Басты бет »Мұрағат

Қалалар | ауылдар бөліміндегі мақалалар

Featured, Қалалар | ауылдар, Әлем »

[20 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Бонн (Bonn) қаласы

Бонн (Bonn) қаласы — Германия Федеративті Республикасының батысындағы қала. Бонн қаласы ГФР-дің Солтүстік Рейн-Вестфалия (Bundesland Nord Rhein-Westfalien) федеративті жерінің аумағында, Рейн өзенін бойлай орналасқан. Қала халқының саны, ресми деректер бойынша, 318 мың адамды құрайды, Германия бойынша 19-шы орында.

Қалалар | ауылдар »

[18 May 2010 | Пікір жоқ | ]
Кентау қаласы туралы

Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар.

Кентауқаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды.
Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.

Қалалар | ауылдар »

[12 May 2010 | Пікір жоқ | ]
Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен қаласы Қазақстанның Маңғыстау облысында орналасқан. Географиялық орналасуы бойынша Маңғышлақ үстіртінде (түбегінде)  орналасқан. Облыс орталығы Ақтау қаласынан 150 км. қашықтықта орналасқан.
Жаңаөзен қаласының негізі 1968 жылы қаланды. Сол кезден бастап 1992 жылға дейін қала Новый Узень деп аталды. Тәуелсіздік алғаннан кейін қалалардың аттарын қазақша атауларға ауыстыру басталған кезде Жаңаөзен деген атқа ие болды.