Басты бет »Мұрағат

Жазушылар бөліміндегі мақалалар

Жазушылар, Тұлғалар/Батырлар »

[11 Apr 2010 | Пікір жоқ | ]

”Бес арыс” атауы қамтитын алаш зиялылары

Шәкәрім Құдайбердіұлы, 1858 жылы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келді.

Мағжан Жұмабаев, 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Бұланды ауданы, Молодежный совхозында дүниеге келді.

Жүсіпбек Аймауытов, 1890 жылы Семей облысы, Кереку уезі Қызылтау болысында дүниеге келді.

Ахмет Байтұрсынұлы, 1873 жылы Торғай уезіне қарасты Тосын болысы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.

Мыржақып Дулатұлы, 1885 жылы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында дүниеге келді.

Жазушылар »

[1 Apr 2010 | Пікір жоқ | ]

Жазушы, әдебиет зерттеуші Мағауин Мұхтар Мұқанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданының Баршатас селосында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келді.

Жазушылар, Әдебиет саласы »

[15 Mar 2010 | Пікір жоқ | ]

Өмірбаян
Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер …

Жазушылар, Әдебиет саласы »

[10 Mar 2010 | Пікір жоқ | ]

Қазақ ұлтының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы өз дәуіріне дейінгі дүние данышпандарының даналық мәйегін толық меңгерген және бүкіл көшпелілер әлемінің дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көркем ойының мүмкіндігін бойына сіңірген, сол қасиеттері арқылы адамзат санасының дамуына үлес қосқан дара тұлға. Абай 10 жасында Семей қаласындағы Ризаның медресесіне оқуға түседі. Бұл мешіттің ұстаздары сол замандағы алдыңғы қатарлы жәдидизм ағымында білім алған, исі түркі мен мұсылман әлеміне танымдық жаңалық әкелген, дін мен ғылымды, азаматтықты ту етіп ұстаған Шаһабуддин Маржани мен Мұхаммед Ғабдукидің, Ғазалидің жолын қуған оқымыстылар еді. Бұл медреседе ғылымның негізгі салаларының барлығы …

Жазушылар, Әдебиет саласы »

[6 Mar 2010 | Пікір жоқ | ]

Тұманбай Молдағалиев — 1935 жылы 20-наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.

Жазушылар, Әдебиет саласы »

[28 Feb 2010 | Пікір жоқ | ]

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді Исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Жазушылар »

[18 Feb 2010 | Пікір жоқ | ]

Апбаз Қаражігітов 1923 жылдың 15 наурызында Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Сарысу ауылында туған. 1953 жылы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Ауылында колхозшы, колхоз есепшісі, мектептерде мұғалім, мектеп директоры, 1942-1943 жылдары Қызыл Армия қатарында болған. 1970-1984 жылдарда Қарағанды облыстық газетінде тілші, Жезқазған облыстық газетінде бөлім меңгерушісі, 1984-1990 жылдарда Жезқазған баллар театрының әдеби меңгерушісі, 1990-1998 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағы Жезқазған облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.

Жазушылар, Әдебиет саласы »

[16 Feb 2010 | Пікір жоқ | ]

Қазақ әдебиетінің аса қуатты арнасына айналған абайтанудың ғылыми тұрғыдан зерттелу кезеңін үш салаға бөле қараудың қажеттілігі туды.
- Бірінші кезеңі, яғни абайтанудың алғашқы дәуірі ресми түрде баспасөз бетінде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады.
- Екінші кезең 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұқтар Әуезов бастаған соны танымдарының заманымен аяқталады.
- Үшінші кезең 1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірімен жалғасады.

Жазушылар, Әдебиет саласы »

[6 Jan 2010 | Пікір жоқ | ]
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген.
1957 жылы осы ауданның Баршатас селосындағы қазақ орта мектебін бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі.