндегi иьтикәф.

“عن ابنِ عُمَرَ:  أَنَّ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم كَانَ يَعْتَكِفُ الْعَشْرَ الأَوَاخِرَ مِنْ  رَمَضَانَ”

“Нәби (с.ғ.с.)  Рамазанның соңғы он күндiгiнде мешiттен шықпайтын.”

Хадистi Ибн Омардан  (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“كَانَ النَّبِيُّ  صلى الله عليه وسلم يَعْتَكِفُ كُلَّ رَمَضَانَ عَشْرَةَ أَيَّامٍ، فَلَمَّا كَانَ  الْعَامُ الَّذِي قُبِضَ فِيهِ اعْتَكَفَ عِشْرِينَ يَوْماً”

“Нәби (с.ғ.с.) әр  жылы Рамазан айында он күн бойы иьтикәфта болып, соңғы жылы иьтикәфта жиырма күн  болды.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари риуаят еттi.

Сүннәт және нәфiл  ораза кiтабы

Сүннәт және мустахаб  оразаның артықшылығы

Шәуәл айының  оразасы

“مَنْ صَامَ  رَمَضَانَ ثُمَّ أَتْبَعَهُ سِتًّا مِنْ شَوَّالٍ، كَانَ كَصِيَامِ  الدَّهْرِ”

“Кiм Рамазан  оразасын ұстап, кейiн Шәуәл айынан алты күндi қосып жiберсе, ол бiр жыл бойы  ораза ұстағандай болады.”

Хадистi Әбу АйЮбтан  (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

Мухаррам айының  оразасы

‏”أَفْضَلُ  الصِّيَامِ بَعْدَ شَهْرِ رَمَضَانَ شَهْرُ اللهِ الْمُحَرَّمُ وَأَفْضَلُ  الصَّلاَةِ بَعْدَ الْفَرِيضَةِ صَلاةُ اللَّيْلِ”

“Рамазан оразасынан  кейiн оразаның абзалы – Аллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан  кейiн ең абзал намаз – түнгi (тәһәжжуд) намаз.

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Муслим және Имам Тирмизи риуаят еттi.

“عن ابن عباس رَضِيَ  اللهُ عَنهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم صَامَ يَوْمَ  عَاشُورَاءَ وَأَمَرَ بِصِيَامِهِ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  Ашура (Мухаррам айының 10 күнi) оразасын ұстап, оны өзгелерге де  бұйырды.”

Хадистi Ибн Аббастан  (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“سُئِلَ رسول اللهِ  صلى الله عليه وسلم عَنْ صَوْمِ يَوْمِ عَرَفَةَ؟ فَقَالَ: “يُكَفِّرُ السَّنَةَ  الْمَاضِيَةَ وَالْبَاقِيَةَ” قَالَ: وَسُئِلَ عَنْ صَوْمِ يَوْمِ عَاشُورَاءَ؟  فَقَالَ: “يُكَفِّرُ السَّنَةَ الْمَاضِيَةَ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  Арапа күнi ораза ұстаудың қасиеттiлiгi жайында сұралғанда: “өткен жыл мен келер  жылдың күнәсiн жуып-шаяды”, – деп жауап бердi. Кейiн Мухаррам айының оныншы  күнiнде ораза ұстаудың қасиеттiлiгi жайында сұралғанда: “өткен жылдың күнәларын  жуып-шаяды”, – деп жауап бердi.”

Хадистi Омардан  (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

“قَدِمَ رَسُولُ  اللهِ صلى الله عليه وسلم الْمَدِينَةَ. فَوَجَدَ الْيَهُودَ يَصُومُونَ يَوْمَ  عَاشُورَاءَ. فَسُئِلُوا عَنْ ذَلِكَ؟ فَقَالُوا: هَذَا الْيَوْمُ الَّذِي أَظْهَرَ  اللهُ فِيهِ مُوسَى وَبَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىَ فِرْعَوْنَ. فَنَحْنُ نَصُومُهُ  تَعْظِيماً لَهُ. فَقَالَ النَّبِيُّ صلى الله عليه وسلم: “نَحْنُ أَحَقُّ بِمُوسَى  مِنْكُمْ” فَأَمَرَ بِصَوْمِهِ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  Мәдинаға һижрат етiп келгеннен кейiн, ондағы яһудилердiң Мухаррам айының оныншы  күнi ораза ұстайтынын байқады. Яһудилер бұл жайында сұралғанда: “Бұл – Аллаһ  Тағала Мұса ғ.с. мен Исраил (Яғқұб ғ.с.) ұрпақтарын Перғауынның  зорлық-зомбылығынан құтқарған күн. Бiз осының құрметiне ораза ұстаймыз”, – деп  айтқанда Нәби (с.ғ.с.): “Мұсаға ғ.с. олардан гөрi бiз жақынбыз”, – деп Мухаррам  айының оныншы күнi ораза ұстауды бұйырды.”

Хадистi Ибн Аббастан  (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

“كَانَتْ قُرَيْشٌ  تَصُومُ عَاشُورَاءَ فِي الْجَاهِلِيَّةِ. وَكَانَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه  وسلم يَصُومُهُ. فَلَمَّا هَاجَرَ إِلَى الْمَدِينَةِ، صَامَهُ وَأَمَرَ  بِصِيَامِهِ. فَلَمَّا فُرِضَ شَهْرُ رَمَضَانَ قَالَ: “مَنْ شَاءَ صَامَهُ، وَمَنْ  شَاءَ تَرَكَهُ”

“Жәһилийат дәуiрiнде  (Исламнан бұрын) Құрайш қабиласы Мухаррам айының оныншы күнi ораза ұстайтын.  Расулуллаһ (с.ғ.с.) та бұл оразаны ұстайтын. Мәдинаға һижрат еткеннен (қоныс  аударғаннан) кейiн бұл оразаны өзi (с.ғ.с.) ұстап, оны басқаларға да бұйырды.  Рамазан айында ораза ұстау парыз етiлгеннен кейiн: “Қалаған адам Мухаррам айының  оныншы күнi ораза ұстасын, қаламаса ұстамасын”, – деп айтты.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

Дүйсенбi және  бейсенбi күннiң оразасы

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يَتَحَرَّى صَوْمَ الإِثْنَيْنِ  وَالْخَمِيسِ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  ұдайы дүйсенбi және бейсенбi күннiң оразасын ұстайтын.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

عن أبي قتادة رَضِيَ  اللهُ عَنهُ: أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم سُئِلَ عَنْ  صَوْمِ يَوْمِ الإِثْنَيْنِ فَقَالَ: “ذَلِكَ يَوْمٌ وُلِدْتُ فِيهِ، وَيَوْمٌ  بُعِثْتُ، أَوْ أُنْزِلَ عَلَيَّ فِيهِ”

“Пайғамбарымыздан  (с.ғ.с.) дүйсенбi күннiң оразасы жайында сұралғанда: “Ол күнi Мен туылдым, сол  күнi Мен пайғамбар болдым және сол күнi Маған алғаш уахи келе бастады” – деп  жауап бердi.”

Хадистi Әбу  Қатададан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

“تُعْرَضُ  الأَعْمَالُ يَوْمَ الإِثْنَيْنِ وَالْخَمِيسِ، فَأُحِبُّ أَنْ يُعْرَضَ عَمَلِي  وَأَنَا صَائِمٌ”

“Дүйсенбi мен  бейсенбi күндерi адам баласының амалдары аспанға көтерiледi. Мен амалымның  оразамен көтерiлгенiн қалаймын.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи және Имам Муслим риуаят еттi.

Ай сайын үш күн  ораза ұстау

“أَوْصَانِي خَلِيلِي  صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم بِثَلاَثٍ: صِيَامِ ثَلاَثَةِ أَيَّامٍ مِنْ كُلِّ  شَهْرٍ، وَرَكْعَتَيْ الضُّحَى وَأَنْ أُوتِرُ قَبْلَ أَنْ أَنَامَ”

“Менiң сүйiктi досым  (яғни, Пайғамбар (с.ғ.с.) маған әр айдың үш күнiнде ораза ұстауды, зұха намазын  оқуды және ұйықтар алдында үтiр намазын оқуды өсиет еттi.”

Хадистi Әбу  һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“أَوْصَانِي حَبِيبِي  صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم بِثَلاَثٍ لَنْ أَدَعَهُنَّ مَا عِشْتُ: بِصِيَامِ  ثَلاَثَةِ أَيَّامٍ مِنْ كُلِّ شَهْرٍ، وَصَلاَةِ الضُّحَى، وَبِأَنْ لاَ أَنَامَ  حَتَّى أُوتِرَ”

“Менiң сүйiктi  Пайғамбарым (с.ғ.с.) маған үш нәрсенi өсиет еттi, тiрi тұрсам оларды қоймаймын:  әр айдың үш күнiнде ораза ұстауды, зұха намазын оқуды және үтiр намазын оқымай  ұйықтамауды.”

Хадистi Әбу  Әд-Дарда”удан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

“قَالَ أُخْبِرَ  رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنِّي أَقُولُ: وَاللهِ  لأَصُومَنَّ النَّهَارَ وَلأَقُومَنَّ اللَّيْلَ مَا عِشْتُ: فَقَالَ رَسُولُ اللهِ  صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “أَنْتَ الَّذِي تَقُولُ ذَلِكَ؟” فَقُلْتُ  لَهُ: قَدْ قُلْتُهُ بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي يا رسول الله، قَالَ: “فَإِنَّكَ لاَ  تَسْتَطِيعُ ذَلِكَ، فَصُمْ وَأَفْطِرْ، وَنَمْ وَقُمْ، وَصُمْ مِنْ الشَّهْرِ  ثَلاَثَةَ أَيَّامٍ فَإِنَّ الْحَسَنَةَ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا، وَذَلِكَ مِثْلُ  صِيَامِ الدَّهْرِ” قُلْتُ: إِنِّي أُطِيقُ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ، قَالَ: “فَصُمْ  يَوْمًا وَأَفْطِرْ يَوْمَيْنِ” قُلْتُ: إِنِّي أُطِيقُ أَفْضَلَ مِنْ ذَلِكَ،  قَالَ: “فَصُمْ يَوْمًا وَأَفْطِرْ يَوْمًا، فَذَلِكَ صِيَامُ دَاوُدَ عَلَيْهِ  السَّلاَم، وَهُوَ أَفْضَلُ الصِّيَامِ”

“Мен Расулуллаһқа  (с.ғ.с.): “Аллаһ Тағаламен ант етемiн, қанша өмiрiм болса соның күндiзiнде ораза  ұстап, түнiн намаз оқумен өткiзетiн боламын!”, – деп айтқанымның хабары жеткенде  Ол (с.ғ.с.) менен: “Осы сөздi сен айттың ба?”, – деп сұрады. Мен: “Я, Расулуллаһ  (с.ғ.с.)! Ата-анам сiз үшiн құрбан болсын, иә, айттым”, – дедiм.

Сенiң оған шамаң  жетпейдi. Сондықтанда, бiрде ораза ұстасаң, бiрде ауызыңды аш. Түнде бiрде намаз  оқысаң, бiрде жатып ұйықта. Әр айдың үш күнiнде ораза ұстасаң да жеткiлiктi. Ол  үшiн он есе артық сауап берiлiп, жыл бойы ораза ұстағанмен тең  боласың.

Менiң шамам одан  артығына жетедi.

Ондай болса күнара  ораза ұста. Бұл Дауд ғ.с. пайғамбардың оразасы. Нәфiл (яғни, парыз оразадан тыс,  парыз оразаға қосымша) оразалардың iшiндегi бұл ең абзалы.”

Түсiнiктеме:  Адамдардың арасында: “Рамазан айының басында үш күн, ортасында үш күн, кейiн  соңында үш күн ораза ұстаса болады екен”, – деген сөз бар. Бұл сөздiң ешбiр  негiзi жоқ, себебi, Рамазан айында отыз күн бойы ораза ұстау – парыз. Адамдар  көбiнесе жоғарыдағы хадистегi үш күндiк нәфiл оразаны Рамазан айының оразасымен  шатастырады. Ал, негiзiнде хадистен көрiнiп тұрғанындай үш күндiк нәфiл оразаның  Рамазан айының оразасына ешбiр қатысы жоқ.

Хадистi Абдуллаһ ибн  Ьамрден (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“صَوْمُ ثَلاَثَةِ  أَيَّامٍ مِنْ كُلِّ شَهْرٍ صَوْمُ الدَّهْرِ كُلَّهُ”

“Ай сайын үш күн  ораза ұстау – жыл бойы ораза ұстағанмен тең болады.”

Хадистi Абдуллаһ ибн  Ьамр ибн Әл-Ьастан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صلى الله عليه وسلم يَصُومُ مِنَ الشَّهْرِ السَّبْتَ وَالأَحَدَ وَالاِثْنَيْنِ،  وَمِنَ الشَّهْرِ الآخَرَ: الثُّلاَثَاءَ وَالأَرْبَعَاءَ وَالْخَمِيسَ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  бiр айда сенбi, жексенбi және дүйсенбi күнi, ал екiншi айда сейсенбi, сәрсенбi  және бейсенбi күнi ораза ұстады.”

Хадистi Айша  анамыздан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

“عن ابن عمر، أَنَّ  رَسُولَ اللهِ صلى الله عليه وسلم كَانَ يَصُومُ ثَلاَثَةَ أَيَّامٍ مِنْ كُلِّ  شَهْرٍ: يَوْمَ الاِثْنَيْنِ مِنْ أَوَّلِ الشَّهْرِ، ثُمَّ الْخَمِيسَ الَّذِي  يَلِيهِ، ثُمَّ الْخَمِيسَ الَّذِي يَلِيهِ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  ай сайын үш күн ораза ұстайтын. Оның бiрiншi күнi айдың басындағы дүйсенбiсiнде,  ал екiншi және үшiншi күнi келесi екi аптаның бейсенбiсiнде болатын.”

Хадистi Ибн Омардан  (р.л.ғ.) Имам Насаи риуаят еттi.

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صلى الله عليه وسلم يَأْمُرُ بِصِيَامِ ثَلاَثَةِ أَيَّامٍ: أَوَّلٌ خَمِيس.  وَالاِثْنَيْنِ، وَالاِثْنَيْنِ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  ай сайын үш күн ораза ұстауды бұйырды. Оның бiрiншi күнi бейсенбi күнi, ал  екiншi және үшiншi күнi келесi екi аптаның дүйсенбiсiнде.”

Хадистi Умму  Сәләмадан (р.л.ғ.) Имам Насаи риуаят еттi.

Әр айдың 13, 14, 15  күндерiнде ораза ұстау

عن أبي ذر رَضِيَ  اللهُ عَنهُ قال، قال رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم: “إِذَا صُمْتَ  مِنَ الشَّهْرِ ثَلاَثاً فَصُمْ ثَلاَثَ عَشْرَةَ وَأَرْبَعَ عَشْرَةَ وَخَمْسَ  عَشْرَةَ”

“Әр айда ораза  ұстайтын болсаң, 13, 14, 15 күндерiнде ұста.”

Хадистi Әбу Зәррдан  (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

“كَانَ رَسُولُ اللهِ  صَلَّى اللَّهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يَأْمُرُنَا بِصِيَامِ أَيَّامِ الْبَيْضِ:  ثَلاَثَ عَشْرَةَ وَأَرْبَعَ عَشْرَةَ وَخَمْسَ عَشْرَةَ”

“Расулуллаһ (с.ғ.с.)  бiзге әр айдың ақ күндерiнде ораза ұстауға бұйыратын: 13, 14 және 15  күндерi.”

Хадистi Қатада ибн  Милхандан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд риуаят еттi.

