Тәнтану бөліміндегі мақалалар
Featured, Тәнтану »
Өт мүшесі
Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады.
Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс.
Биология, Тәнтану »
Қан плазмасы — қанның құрамындағы сары немесе сарғыштау түсті сұйықтық зат. Қан плазмасы қан мөлшерінің 55% құрайды. Қан плазмасының тығыздығы 1,025 кг/л, яғни, бір литр қан плазмасының салмағы 1025 гр.
Қанның құрамындағы плазманы ажыратып алу үшін Центрифуга құрылғысы пайдаланылады. Ол құрылғы қанның құрамындағы қан плазмасын, лейкоциттерді және эритроциттерді бөліп алады.
Денсаулық, Тәнтану »
Соқыр ішек (лат.: Caecum, Coecum немесе Cecum) — ас қорыту жүйесіне кіретін ішкі мүшелердің бірі. Соқыр ішек аш ішектің аяқталып, тоқ ішектің басталатын алдыңғы бөлігінде орналасқан. Ол кішкене қапшық тәрісздес мүше. Соқыр ішектің аппендикс деген өсіндісі болады. Ол қабынған кезде Соқыр ішек ауруы (Аппендицит) пайда болады.
Суретте: 1) соқыр ішек, 2) соқыр ішек өсіндісі (аппендикс)
Биология, Тәнтану »
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінді бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
Денсаулық, Тәнтану »
Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.
Тәнтану »
Тіршілік етуші кез-келген ағза өмір сүруі үшін көректенуі керек. Қоректік заттарды ағзада қорыту арқылы өзіне керекті заттарды алып отырады. Сол секілді адам ағзасының да ас қорту жүйесі бар. Ас қорыту жүйесі мүшелері мен олардың қызметтеріне қысқаша түсініктеме бере кетейік.
Суреттегі ағзалардың белгіленуі: 1) ауыз қуысы, 2) сілекей бездері, 3) жұтқыншақ, 4) өңеш, 5) асқазан, 6) он екі бармақты ішек, 7) аш ішек, 8 ) тоқ ішек, 9) ұйқы безі, 10) бауыр, 11) өт, 12) тік ішек






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.