Басты бет »Мұрағат

Тіл үйрену бөліміндегі мақалалар

Headline, Тіл үйрену »

[14 Jul 2010 | 2 пікір | ]
English grammar. 14-сабақ: ‘Have’ немесе ‘have got’

Have немесе have got сөздерінің қайсын қолдану керек екенін білу көбіне оңай соқпайды. Дегенмен, ол өте қарапайым тақырып. Жақсы түсіну үшін мысалдарға дұрыстап назар аударыңыздар және салыстырып көріңіздер.
Have немесе have got сөздері сіздің бір затқа иелік ететіндігіңізді, сізге тиесілі заттың бар екенін білдіреді. Болымсыз түрде алдыңғы сөйлемімізде түсіндіргендерге қарама-қарсы мағынаны, яғни, сіздің иелігіңізде бір заттың (сөйлеушіге қатысты зат) жоқ екендігін білдіреді. Зат деген тек қана өлі заттар деген ой болмасын (зат есім деп түсінген дүрыс болар). Олардан бөлек туыстық, жақындық және таныстық қатынастар жайлы айтылғанда да осы have немесе have …

Featured, Тіл үйрену »

[8 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 13-сабақ: Белгісіздік есімдігі

Белгісіздік есімдіктері (Indefinite Pronoun) сілтеніп тұрған тұлғаның кім екенін немесе заттың не екенін анықтамайды. Тек белгісіз түрде ғана сілтеме жасайды. Белгісіздік есімдіктеріне мыналар жатады: some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кейбіреу) …

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[5 Jul 2010 | 2 пікір | ]
Ағылшынша үйрену. 15-сабақ: Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектер

Foodstuffs – азық-түлік, vegetables – көкөністер, fruit – жеміс-жидектер
Бұл сабағымыз күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік атаулары мен оларды сұрап алу, олар жайлы әңгіме айтқанда қолданылатын сөз тіркестері жайлы болмақ. Азық-түлік болғаннан кейін жеміс-жидектер мен көкөністер жайлы сөздер мен сөз тіркестері осы тақырыпта.

Featured, Тіл үйрену »

[30 Jun 2010 | 6 пікір | ]
It is I немесе It is me

Ағылшын тілінде “Бұл — менмін” дегенді “It is I” немесе “It is me” деп айтады, жазады. Мен “It is me” дегенді үйренгенде таң қалдым. Өйткені қазақшаға аударсаңыз “Бұл — мені” немесе “Бұл — маған” деген тіркестер шығады. Бірақ “Ағылшын тілінің көп ерекшеліктерінің бірі болар” деген оймен ол жайлы көп ізденбедім. Кейін күндердің бір күнінде “It is I” деген тіркеске ұшырастым. Қате жазған дейін десем, үлкен жазушының немесе ағылшын тілі ана тілі болып саналатын шетелдіктің еңбегі екен. Оның үстіне, менің тіл білімім оныңкімен салыстырғанда түк те емес еді. Содан, бас қатты. …

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[28 Jun 2010 | 2 пікір | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі

Сұрау есімдіктеріне мыналар жатады: who (whom), what, whose, which.
Who (ху) және whom (хум)

Who есімдігі – қазақша «кім» деген сұрау есімдігі. Мысалы:
Who played football yesterday? – Кеше кім футбол ойнады?
Who is that girl? – Анау қыз кім?
Whom есімдігі – қазақ тіліндегі «кімді» «кімге» деген сұрау есімдіктері. Мысалы:
Whom did you meet last night? – Кешегі түні кімді кездестірдің?
To whom did you tell about it? – Ол жайлы кімге айттың(ыз)? (немесе Who did you tell it to? | Who did you tell about it?)

Оқушыға, Тіл үйрену »

[24 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 11-сабақ: to be етістігі

Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарын тым қатты тереңдетіп жазғаннан кейін бе, әйтеуір, ең басты, ең оңай деген тақырыпты ұмытып кетіппін. Ол тақырып “to be етістігі” деп аталады. Осы сабақты, кеш болмай тұрып, сіздерге ұсынып отырмын.
verb — етістік
to be естістігінің түрленуі

Ағылшын тілінде “to be (болу)” деген етістік бар. Етістік болғанда қазақ тіліндегідей “отыру”, “тұру” дегендей қимылды, әрекетті білдіретін етістік емес. Қазақ тілінде “to be” етістігі жоқ. Есесіне, жалғаулар арлылы білдіріледі. Мысалы: I am a student — Мен — студентпін.