Зүл-Хижжә айының  алғашқы он күнiнде ораза ұстау

“قَالَ رَسُولُ اللهِ  صلى الله عليه وسلم: “مَا مِنْ أَيَّامٍ الْعَمَلُ الصَّالِحُ فِيهِنَّ أَحَبُّ  إِلَى اللهِ تَعَالَى مِنْ هَذِهِ الأَيَّامِ” قَالُوا: يَا رَسُولُ اللهِ! وَلاَ  الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللهِ؟ قَالَ: “وَلاَ الْجِهَادُ فِي سَبِيلِ اللهِ، إِلاَّ  رَجُلٌ خَرَجَ بِنَفْسِهِ، وَمَالِهِ فَلَمْ يَرْجِعْ بِشَيْءٍ”

“Бiрде Расулуллаһ  (с.ғ.с.): “Аллаһ Тағала iзгi амал iстелген күндердiң iшiнде осы күндерi (яғни,  Зүл-Хижжәнiң алғашқы он күнiнде) iстелгенiн ерекше жақсы көредi”, – деп айтты.  Адамдар: “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Осы күндерде iстелген iзгi амал басқа күндерi  Аллаһ Тағала жолында соғысудан артық болғаны ма?”, – деп сұрағанда Расулуллаһ  (с.ғ.с.): “Адам баласы Аллаһ Тағала жолына өз жаны мен малын құрбан етiп, жан  тапсырған болмаса, осы күндерде iстелген iзгi амал басқа күндерi Аллаһ Тағала  жолында соғысудан артық болады”, – деп жауап бердi.”

Хадистi Ибн Аббастан  (р.л.ғ.) Имам Бухари риуаят еттi.

Арапа кунi ораза  ұстау

“سُئِلَ رسول اللهِ  صلى الله عليه وسلم عَنْ صَوْمِ يَوْمِ عَرَفَةَ؟ فَقَالَ: “يُكَفِّرُ السَّنَةَ  الْمَاضِيَةَ وَالْبَاقِيَةَ” قَالَ: وَسُئِلَ عَنْ صَوْمِ يَوْمِ عَاشُورَاءَ؟  فَقَالَ: “يُكَفِّرُ السَّنَةَ الْمَاضِيَةَ”

“Расулуллаһтан  (с.ғ.с.) Арапа күнi ораза ұстаудың қасиеттiлiгi жайында сұралғанда: “өткен жыл  мен келер жылдың күнәсiн жуып-шаяды”, – деп жауап бердi. Кейiн Мухаррам айының  оныншы күнiнде ораза ұстаудың қасиеттiлiгi жайында сұралғанда: “өткен жылдың  күнәларын жуып-шаяды”, – деп жауап бердi.”

Хадистi Омардан  (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

1.Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза  парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. (Бақара сүресі – 183 аят)

2. Рамазан  айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын  дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза  ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла  (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған  Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар. (Бақара  сүресі – 185 аят)

3. (Бастапта  кей Мұсылмандар оразаның кешінде әйелдеріне жақындаспағандықтан осы аят түскен  екен.) Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені  бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті)  сіңдер. Алла өздеріңе зиян қылатындықтарыңды біледі. Сондықтан тәубелеріңді  қабыл етіп сендерді кешірді. Ал енді (бұдан былай) олар жақындасыңдар. Алланың  өздеріңе жазғанын талап етіңдер. Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан  сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де соңсоң оразаны кешке дейін толық  орыңдандар. Мешіттерде (ғибадат етіп) ығтикәфта болған кеште әйелдеріңе  жақындаспаңдар. Осы Алланың шегі, оған жақындамаңдар. Осылайша Алла (Т.)  сақсынулары үшін адамдарға аяттарын баян етеді. ( Бақара сүресі – 187  аят).

Ақпарат көзі: www.uagyz.kz

Пышақсыз операция
Төменде неміс жұртының әлемге әйгілі «Р.М.» журналында жарияланып, батыстықтарды ойландырған    «Оразаның пайдасы» атты зерттеу мақаланы оқисыздар.

Неміс зерттеушілері осы еңбектен кейін оразаны екі-ақ сөзбен «Пышақсыз операция» деп атаған екен.

Жозеф Чиппач өзі білмейтін тақырыпта ешқашан жазбайтын адам болса керек. Ол ораза туралы мақала жазу үшін 1 айдай ораза ұстап көрген.

Оның пікірінше, ораза Ислам мемлекеттерінен тысқары елдерде де өте тез тарауда. Аурулардың алдын алу үшін науқастарға ораза ұстау керектігін айтатын дәрігерлердің саны да күн өткен сайын көбейе түсуде.

Жозеф Чиппач мынандай деректер келтіреді: Қазір Германияның 29-клиникасында науқастарға ораза арқылы ем жасалынады. Ораза көптеген аурулардың алдын алумен қатар, артық салмақтың да болмауына көмектеседі. Оразаны зерттеуші ретінде танылған доктор Гельмут Лацнердің айтуынша, ораза – денені көп жылдар бойы сақталып қалған улы, артық лас нәрселерден арылтудың ең табиғи жолы екен.

Жозеф Чипач бұл мақаланы жазбас бұрын алғашында 10 күн, кейіннен 25 күн бойы үзбей ораза ұстаған. Зерттеу нәтижесінде мыналарға анық көз жеткізген:

1. Ораза ұстаған кісі өзін аш сезінбейді.

2. Ораза дене мен ойдың сезімталдығын арттыра түседі.

3. Ораза адамның дене бітімін бір қалыпта сақтайды.

4. Ораза ұстау барысында артық салмақтан арылуды ғана көздемей, оның рухани, ішкі әсерін де білгісі келген. Өйткені, тамақтанудың адамның дене мен рухына да қатар әсер ететінін білгендіктен, одан қорғанған кезде ой мен рухтың тазаратындығына сене түскен. Ораза тек қана адамға емес, бүкіл жан-жануарларға

да тән. Апталап не айлап аш жүру- әрбір аңда болып тұратын құбылыс.

Дәл қазіргі танда көптеген дамыған мемлекеттер тоқшылықта өмір сүруде. Осы тоқшылыққа әбден үйреніп алғандықтан, сәл ғана ашығуға қатты қиналады. Шектен шыға көп тамақтану салдарынан ол мемлекеттерде ауру түрлері күн өткен сайын молаюда.

«Діни мерекелердің рухани дәмін сезіну үшін ораза ұстап дайындалу керек» деген психолог Юген вон Шейдт тағы бір сөзінде:

«Ораза ұстамаған адам оразадағы жасырын, сырлы қасиеттерді аңғара алмайды. Адам дүниеге салынған сайын, руханияттың дәмін сезінбейді» дейді.

Оразаның тағы  бір түрі – аңдардың ұстайтын ораза-лары. Сырқаттанғанда не қатты жараланғанда аңдар ішіп-жеуді сап тыяды. Денеге қауіп төнгенде, ол ас қорытумен айналысқысы келмейді. Өйткені, дененің жинаған энергиясының үште бірі тамаққа жұмсалады. Сондыктан да энергияны өз бойынан алып, бар күшін ауруға қарсы бағыттайды.

Батыстықтарға оразаны насихаттауда айтарлыктай үлес қосқан доктор Отто Бачингер (1882-1970) «Шипалы ораза» атты кітабында қатты бір ауруға шалдыққанда өзінің ораза ұстағандығын жазған.

Буын ревмантизміне ұрынған Бачингер ауруы артқан сайын бұлшық еттерінің босағанын, бауыры ісіп, өтінің қайта-қайта асқынғанын көргенде ораза ұстай бастаған.

Бачингер ең озық неміс маманы Густав Ридлдың бақылауымен ораза ұстап, ауруынан құлан-таза айыққан.

Доктор Бачингер он мыңдаған ауруларға жүргізген зерттеуін былай қррытындылайды:

«Температураны түсіруден бастап, ораза мың да бір ауруға ем. Ораза – пышақты қажет етпейтін операция». Психолог Журген Вом Шейд бұл жайлы былай дейді:

«Өзін асқа әбден тәуелді қылып тастағандар үшін ораза аса маңызды. Ораза кезінде олар өздерін еркін сезінеді. Сонымен катар, ораза арқылы небір ауруларды, нашақорлар мен араққа салынғандарды да психотерапевт жолымен емдеуге болады».

Сонымен, Жозеф Чиппач ораза барысында ой мен рухта мыналарға көз жеткізген:

1. Ораза барысында бар зейінін толықтай бір нүктеге жинақтай.алған.

2. Дене мен қоса ойлау, сезіну қабілеті арта түскен.

3. Күнделікті бойкүйездіктен арылған. Тырысқақтығының азайғанына куә болған.

4. Велосипедке міну, жаяу жүру секілді жеңіл спорт түрлерінде денесін жеңіл сезінген.

Оразаны зерттеуші доктор Лацнер 10 мың метрге жүгірушілер арасында 54 жастағы бір спортсменнің ең жоғарғы жылдамдыққа оразаның 49-күнінде қол жеткізгендігін айтқан.

