Сөздік | Терминдер бөліміндегі мақалалар
Featured, Білім мен ғылым, Сөздік | Терминдер »
Ивент-маркетинг – бұл шараны ұйымдастырудың кешенді түрі және ол есте қаларлық шаралар арқылы марка немесе компанияның өнімін жылжытуға арналған. Бұндай шаралар мақсатты аудиториямен эмоционалдық байланыс орнатуда оң нәтиже береді.
Ағылшын тілінен «event» сөзі оқиға, шара деп аударылады. Осыдан event-маркетинг сөз тіркесін «шаралық маркетинг» деп қарастыруға болады. Алайда, шараның өзі әрекеттің нәтижесі ғана емес пе, ал маңызы – қызмет немесе тауарыңызды тұтынушыға сыйлық ретінде ұсыну. Бұл құралдың көмегімен жарнаманы тегін сыйлыққа айналдырып, талап қоя алатын және әбден жалыққан аудиторияның назарын аудартуға болады.
Сөздік | Терминдер, Экономика »
БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге баға да пайда болды. Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан Баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. …
Сөздік | Терминдер »
Сирек кездесетiн өсiмдiк түрлерi, орман алқаптары, жабайы аңдары мен құстары, судағы балықтары, жалпы табиғаттың керемет туындылары мемлекеттiк қорғауға алынатын қорықтық аумақтарды ұлттық саябақтар деп атайды. Ұлттық саябақ ерекше экологиялық, тарихи, табиғи қорықтарды, ағарту, ғылыми-мәдени және туризм үшiн табиғи кешендер мен нысандарды қорғайтын, экологиялық-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу мақсатында пайдаланылады.
Сөздік | Терминдер, Экология »
Смог (Smog) сөзі — ағылшын тіліндегі “smoke (түтін)” және “fog (тұман)” сөздерінің бірігуінен пайда болған термин.
Смог — түтіннен, тұманнан және шаң-тозаңнан тұратын аэрозоль, улы түтін. Негізінен, үлкен қалалар мен өндіріс орындары көп шоғырланған аймақтарда орын алады. Адам денсаулығына өте қауіпті.
Сөздік | Терминдер, Әр түрлі тақырып »
Көп жағдайда «эмигрант» пен «иммигрант» сөздерінің мағынасы ауыстырылып жатады. Шын мәніндегі мағыналары қалай, соған тоқтала кетейік. Екі сөздің мағынасын түсіну үшін, алдымен, қаралып жатқан адам(дар)ға шекараның қай жағынан қаралып тұр, сол жағын анықтаған дұрыс. Бар гәп осында.






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.