Featured, Тіл үйрену »

[23 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 10-сабақ: Сілтеу есімдігі

Көзге көрініп тұрған адамды, затты т.б. меңзегенде (нұсқағанда, көрсеткенде) сілтеу есімдіктері қолданылады. Сілтеу есімдіктері қазақ тілінде де ағылшын тілінде де мағыналық және атқаратын қызметтері жағынан ұқсас болып келеді.
Ағылшын тіліндегі сілтеу есімдіктері мынадай: this (мынау), that (анау), these (мыналар), those (аналар). Мұндағы these пен those, тиісінше, this пен that сілтеу есімдіктерінің көпше түрлері.
Егер сілтенетін зат немесе т.б. жақын жерде немесе қолда тұрса, онда this есімдігін (көпше түрде these) қолданамыз. Ал егер сілтенетін зат немесе т.б. алыс жерде, қол жетпейтіндей қашықтықта тұрса,

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[21 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері

Жіктеу есімдігі (Personal Pronoun)
Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септік және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігі: кімге? неге?; табыс септігі: кімді? нені?
Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз («ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сабиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» дегенді білдіреді.

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[19 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшынша үйрену. 14-сабақ: Туыстық атаулар мен отбасы мүшелері

Туған-туыстар туралы болғанымен, арасында қазақылыққа тән кейбір туыстық атаулар жоқ. Оны ағылшын тіліндегі туысқандық атаулардың қолданысының тарлығымен түсіндіруге болады (ағылшын тілді елдердің тұрмысында тума-туысты түп тамырына дейін түгендеу деген түсінік жоқ десе де болады). Оларды толықтырып жазу біраз еңбекті қажет етеді. Сондықтан, әзірге белгілі әрі көп қолданылатын сөздерді қарастырдым.

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[15 Jun 2010 | 6 пікір | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 8-сабақ: Есімдіктер (Pronouns)

Есімдіктер (ағл.: Pronouns) — тұлғаға, затқа, заттың сынына және санына, үстеуге сілтеме жасап (олардың орындарын ауыстырып), бірақ оларды атамай, басқаша сөздермен (есім сөздермен) алмастыратын сөз табы. Есімдіктердің лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемнің мағынасын өзгертпейді. Есімдіктер алдыңғы сөйлемде немесе ойда айтылған сөздердің орнын ауыстырады. Мысалы:
Асан сыныптағыларды жақсы танымайды. Өйткені ол сыныпқа жаңадан келді.
Жоғарыдағы мысалда екінші сөйлемдегі “ол” деген есім сөз (жіктеу есімдігі) алғашқы сөйлемдегі “Асан” сөзін

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[11 Jun 2010 | 4 пікір | ]
Ағылшынша үйрену. 13-сабақ: Ақша, төлемдер және банкомат

Ағылшын тілінде валютаның бір бірлігінен көбін көпше түрде айтады (one dollar, two dollars). Мысалы, $100 (100 dollars) дегенді жүз долларлар немесе €200 (200 euros) дегенді 200 еуролар деп айтады. Бірақ мағыналық жағынан қазақшадағы жүз доллар, екі жүз еуро дегенге саяды. Ал Қазақстанның валютасы – теңге – көпше түрде де tenge болады. Мысалы, Can I borrow 1000 tenge? – Қарызға 1000 теңге ала аламын ба?

Featured, Тіл үйрену »

[8 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 7-сабақ: Салыстырмалы шырайдың көмекші сөздері

Ағылшын тіліндегі сын есімнің салыстырмалы шырайы тікелей сын есімдер арқылы және арнаулы сөздер арқылы жасалады. Тікелей сын есімдерден (more көмекші сөзімен қоса) жасалатын салыстырмалы шырайдағы сын есімдерді өткен сабақта талқыладық. Бұл сабақта as … as, not so … as, салыстырмалы шырай+ than, the+салыстырмалы шырай …, the+ салыстырмалы шырай деген салыстырмалы шырайдың арнаулы сөздерін қарастырамыз.

Тіл үйрену »

[4 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 6-сабақ: Сын есім  (The Adjective)

Ағылшын тіліндегі сын есім (the Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea – терең теңіз, fresh air – таза ауа.
Сын есімнің екі түрі болады:
1) сапалық (негізгі) сын есім: big – үлкен, tall – биік, small – кішкентай, т.с.с.
2) қатыстық (туынды) сын есім: central – орталық, golden – алтын (алтыннан жасалған), т.с.с.

Қатыстық сын есімдер салыстырмалы шырайда (түрде) болмайды және «very – өте» үстеуімен бірге жазылмайды