Оразаны зерттеушілерден Хельга Бахлер ханым «аштық жариялау» мен «оразаның» арасындағы айырмашылықты былай атап көрсеткен:

«Екеуінің арасындағы бір ғана ерекшелік – ол адамның ниетінде. Ораза – өз қалауыңмен болатын іс. Ал, аштық жария¬лау – бір нәрсеге көңіл толмаушылықтан, қатты ашуланудан барып туындайды. Ашулану мен ерегес салдарынан асқазан оксид бөледі, ал, бұл оксид қарынды қатты аштырады. Сондыктан да, ораза ұстаған кісі аштықтықты сезінбейді де, аштық жариялағанның қарны тез ашады».

Доктор Гельмут Лацнер «Оразаның арқасында жаңа туғандаймын» деген кітабында:

«Ораза ұстаушының ашығу кездері -оның емделу сеанстарына ұқсайды. Бұл кездер – зиянды нәрселерден бірте-бірте дененің тазара бастайтын сәттері. Ораза кезінде кейбіреулерде кездесетін ауыз бен тер иістері осы зиянды нәрселердің денеден сыртқа шығуы» деп жазған.

Доктор Гельмут Лацнер сөзін былайша түйіндеген:

«Мынандай пайдаларын білгеннен кейін ораза ұстаудың қасиетін ұғына түсеріңіз анық:

• Руханияттың өсуі.

• Жан мен денеге деген байланысыңыздың арта түсуі.

• Еске түсіру қабілетіңіздің жоғарылауы. Өзіңізге деген сенімнің күшеюі».

Ақпарат көзі: Аңсар журналы

Интернет-маркетинг дегеніміз не?
Интернетке дейінгі заманда жарнама берушілерде түрлі қиындықтар болды: аудиторияның жарнамаға деген көзқарасы қандай, өнімге көңілі тола ма деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндігі болған жоқ. Осыны білу үшін олар арнайы зерттеулерге тапсырыс беріп, шығындарға бататын. Әрине, жарнама көрерменнің жүйкесін әбден тоздырған кезде компания бұл жағымсыз реакция жайында ести алатын, бірақ бүгінгі таңда жарнама мен өнімге деген реакция өте тез таралады. Бұл жарнама берушілер үшін компанияның сәтсіз идеяларын жақсартып, кейін осындай сапасыз ұсыныстарға ақшаны жұмсамауға мүмкіндік береді.

Кез келген комерциялық ұйымның басты мақсаты – қызметінен пайда табу. Компанияның иесі маркетингтік бөлімге бір ғана мақстапен келеді – «көбірек ақша қажет». Ал мареткингтік бөлім ақша табудың негізгі бірнеше жолын біледі. Олар:

компанияның тауарын көбірек адам сатып алса;

әр адам компанияның тауарын жиі сатып алса;

әр сатылымнан соң компания көп ақша табатын      болса.

Егер де компания тауарды көбірек тұтынушы сатып алсын десе, олардың мақсаты – тұтынушыларды ақпараттандыру немесе таныстыру болмақ. Тауар жайында неғұрлым адам көп білсе, оны қолданса, соғұрлым адам саны оны жиі сатып алатын болады деген теория негізінде түрлі акциялар жасалынады. Мысалы, көшеде не дүкенде келе жатып, косметика өнімдерін таратып жүрген қыздарды жиі көруге болады. Бұл косметика бір реттік қолдануға арналған өлшемде таратылады. Оны қолданғандар кейін бұл өнім жайында білетін болады, ал ұнаса, сатып алады.

Көпшілік компанияның өнімі жайында хабардар болған кезде маркетинг тауарды жиірек қолдану қажет деген шешімге келеді, ол үшін қолданудың жаңа жағдайларын немесе лояльділік бағдарламасын құрай бастайды. Соңғы тармақ брендингты тудырады (осы жағдайда тұтынушы өнім үшін ғана емес, бренд үшін де төлейді).

Әр тармақта (хабарландыруды көбейту, лояльділікті құру, бренд жасау) коммуникациялық стратегия құрылуы мүмкін. Аудиториямен жұмыс жасап, бренд пен қызметтерге деген «түсіністік білдіру» (немесе Инсайт) негізінде стратегияны құруға болады. Коммуникациялық стратегия аудиторияның инсайттары, зерттеулер мен нарық үрдісі арқасында өнім туралы «не айту қажет», «қашан айту қажет» және «қайда айту қажет» деген сұрақтарға жауап табады. Осы кезде «қайда» деген сұрақтың жауабы – Интернет екені түсінікті болады. Себебі аудиторияның көп бөлігі сонда. Ал интернет үшін  digital-стратегия қажет. Төменде осы стратегия түрінің шарттары мен жолдары:

Digital-маркетинг тұтынушымен жасалынатын      барлық интерактивты байланыстарға жауап береді. Бұл байланыстардың бір      бөлігі әлеуметтік медиада орналасады, ал осы жерде жұмыс жасау үшін тағы      бір стратегия қажет. Ең бастысы, әлеуметтік медианың әрекеттері коммуникациялық-,      маркетингтік және бизнес-стратегияға қарсы болмаса болды.

Әлеуметтік медиадағы стратегия digital-маркетингтың      талаптарын орындауға жағдай жасауы тиіс.

Әлеуметтік медианы қолдану (digital-жылжыту      мен жарнама секілді) сату мәселесін шешпейді.

Коммуникациялық стратегия «монолог» үшін құралса, «диалог» үшін мүлдем келмейді. Оған ұқсас түрлі кеңестер бар, мысалы, «баспасөз баяндамаларын блогқа      жарияламаңыз». Интерактивтің өзі «сұрақ-жауап» түрінде болғандықтан, мәтін      мен ақпаратты жазған кезде осыны ескеру қажет.

Әр      жарнамалық тұғырнаманың өз механикасы болады. Мысалы, әлеуметтік желі,      микроблог пен видео-хостингтің алаңында бірдей ақпаратты таратуға      болмайды.

Сонымен қатар, digital стратегия тұғырнамалық коммуникацияларды жасауға мүмкіндік береді. Олар: Жеке медиа (owned media) — компанияның бақылауындағы арналар (сайт, блог, бірлестік, әлеуметтік желідегі профиль) және Ақылы медиа (paid media) — компаниямен жалға алынған арналар (медиалық жарнама, контекстті жарнама, демеушілік).

Балаларға ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектесу қажет
• Балалардың ҰБТ-дан алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.

• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.

• Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін аттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорықа түскені сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.

• Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді.

Баланың қатты шаршап, қажуына жол бермеңіз.

• Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.

• Үйден баланың дайындалуына қолайлы жер беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз.

• Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі витаминді тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, құрма т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.

• Балаларыңызға дайындық тақырыптарын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.

• Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық қажетсіз ақпараттарды жаттатқызудың қажеті жоқ, дәрістің негізгі керектілерін және логикасы мен мағынасын түсініп алу жеткілікті. Оқылған материалды қорыту үшін қысқаша схематикалық сызбалар мен таблицалар жасау өте пайдалы. Егер бала оларды жасауды білмесе, практикада жасап көрсетіңіз. Негізгі формула немесе анықтамаларды кереует қасына, үстел қасына, немесе асханаға т.б. іліп қоюға болады.

• Пән бойынша әр түрлі тестілер нұсқасын дайындаңыз (қазіргі уақытта тест тапсырмаларының неше түрлі жинақтары бар). Тесттермен жұмыс істеу маңызды болып табылады, себебі оқудың бұл түрі балаға үйреншікті болып табылатын ауызша және жазбаша емтихан түрлерінен өзгеше.

• Тестімен жұмыс істеу кезінде баланы алдын-ала уақытты бағдарлау мен оны үнемдей білуге үйретіңіз. Сонда ғана бала қобалжымай, тестіге толық көңіл бөлуде тәжіриесі мол болады. Егер ол бұрын қолына сағат тақпайтын болса, оған тестілеу кезінде міндетті түрде сағат беріңіз.

• ҰБТ тура қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.

• Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуіне кеңес беріңіз:

- Қандай тапсырмалар түрі бар екенін көру үшін тестіге көзін бір жүргізіп өтсін, ол жұмысқа толық ден қоюына көмектеседі;

- Сұрақты соңына шейін оқып шығып, мағынасын түсіну керек (көбінесе балалар сұрақты соңына шейін оқымай жатып, алғашқы сөздерінен-ақ жауап беруге асығады);

- Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе сенімді болмасаң, тастап кет, кейін оған қайтып оралатыныңды белгілеп кет;

- Егер берілген уақыт ішінде дұрыс жауап таба алмасаң, өз интуицияң бойынша дұрысына жақын деп тапқан жауабыңды белгіле;

Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

Саусақ бедері
Әлемге әйгілі сағат фирмасы басқа сағаттарға ұқсамайтын бір сағат жасап: «Бұл сағатты қолыңызға таққанда, әлемде оның сізде ғана бар екенін ойласаңыз, сол сіздің қуанышыңыз болмақ» деп жарнама берген болатын. Жарнаманың астындағы жүз млн. баға да оның өте маңыздылығы мен өзгешелігін айқындай түскендей.

Сіз де қазір өзіңізге ғана тән нәрсені көргіңіз келе ме? «Иә» десеңіз, қолыңыздағы бармақ ізіне қарасаңыз болғаны. Өйткені бармақтағы шеберлікті басқа ешқандай жандыда кездестіре алмайсыз.

Әр адамның бет-әлпетінің әрқалай болып келуімен қатар бармақтағы іздерінің де бір-біріне еш ұқсамауы – Адам алайхиссаламнан бері жаратылған қаншама миллиардтаған адамның түрі мен бармақ іздерін өз ғылымымен өрнектеген бір Жаратушының бар екеніне дәлел. Өйткені келген әрі келетіндердің бір-бірінен өзгеше болуы – шексіз бір құдіретті білдіреді.

Қазіргі таңда АҚШ-тың полиция архивтерінде 300 млн-нан аса адамдардың бармақ іздері сақталған. Бұлардың әрқайсысы өзгеге тән іздерге мүлдем ұқсамайды. Әрі сол үшін де қорғаныс ұйымының таптырмас көмегіне жарауда.

Бармақ іздері 19 ғасырда ғана белгілі болды. Ал бұл ақиқат осыдан 15 ғасыр бұран Құранда Қиямет сүресінің 3-4 аяттарында былайша керсетілген болатын:

«Адам, (шіріп кеткен барлық) сүйектерді -біз қайта бір жерге жиалмайды деп ойлай ма? Біз болсақ оны бармақ іздеріне дейін барлығы тұтастай қайтадан жаратуға күшіміз (құдыретіміз) жетеді».

Міне, бұл – Құранның-Аллаһ сөзі екеніне тағы бір бұлтартпас дәлел. Ендеше, адамның бармақ іздеріндегі шеберлікті түсінген адам ақиқатқа мойын бұрары сөзсіз.

Ақпарат көзі: Аңсар журналы

Эдгар Дега және сурет өнері
Эдгар Иллер Жермен Дега (1834-1917) – француз суретшісі, график, мүсінші, импрессионизмнің көрнекті өкілі.

1855 жылы Париждегі көркем өнер мектебінде Ламот суретші сыныбында оқиды. Осы уақытта Энгрдың өнері оған әсер етеді. 1856 жылдан бастап екі жылдай Италияда тұрып, Қайта өрлеу дәуірі ұлы шеберлерінің жұмыстарымен жақын танысады, әсіресе Мантенья мен Веронезенің керемет туындыларына ерекше көңіл бөледі.

Суретшінің алғаш жұмыстары нақтылық пен зеректілікпен ерекшеленеді, олар реалистік шындық мәнерінде салынған еді (ағасының суреттемесі, 1856-1857, Лувр, Париж; баронесса Беллелидің суреті,   1859, сонда сақталған; итальян кедей әйелінің портреті 1857, жеке жинақ).

1860 ж.ж. Дега тарихи тақырыптарға бет бұрады. Ол салондық сурет талап еткен антикалық өмірдің идеализациясына қарсы шығады да, өзінің көзқарасы бойынша оны мейлінше реалдылыққа жақындатады. “Спартандық қыздар жігіттерді сайысқа шақырады” (1860, Курто институтының галереясы, Лондон) атты туынды нәзіктік пен әсемдіктен алыс, ал фонда қарапайым пейзаж.

Сол кездегі заманға сай Дега өз суреттері үшін жаңа тақырыптар іздейді (“Фернандо циркындағы мисс Ла Ла”, 1879, Ұлттық галерея, Лондон; “Үтікшілер”, 1884-1886, д’Орсе мұражайы, Париж; “Сахнадағы екі биші”, 1874, Курто институның галереясы, Лондон; “Абсент”, 1876, д’Орсе мұражайы, Париж).

Жаңа тақырыпты іздеп жүріп, Дега Операның би сыныптарына жиі барып, ондағы балериналардың биіне суретші көзімен ұзақ қарайтын. Осы суреттер композицияның қарапайымдылығы мен автордың позициясымен ерекшелінеді (“Би сабағы”, 1879, “Балет жұлдызы” 1878, д’Орсе мұражайы, Париж). Осы қатарда “Көк бишілер” (1899, ГМИИ, Москва) атты суреті жайында бөлек айтуға болады. Бүкіл бидің ғажабы фигуралардың пластикасында тоғысқан.

Деганың көп суреттері ат жарысы тақырыбына арналған: “Трибуна алдындағы жүйрік аттар” (1879, д’Орсе мұражайы, Париж), “Жарыста” (1877-1880, ол да сонда), “Жарыс алдындағы жокейлер” (1881, Барбер көркем өнер институтының галереясы, Бирмингем, Ұлыбритания).

2. Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай
Қызыл крест пен Қызыл жарты ай құрылымы

- Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК)

- Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұйымының Федерациясы (ХҚК пен ҚЖФ)

- Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымы

Қозғалыстың басқару органдары:

Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай халықаралық конференциясы

Өкілдер кеңесі

Тұрақты комиссия

Халықаралық Қызыл Крест Комитеті

Халықаралық Қызыл Крест Комитеті – теңдікті сақтайтын, бейтарапты және тәуелсіз ұйым. Оның гуманитарлық миссиясы – соғыс зардабын шеккендердің өмірін, құқықтарын сақтау. Бұл ұйым 1863 жылы құрылып, Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысының пайда болуына негіз салды.

Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымының Федерациясы

Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымының Федерациясының жұмысы Қозғалыстың негізгі прнциптеріне құрылған. Ол өз гуманитарлық қызметін ұлттық ұйым-мүшелердің ішінде қауіп төңдіретін топ тұрғындарының жағдайын жақсартады. Халықаралық Федерация 1919 жылы құрылды. Ол халықаралық жәрдемді басқарып, үйлестіреді. Табиғи апаттардан зардап көргендердің бәріне көмектесіп, халықаралық аренада ұйым мүшесенің ресми өкілі болып саналады, ұлттық ұйымдар арасында қызмет жасап, төтенше жағдайда әлеуметтік және медициналық бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.

Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымдары

Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымдары 179 мемелекетте Халықаралық қозғалыстың нақты мазмұны мен қызметіндегі принциптерді жүзеге асырады. Мемлекеттік биліктің көмекшісі ретінде Ұлттық ұйымдар төтенше жағдайда жәрдемдесу, медициналық жяне әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар, соғыс кезінде әскери-медициналық көмек көрсетеді. Қозғалыстың мүшесі болу үшін, барлық ұлттық ұйымдар бірнеше шарттар негізінде ХҚККмен қабылдануы тиіс.

Қозғалыстың миссиясы: қашан және қай жерде болмасын, адамдардың қайғысын жеңілдету, ар-ожданың сақтау, ауруларды алдын алу, Қозғалыстың көмегін қажет ететіндердің арасында ынтымақтастықты қалыптастыру.

Халықаралық Конференция

Халықаралық конференция-бұл гуманитарлық форумдардың ішінде ең маңыздысы, себебі онда Женева конвенцияларының мүшелігіндегі әр мемлекеттің өкілі кездеседі.

Анықтама және құрылысы

Халықаралық конференция Қозғалыстың ең жоғарғы басқару органы. Ол бәріне ортақ гуманитарлық мәселелерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады.

Халықаралық конференцияның рөлі.

Халықаралық конференция Қозғалыс миссиясының орындалуын, негізгі принциптері бойынша жұмысын қатты қадағалап, оның бірлігіне жағдай жасайды. Ол халықаралық гуманитарлық құқық пен басқа да халықаралық келісім-шарттарды дамытуға ат салысады. Халықаралық конференция ғана Конференцияның жұмыстарындағы Қозғалыс жарлығы мен ережелеріне өзгертулер енгізуге құқылы. Халықаралық конференция Тұрақты комиссияны негізгі мүшелер бойынша тағайындайды.  Халықаралық конференция 4 жылда бір рет жиналады. Халықаралық конференция консенсус негізінде өз резолюцияларды қабылдауға ұмтылады.

Өкілдер кеңесі

Өкілдер кеңесі орган болып саналады. Қозғалыстың әр құрылымдық бөлімінің мүшесі болып саналатындар Қозғалысқа байланысы бар сұрақтардың бәрін талқылайды.

Кеңес өкілдер мүшелігіне ұлттық ұйымдар, ХҚКК және Халықаралық Федерация өкілдері жатқызылады.

Функциялар

Кеңес қажет жағдайда қозғалыстың қатысушыларына тікелей қызығушылық тудыратын саяси мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Халықаралық конференция ашылғанға дейін өз отырыстарында Кеңес Конференцияның басшысы, орынбасары, бас хатшысы, Кеңес басшысы мен оның орынбасарлары, олардың спикерлері бола алатын үміткерлерді таңдайды. Кеңес әр Халықаралық конференция мен Федерацияның Бас ассамблея сессиясы алдында жиналады. Сонымен қатар, Кеңес өз еркімен немесе ұлтық ұйымдардың үштен бірінің ұсынысымен, ХҚҚК, не Халықаралық Федерация, Тұрақты комиссия ұсынысымен жиналуы мүмкін.

Тұрақты комиссия

Екі Конференция арасындағы мерзімде Тұрақты комиссия Халықаралық конференцияның өкілетті органы болып табылады.

Құрылымы

Тұрақты комиссияның 9 мүшесі бар: 5 – ұлттық ұйымдардың өкілдері, олар өз міндеттерін келесі Конференцияның жабылуына дейін орындайды, 2 мүше ХҚКК және тағы 2 – Халықаралық Федерацияның өкілдері. Мүшелер санынан басшысы мен оның орынбасары тағайындалады.

Функциялар

Тұрақты комиссияның басты функциясы – Халықаралық конференция мен Өкілдер Кеңесінің сессиясына байланысты ұсынылған іс-шараларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, ол жалпы Қозғалысқа байланысты барлық сұрақтарды қарастырады. Тұрақты комиссия өз ісіне деген адалдығы, жанқиярлығы үшін Анри Дюнан атындағы медаль иесін анықтайды. Тұрақты комиссия жылына 2 реттен кем емес отырыс өткізеді және олардың штаб пәтері Женевада орналасқан.

Тұрақты комиссияның мүшелері (2003-2007жж)

Ұлттық ұйымдардың мүшелері:

Д-р Мохаммед аль-Хадид (Иордания)

Е.П. елшісі Фиоипп Кувилье (Франция)

Дженет Дэвидсон ханым (Канада)

Д-р Фредди Каруп Педерсен (Дания)

Зой Катевас де Скальбос ханым (Чили)

-ХҚКК басшылары:

Д-р Якоб Келленберг (ХҚКК президенті)

Филипп Споэрри мырза (халықаралық құқық және Қозғалыс қатысушыларының әріптестігін басқаратын директор)

-Халықаралық Федерация өкілдері:

Хуан Мануэль Суарес дель Торо Риверо мырза(Халықаралық Федерация президенті)

Марку Нискала мырза (Халықаралық Федерацияның бас хатшысы)

Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Халықаралық Қозғалысының Жарлығы 1986 жылы, қазан айында Женевада қабылданды.

Қазақстандағы Қызыл крест пен Қызыл жарты ай

Қазақстан Республикасының Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымы – бұл қоғамдық, ерікті, гуманитарлық ұйым, ол бүкіл Қазақстан территориясы бойынша 1937 жылдан бастап қызмет атқарады. Оның негізгі мақсаты жоғарыда аталған барлық миссиялар мен принциптерге сәйкес.

Ұйымның қызмет түрлері:

-ҚР Қарулы күштерінің медициналық қызметінде дайындық өткізіп, қарулы қақтығыстар кезінде жарақат алғандарға, әскери тұтқындарға жәрдемдесу;

-ХҚК пен ҚЖҚ гуманитарлық көмегін ұйымдастыру;

-Ұлы Отан соғысы кезінде эвакуацияда болған азаматтардың құжаттарын іздестіруге көмектесу, табиғи апат немесе әскери жағдайда жақын туыстарымен  байланыс үзілген кезде іздеу шараларын ұйымдастыру;

-Қарулы қақтығыстар зоналарында медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдастыру;

-Халықаралық гуманитарлық құқықты насихаттау;

-Тұрғындарға жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету;

-Мүгедек балаларға, жалғыз қалған қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру;

-Оқып жүрген жастарды адамгершілік принциптер тұрғысынан тәлім-тәрбие беру;

-ҚК пен ҚЖ Қозғалысының Негізгі Принциптерін насихаттау;

Ал қазақ ҚК пен ҚЖА тарихына үңілсек, XXI ғасырдың 60-жылдарында орыс-түрік соғысы кезінде (1877-1978ж. ж.)Қапал қаласында (қазіргі Алматы облысы) жарақат алғандар мен науқас адамдарды өз құзыретіне алатын жергілікті басқарма пайда болды, соның базасында Қазақстандағы алғаш Жетісудің ҚК пен ҚЖА жергілікті басқармасы құрылды. Бұған 1880 жылы «Туркестанские ведомости» газетінде жарияланған «Ресей Қызыл Крест Ұйымы Қапал комитетінің Жетісу  жергілікті басқару органының  есебі» негіз болды. Революцияға дейінгі Ресейдің барлық ұйымдары секілді  ҚКҰның да өз жарғысы болды. Жарлықтың бірінші параграфында ұйымның мақсаты жазылған еді. Орыс-жапон (1904-1905), Бірінші Дүниежүзілік соғыстары (1914-1918) кезінде Қазақстанның белсенділігі жайында ерекше атап айту қажет. 1937 жылдан 1992 жылы Қазақ елінде Қызыл Крест ұйымы құрылды, ал 1992 жылы КСРО ыдырағаннан және еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ҚКҰ мен ҚЖА қайта құрылып, 1993 жылдан бастап ҚР ҚК пен ҚЖА деп атын өзгертті. Ұйым 1949 жылы Женевадағы алғашқы конвенцияда жарияланған 26 бабына сәйкес теңқұқылы болып саналады және қарулы конфликт кезінде қарулы күштердің медициналық қызметіне көмек көрсетуге міндетті, бұл 1992 жыдың 17 сәуірінде ҚР Президентінің жарлығында бекітілген. Қазақстанның Ұлттық Қызыл Жарты ай ұйымы ҚК пен ҚЖ Халықаралық Федерациясына Бас Ассамблея ұйымының 14ші сесиясында 2003 жылдың аяғында қабылданды. Бұл қарулы қақтығыстар, табиғи немесе антропогендік төтенше жағдай кезінде қаржылық, техникалық, гуманитарлық жәрдемдесудің белсенділігін арттырды. Қызыл Жарты ай Ұлттық Ұйым Қазақстанда 2002 жылы құрылып, 1937 жылы

құрылған Қазақ Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айдың құқығын қабылдаушы болып саналады. 2003 жылдың қараша айында Қазақстан Швейцарияның ішкі саяси ведомствосына арнайы құжаттар жіберіп, Халықаралық Федерацияға 180ші мүше болуға өтініш жасап, оған ақыры қабылданды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының ҚК пен ҚЖХҚ президенті –

Д-р Еркебек Қамбарұлы Арғымбаев. 1994 жылдың шілде айында Арғымбаев бас директоры, ал 1996 жылдың қарашасында 15-кезектен тыс съезд кезінде ҚР ЖҰ мен ҚКдың президенті болып тағайындалды. Ал қазіргі вицепрезиденті – Д-р Вадим Қадырбаев. Ресми сайты-www.redcrescent.kz.1

Ұйымның бүгінгі атқарылған жұмысы мен жоспары.

