Басты бет »Мұрағат

Білім мен ғылым бөліміндегі мақалалар

Жануарлар »

[12 Aug 2010 | Пікір жоқ | ]

Бұл өзi — каршыға тұқымдасына жататын қыран құстардьң бipi. Тұйғын жер шарыньң Антарктидадан басқа кұрлыктарының бәрінде кездеседі. Көбінесе орман-тоғайлы, бұталы тау бөктерлерлерінде мекендейді, Тұрқы 70—80 сантиметрдей, салмағы 500— 1100 грамм шамасында болады.

Featured, Пайдалы кеңес, Талапкер - 2010 »

[31 Jul 2010 | 3 пікір | ]
Балаларға ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектесу қажет

• Балалардың ҰБТ-дан алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.

Рефераттар, Әлеумет »

[26 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]

Қызыл крест пен Қызыл жарты ай құрылымы
- Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК)
- Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұйымының Федерациясы (ХҚК пен ҚЖФ)
- Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымы
Қозғалыстың басқару органдары:

Featured, Тұлғалар/Батырлар, Физика, Ғарыш әлемі, Әр түрлі тақырып »

[25 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Ғарыш негізін салушы

Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі.
К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сыркаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.
Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады.

Химия »

[24 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]

Төбе басында жіп-жіңішке бір тал өсіп тұр делік.Қандай қатты жел соққанымен ол сынбайды,иіліп тұра береді.Оның мұндай иілгіштігі ағаштың құрамына енетін ерекше затқа—полимерге байланысты.

Рефераттар, Әлеумет »

[21 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]

Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде. Олар Халықаралық Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай қозғалысының мақсаттарын алдына қойып, солардың принциптеріне тәжірибе жүзінде сүйенеді. Елдегі гуманитарлық облыстарда үкіметпен бірлесіп, ұлттық ұйым құтқару жұмыстарынан бастап, медициналық, әлеуметтік көмек көрсету сияқты салаларда қызмет көрсетеді. Әскери жағдайда олар конфликттен зардап шеккен азаматтық тұрғындарға көмек беріп, қажет жағдайда өз мемлекетінің  әскери-медициналық қызметтеріне жәрдемдеседі.

Featured, Талапкер - 2010 »

[15 Jul 2010 | 9 пікір | ]

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында 2010/2011 оқы жылына арналып бөлінген мемлекеттік білім гранттарының тізімі мен олардың саны жайлы мәлімет пайда болды. Сол мәліметті сайтымыздың талапкер оқырмандарымен бөліссек дейміз.

Headline, Тіл үйрену »

[14 Jul 2010 | 2 пікір | ]
English grammar. 14-сабақ: ‘Have’ немесе ‘have got’

Have немесе have got сөздерінің қайсын қолдану керек екенін білу көбіне оңай соқпайды. Дегенмен, ол өте қарапайым тақырып. Жақсы түсіну үшін мысалдарға дұрыстап назар аударыңыздар және салыстырып көріңіздер.
Have немесе have got сөздері сіздің бір затқа иелік ететіндігіңізді, сізге тиесілі заттың бар екенін білдіреді. Болымсыз түрде алдыңғы сөйлемімізде түсіндіргендерге қарама-қарсы мағынаны, яғни, сіздің иелігіңізде бір заттың (сөйлеушіге қатысты зат) жоқ екендігін білдіреді. Зат деген тек қана өлі заттар деген ой болмасын (зат есім деп түсінген дүрыс болар). Олардан бөлек туыстық, жақындық және таныстық қатынастар жайлы айтылғанда да осы have немесе have …

Featured, Тіл үйрену »

[8 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 13-сабақ: Белгісіздік есімдігі

Белгісіздік есімдіктері (Indefinite Pronoun) сілтеніп тұрған тұлғаның кім екенін немесе заттың не екенін анықтамайды. Тек белгісіз түрде ғана сілтеме жасайды. Белгісіздік есімдіктеріне мыналар жатады: some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кейбіреу) …

Featured, Білім мен ғылым »

[7 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Продакт-плейсмент дегеніміз не?

Про́дакт пле́йсмент (ағылш. тілінде product placement, сөзбе сөз аударсақ, бұл өнімді жайғастыру; жасырын жарнама мағынасында) – кино, телебағдарлама, компьютерлік ойын, музыкалық клип немесе кітаптағы реквизит шынайы коммерциялық аналогқа ие болған жағдайдағы жарнамалық әдіс. Көбінде жарнамаланып тұрған өнім немесе оның логотипі көрсетіліп, сапасы жайында айтылады.

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[5 Jul 2010 | 2 пікір | ]
Ағылшынша үйрену. 15-сабақ: Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектер

Foodstuffs – азық-түлік, vegetables – көкөністер, fruit – жеміс-жидектер
Бұл сабағымыз күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік атаулары мен оларды сұрап алу, олар жайлы әңгіме айтқанда қолданылатын сөз тіркестері жайлы болмақ. Азық-түлік болғаннан кейін жеміс-жидектер мен көкөністер жайлы сөздер мен сөз тіркестері осы тақырыпта.

Featured, Білім мен ғылым, Сөздік | Терминдер »

[3 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Ивент-маркетинг дегеніміз не?

Ивент-маркетинг – бұл шараны ұйымдастырудың кешенді түрі және ол есте қаларлық шаралар арқылы марка немесе компанияның өнімін жылжытуға арналған. Бұндай шаралар мақсатты аудиториямен эмоционалдық байланыс орнатуда оң нәтиже береді.
Ағылшын тілінен «event» сөзі оқиға, шара деп аударылады. Осыдан event-маркетинг сөз тіркесін «шаралық маркетинг» деп қарастыруға болады. Алайда, шараның өзі әрекеттің нәтижесі ғана емес пе, ал маңызы – қызмет немесе тауарыңызды тұтынушыға сыйлық ретінде ұсыну. Бұл құралдың көмегімен жарнаманы тегін сыйлыққа айналдырып, талап қоя алатын және әбден жалыққан аудиторияның назарын аудартуға болады.

Featured, География, Әлем »

[1 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Баян-Өлгей Аймағы — Бай Өлке

Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Баян-Өлгей Аймағы 1940 жылы құрылған. Ауданы 45 705 км2 территорияны қамтиды. Құрамына 13 сум (сум– әкімшілік аудан) кіретін Бай Өлкенің әкімшілік орталығы Өлгей қаласы болады. Өлгей қаласының моңғолша атауы — Өлгий. Өлгей Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласынан батысқа қарай 1 700 шақырым қашықтықта таулы шатқалдан орын тепкен.

Featured, Тіл үйрену »

[30 Jun 2010 | 6 пікір | ]
It is I немесе It is me

Ағылшын тілінде “Бұл — менмін” дегенді “It is I” немесе “It is me” деп айтады, жазады. Мен “It is me” дегенді үйренгенде таң қалдым. Өйткені қазақшаға аударсаңыз “Бұл — мені” немесе “Бұл — маған” деген тіркестер шығады. Бірақ “Ағылшын тілінің көп ерекшеліктерінің бірі болар” деген оймен ол жайлы көп ізденбедім. Кейін күндердің бір күнінде “It is I” деген тіркеске ұшырастым. Қате жазған дейін десем, үлкен жазушының немесе ағылшын тілі ана тілі болып саналатын шетелдіктің еңбегі екен. Оның үстіне, менің тіл білімім оныңкімен салыстырғанда түк те емес еді. Содан, бас қатты. …