Басты бет »Мұрағат

Жүктілік бөліміндегі мақалалар

Featured, Денсаулық, Жүктілік, Әлеумет »

[18 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Аборт — қайғы мен өкініш

Аборт (түсік тастау) — әйелдің жатырына біткен ұрықты жасанды жолмен алып тастау. Аборт жасатуды барлық қоғам, барлық діндер үлкен күнәлардың қатарына жатқызады. Өте жеркенішті, тіпті мақұлық екеш жабайы хайуандар да өз шаранасын өзі өлтіріп тастамайды.
Аборт жасатуға түрлі жағдайлар себеп болады. Қазіргі күнде көбінің алға тартар себебі: әлеуметтік жағдайдың жоқтығы, заңды түрде некелескен күйеуінің болмауы, байқаусызда аяғы ауырлап қалып, туған-туыстарынан қорқуы.
Денсаулық жағдайына байланысты түсік тастайтындардың саны өте аз. Соңғыларының жағдайын түсінуге болады. Өйткені, сәбидің өмірінен ананың өмірі маңызды. Егер дүниеге сәби әкелу әйел үшін қауіпті болса, онда аборт жасатуда

Денсаулық, Жүктілік »

[18 May 2010 | Пікір жоқ | ]

Адамзат баласы ер мен әйел болып жаратылғалы екеуінен өрбитін ұрпақтың болатыны аян. Әй адам балаларды тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, дүниеге жас сәбиді әкеледі.
Жүктілік кезінде әйелдің емшектері толысып, дөңгелек пішінге ене бастайды. Бұл ері мен әйелінің қуанышы десек те болар. Өйткені әйелдің сұлулығына сұлулық қоса түсетін қасиеті бар. Мұндай сұлулық ұқыпты күтімді қажет етеді.

Денсаулық, Жүктілік »

[29 Apr 2010 | 2 пікір | ]
Түсік тастаудың (аборттың) зияны

Жасанды жолмен түсік тастаудың салдары жарық дүние есігін әлі аша қоймаған сәбидің өмірін қиюмен берге оны жасатқан әйелдің жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің (ішкі ағзалардың жұмысын реттейтін жүйе) жұмысын бұзады. Одан бөлек әйел ағзасындағы табиғи құбылыстарға зақым келеді. Аборт жасатуға бел буған әйел өзінің денсаулығын қатерге тігеді. Аборт жасатқаннан кейін балалы болудың өзі өте сирек

Денсаулық, Жүктілік »

[9 Apr 2010 | 3 пікір | ]

Жүктілік кезінде аяғы ауыр әйелге дұрыс күтім қажет. Әйелдің денсаулығы мен жалпы жағдайы іштегі ұрыққа тікелей әсер етеді. Сәбидің дені сау болып туылуы үшін қандай әрекеттерді істемеу керектігін айта кетейік.

Featured, Жүктілік »

[25 Mar 2010 | Пікір жоқ | ]
Токсикоз: ерте және кейінгі токсикоз

Токсикоз деген не?
Болашақ ананың құрсағына ұрық бітіп, ұрықтың көлемі өзгергенде әйелдің ағзасында өзгерістер болады.  Денсаулық жағдайының ауытқып тұруына байланысты аяғы ауыр әйелде токсикоздар пайда болады. Токсикоздың екі түрі бар: алғашқы (ерте) токсикоз және кейінгі (соңғы) токсикоз.

Денсаулық, Жүктілік »

[13 Mar 2010 | Пікір жоқ | ]

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтанудың маңызы қандай?
Аяғы ауыр әйел үшін тамақтың мөлшері емес құнары маңызды. Іштегі ұрық әйелдің жеген тамағындағы құнарлы заттар арқылы қоректенеді. Жүктілік кезінде спиртті ішімдік ішу орны толмас кемшіліктерді тудырады. Сондықтан, алкогольді ішімдіктер мен улы тағамдардан сақтанған жөн. Сізге зиян болған нәрсе сәби үшін де зиян болып табылады.

Жүктілік »

[13 Mar 2010 | Пікір жоқ | ]

Адам баласының артынан ұрпақ қалдырып, өзінің мұрагері ететін перзенттерінің дүниеге келуі ер мен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастың себебінен биологиялық жолмен болады.
Адамзаттың жүктілік мерзімі қырық аптаны, яғни, тоғыз айды құрайды. Әрбір аптада ішке біткен ұрықтың бойында түрліше өзгерістер болып отырады. Жүктіліктің нақты диагнозы дәрігердің көмегімен анықталады. Одан басқа жүктіліктің алғашқы кездегі белгілері де бар.