ҚР ҚК пен ҚЖдың жоспарлы жұмысы барысында ұлттық донор елдердің қоғамымен бірлесіп 1992-1998 жылдары республикамызда 42 миллионнан астам долларға 500 мың адамға гуманитарлық көмек берілді. Греция мен Норвегиядағы Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұйымдарының қаржылық көмегі арқасында Семей және Қарағанды аймақтарының 7000 отбасы азық түлікпен қамтамасыз етілді. Фин ҚК азық түлік бағдарламсында белсенділік танытып, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының отбасыларына көмек көрсетті. Былтыр Қазақстанның бірнеше аймағында 15 қайырымдылық асхана ашылған еді. Ал Германиядағы ҚКҰ елімізге 1 миллион 400 мың доллардан асатын соммаға медикамент, меджабдықтар, хирургиялық жабдықтар жіберді. Бұның бәрі 40тан астам мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелер мен неміс мәдени орталықтарға жіберілді. Бүгінгі таңда өзінің тарихи отанына оралған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін бағдарлама жүріп жатыр. Бұл бағдарлама 2000 жылдың қаңтарынан бастау алады. Бағдарламалар Қарағанды және Талдықорған облыстарының филиалдарында алғаш құрылып, «Оқыту орталығы» жобасын дүниеге әкелді. Бұл жобаның мақсаты-шет елден келген қазақ балаларына компьютерлік сабақтар өткізу. Осы және басқа да шараларды жүзеге асырып,  Швед және Оңтүстік Корея ҚКҰ-мен келісім сөздер жүргізіліп жатыр.

Ресейдегі Қызыл Крест

Ресей Қызыл Крест – қоғамдық қайырымдылық ұйым ҚК пен ҚЖХҚ мүшесі. Ресей бойынша ол гуманитарлық қызмет атқарып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың ішінде көшбасшы. Ресейлік Қызыл Крест Ұйымының тарихы тереңде. Ұйымның құрылымында 97 аймақтық және 1548 жергілікті бөлім бар. Биыл Ресей Қызыл Крест 140 жылдығын тойлайды. 1867 жылдың 3 мамырда (бұрыңғы стиль бойынша) Император II Александр жарақат алған жауынгерлерге қамқорлық туралы жарлықты құптады (1879 жылы ол Ресей Қызыл Крест ұйымы болып өзгерді). Бүгінде Ресей Қызыл крест басшысы Раиса Лукутцова. Ұйымның негізгі қызмет бағыттары бүгінде төмендегідей:

-медицина саласында қызметкерлерді дайындау (ешкімі жоқ қарттар мен мүгедектерге көмектесу);

-тұрғындардың ішінде гуманитарлық көмекті қажет ететіндерге жағдай жасау;

-төтенше жағдай кезінде жарақат алғандарға көмектесу;

-оперативті құтқарушы отрядтар;

-аса қауіпті инфекциялық аурулармен күрес;

-мигранттарға материалдық және құқықтық көмек көрсету;

-табиғи апаттар мен қаруланған конфликттер кезінде жоғалған адамдарды іздеу;

-тегін донорлықты және салауатты өмір салтын насихаттау;

-мигранттар мен үйіжоқтарға арналған тегін асханалар ұйымдастыру;

-жетім балаларды паналау ;

-Ресейде әлеуметтік көмек қажет ететіндерге тегін денсаулық орталықтар ашу;

Ресей Қызыл Крест тарихы

1854

Ұлы княгиня Елена Павловна Санкт-Петербург қаласында Севостпольдегі әскери жағдайға байланысты медициналық көмек көрсететін қызметкерлерді дайындау орталығын ашады. Оларды орыстың ұлы ғалымы, хирург Н.И. Пирогов оқытты.

1867

3 мамырда Император II Александр Соғыста жарақат алғандарға көмек көрсету ұйымының жарлығын растады. Кейін (1879 жылы)бұл ұйым Ресей ҚКҰ болып аталды.

1870-1871

Ресей ҚКҰ халықаралық аренаға шықты. Франко-пруссиялық соғыс кезінде ұйымның жұмысы жүйеленді.

1872

Ұйым табиғи апаттардан зардап шеккендерге жәрдемдесе бастады (Шемахидағы жерсілкінісі кезінде).

1875

Моршанск, Брянск, Ржев, Вольскіде болған өрт кезінде көп адамдар баспанасыз қалды. Сол кезде РҚКҰ 106 мың рубльден асатын сомма жинады.

1877-1878

Орыс-түрік соғысы. РҚКҰ әскердегі барлық медициналық көмекті өзіне жүктеді. Санитарлық поездар, лазареттер пайда болды.

1878-1879

Астрахан облысындағы Ветлянка станицасында чума эпидемиясымен күрес.

1879

Полтава губерниясындағы дифтеритпен күрес. Бұл жерге 30 дәрігер мен 300 медқызметкер жіберілді.

1891-1898

Ресейдегі аштық пен ашаршылық салдары кезіндегі РҚК жұмыстары.

1904-1905

Орыс-жапон соғысы. 595611 адамға көмек көрсетілді. Жапония ҚКҰмен байланыс орнату.

1914-1918

Бірінші Дүниежүзілік соғыс. ҚКҰйымында сол жылдары 2500 дәрігер мен 20000 мед.қызметкер, 50000 санитар жұмыс істеді. 1915 жылы Н.Д. Зелинский уландырғыш заттарға қарсы фильтірілген құрал жабдық жасап шығарды.

9

1918-1920

Азаматтық соғыс. Санитарлық отрядтардың жұмысы жетілдірілді.

1923

Ресйдегі ҚКҰ-ның Украина, Белоруссия, Армения, Грузия және Әзірбайжан Қызыл Жарты ай басшылары бірігу жайында декларацияға қол қойды.

1924

РҚКҰ «Жас пионерлер денсаулық қызметін» ұйымдастырады.

1941-1945

Ұлы Отан соғысы. 263669 медбике, 39956 санитар дайындалынды. Майданға 1 млн. 700 мың литр донор қаны жіберілді.

1967

Кеңестік Қызыл Крест Ленин орденімен марапатталды.

1986

Чернобыль АЭСіндегі апат. Жарақат алғандарға көмек көрсету мен экологиялық таза азық түлікпен қамтамасыз ету.

1990

РҚКҰның Құтқару қызметі құрылды(1988 жылы Армениядағы жерсілкінісінен кейін).

1993

РҚК мақсатты-бағдарламалық қызметке көшті.

1995

«Алғашқы көмек» атты бағдарлама алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету үшін құрылды. 2001 жылдың басына қарай 35000 адам курстан өтті.

1998

ЖИТС пен туберкулезге қарсы РҚКҰның бағдарламалары.

1999

Мигранттарға арналған жобалар.

1998-2002

Якутия, Курган, ОренбургШығыс Сібірдегі табиғи апаттарға байланысты атқарылған жұмыстар. 3

Қорытынды

Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Қозғалысы адамзаттың денсаулығын, өмірін қорғауға және адамның жекебасын құрметтеуге үндейді. Ол өзара түсінушілікті, достықты, әріптестікті насихаттайды және осыған халықты шақырады. ҚК ҚЖ эмблемасы баршамызға бала кезімізден таныс, Бұл эмблема – дүниежүзілік мейірімділік пен рақымшылдықтың символы. Ұйымның қызметі мемлекеттік және халықаралық деңгейде маңыздылығы бар мақсаттарды алдына қою, оларды шешу. Бүгінде, әр елдің Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай ұйымы әлем торында өзінің сайттарын ашқан, сайт арқылы олар тек қана өз жұмысының нәтижелерін көрсетумен шектелмей, сонымен қатар қозғалыстың мән-мағынасын ашып, адамдарды көмекке шақырады, болып жатқан мәселелермен таныстырады.

Ғарыш негізін салушы
Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі.

К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сыркаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.

Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады.

Циолковскийлердіц отбасы үлкен болды. Олар мейлінше жұпыны тұрды. К. Э. Циолковскийдің Калугадағы музей үйіне барған кісілер оның карапайым ғана жұмыс бөлмесімен, ғалымның өзіне қажетті толып жатқан моделдер мен құрал-саймандар әзірлеген шеберханасымен танысады. Үй шатырын ол обсерватория етіп пайдаланды. Ол төбеге орнатылған шағын дүрбі арқылы Күн мен Айға, жұлдыздар мен планеталарға бақылау жасады. К. Э. Циолковскийдің осындай жұпыны жағдайда, шет аймақта орналасқан шағын қалашықта, ешкімнен ешқандай көмек ала алмаса да, тендесі жоқ ұлы жаңалықтар ашканына таңданбау мүмкін емес.

Тек Совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Циолковскийдін тұрмысы жақсарып, оның жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасалды. Совет үкіметі оған барынша көмек көрсетті.Атағы кеңінен таныла бастайды. Ғылымдағы табыстары жоғары бағаланған Циолковский  “Кызыл  Ту”  орденімен марапатталады.

К. Э. Циолковскийдін ең басты ғылыми еңбектері  ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа  ұшуына  арналған. 1903 ж. ұлы ғалым өзінің “ Әлем кеңістіктерін реактивтік құралдармен  зерттеу» деген мақаласында  планетааралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде алғаш рет ғылыми  тұрғыдан дәлелдеп берді. Тек ракета емес,планетааралық кеме болатынын дәлелдеді. Ғарышқа  ұшатын ракеталарға отын үшін ол айрықша сұйық химиялық отын: сұйытылған  оттегі мен сутегін ұсынды.

Ғалым басқа еңбектерінде:ракетаны  қажетті  ғарыштық жылдамдыққа   жеткізу   үшін ракеталық поездар»  керек деп жазды.Қазір біз оларды  көп сатылы ракеталар деп  жүрміз.  Отын  жанып біткеннен кейін ракетаның бірінші сатысы одан бөлінеді де, Жерге құлайды.Екінші сатының қозғалтқышы іске қосылып, ракетаны одан әрі ілгері жүйткітеді.

К. Э. Циолковский адам ғарышта ұзақ уакыт тұрып жұмыс істейтін орбиталык ірі станциялар жасауды ұсынды.

Ғалым техника жетіле келе,сөзсіз игеріледі деп есептеді. Ол әлем кеңістігінде саналы тіршілік иелері мекендеген   планеталар көп деген сенімде  болды. Жерден шалғайда  жаткан тіршілік иелерінің даму деңгейі адамзат  ақыл-ойынан әлде- қайда  озық  болуы  да мүмкін.  Циолковский адамзаттың Күн жүйесіне барып қоныс тебуіне болатын техникалық  мүмкіндіктер жолын ұсынды.

Циолковский адамдар ғарыш кеңістігін игере отырып, өз планетасының табиғатына ерекше қамқорлык жасауды қажет деп білді. Оның шөл далаларды суландыратын аппараттардың тамаша жобаларын жасағаны,ауа  көпшігін транспорт есебінде пайдалану идеясын ұсынғаны сондықтан.

К. Э. Циолковскийдің есімі кашанда адамзаттың ұлы данышпандарының есімдерімен катар аталатын болады. Ол ғылым болашағын асқан көрегендікпен болжай білді. Циолковскийдің ракеталық техника мен планетааралық саяхаттар теориясына арналған зерттеулерін конструктарлар мен ғалымдар қазір де басшылыққа алады.Оның данышпандық идеялары зор табыспен жүзеге асуда.

фото:www.manwb.ru

Ақпарат: Ол кім бұл не кітабы

Қадыр Мырзалиев
Қадыр Мырзали –атақты қазақ ақыны, халық жазушысы,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1935 жылы  Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында туған. Қаз МУ-дың     филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы   «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шетелдіктер өте жоғары бағалайды.

Осы өмірдің өзінің азсынғандай азабын,

Ойлап тапқан зұлымдар неше түрін жазаның:

Ойлап тапқан аяққа болат кісен салуды,

Ойлап тапқан арқадан таспа тіліп алуды.

Ойлап тапқан сауырға күйген темір басуды,

Ойлап тапқан арқанмен буындырып асуды,

Ойлап тапқан тірілей қабырғаны сөгуді,

Ойлап тапқан өлтірмей қара жерге көмуді…

Бірақ соның бірі де жасытпаған батырды,

Біріақ соның бірі де жасытпаған ақынды!

Сосын патша оларды қанатынан қайырып,

Жер аудара бастаған Туған жерден айырып.

О,зұлым-ай,зұлым-ай!

О,ант атқан,ант атқан!

Осал жерін ерлердің қалай ғана дәл тапқан!

Туған жер-ай,күнім де,дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе,сүрінбесе ем.

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Тұрсаң болды,Туған жер,көктем кілең,

Арманымды асаудай ерттеп мінем.

Бағышталған өзіңе бір ауыр сөз

Маған қарап атылған оқ деп білем!

Болмыс мені қамсыз ғып жаратпаған,

Перзентімнің өнерді парақтаған.

Қайда жүрсем ойлаймын өзің жайлы,

Бар тағдырың қалғандай қарап маған.

Cаған деген айтылар назым әнмен,

Сенсіз менің,Туған жер,қазынам кем.

Басқаларды білмеймін,

Бас ауырса,

Жусаныңды иіскеп-ақ

Жазылам мен.

Өзің сүйеп,сен өзің мақұлдасаң,

Жалтақтамай,жасқанбай,батыл басам.

Сүйгенімен қалсам сәл іренжісіп,

Сыйлап сенің гүліңді,

Татуласам.

Жоқ қой менде шәйтан жыр,ібіліс ән,

Жырын іздеп шындықтың,шұғыл ұшам.

Оқушыммен қалсам да түсініспей,

Өзім жайлы сыр шертіп,

Ұғынысам!

Туған жер,қарап көзіңе,

Ант берем қазір,құп алсаң.

Түсейін тамып өзіңе,

Тола алмай тұрған көл болсаң.

Алысқа тағдыр әкетіп,

Амал жоқ егер шетт қонсам.

Тиейін саған лап етіп,

Тұтанбай тұрған от болсаң

Туған жер,сенің алдында.

өтейін өстіп парызды.

Апырм-ау,кепкен талың да

Болмаушы ма еді тамызық!

Күндердің бір күнінде салып ажар қармағын,

Әкесі ұлын жоғалтса-жоғалтады арманын.

Өмірге өлім өзінің жасайды әсте жаттығын,

Ана қызын жоғалтса-жоғалтады шаттығын.

Жүрегінің лағылы,жүрегінің жақұты

Жігіт жарын жоғалтса-жағалтады бақытын…

Уа,Туған жер,көңілдің сенсің бірақ төрінде,

Сені мәңгі жоғалтқан-жоғалтады бәрін де!

Болмаса жұрт ақылсыз,

Жүре алмайды жақынсыз;

Күні жоқ қой адамның

Адамсыз һем Ақынсыз.

Демек,саған,ақылдым;

Қайтсем де мен жақынмын:

Керек десең,-Адаммын,

Керек десең,-Ақынмын!

Көз алмаймын кездескен бір кезінде,

Сен дегенде қанағат жоқ сезімде.

Аспан болып кетсең-дағы сен егер,

Жанарыма құйып алам,

Сене бер!

Көрмей сені тұра алмаймын үш апта,

Сен дегенде қанағат жлқ құшақта.

Асқар тау боп кетсең-дағы сен егер,

Құшағыма сиғызамын,

Сене бер!

Жүз сүюге,мың сүюге ерінбен,

Сен дегенде қанағат жоқ ерінде.

Мұхит болып кетсең-дағы сен егер,

Бір тамшыңды қалдырмаймын,

Сене бер!

Мен өзіңе ғашық болдым,

Сол күні

Жүрегімнің шешек атты бір гүлі.

Махаббатпен бір көктеп,

Бір солатын

Ол–Құштарлық болатын.

Мен өзіңе ғашық болдым,

Сол күні

Жүрегімнің шешек атты бір гүлі.

Махаббатпен бір көктеп,

Бір солатын

Ол-Адалдық болатын.

Мен өзіңе ғашық болдым

Сол күні

Жүрегімнің шешек атты бір гүлі.

Махаббатпен бір көктеп,

Бір солатын

Ол–Қызғаныш болатын.

Семдірме сол үш гүлді,

Сөндірме сол ұшқынды!

Ақпарат көзі: Бұлбұл бағы кітабы жинағынан

фото:www.astana-akshamy.kz