Жаңалықтар бөліміндегі мақалалар
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Ия, бір айға созылған дүбірлі доданың ең соңғы ойынын Нидерланды мен Испания құрамалары өткізді. Бұл ойын Әлем Чемпионатының бірінші орын мен екінші орын иегерін анықтауы тиіс ойын болатын.
Нидерланды — Испания құрамалары арасындағы матч негізгі 90 минутта есеп ашылмастан тең аяқталып, қосымша он бес минуттық екі тайм ойналды. Матчтың ең соғы мтнуттарының бірінде, дәлірек, 116-шы минутта испаниялыұтар тарапынан А. Иниеста жеңіс голын соқты. Көбінде матчтың соңында жалғыз гол соғып, жеңіске жететін испандықтар бұл жолы да сол “әдеттерін” қайталады.
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Төрт жыл күткен Әлем Чемпионатының жартылай финалында Германия мен Испания құрамалары кездесіп, немістер испандықтардан жеңіліп қалды. Есеп — 0:1.
Немістердің жас әрі жаңа құрамасы осы кезге дейін жақсы ойнап келген болатын. Тіпті, Сербиядан ұтылған матчтың өзінде Испанияға қарсы ойнағандай нашар ойнамап еді. 1/8 финалда Англия құрамасын, 1/4 финалда Аргентина үйлеріне қайтарған немістер енді үшінші орын үшін Уругуай құрамасымен кездеседі.
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Нидерланды — Бразилия ширекфиналдық матчы нидерландылықтардың (голландықтардың) жеңісімен аяқталды. Әлемнің бес дүркін чемпиондарын “түсаулап тастаған” еуропалықтар жартылай финалға жолдама алды.
Ойын бастала салысымен басымдыққа ие болған бразилиялықтар сегізінші минутта афсайттық жағдайда гол соқты. Алайда афсайттық жағдай екенін байқап қойған қапталдағы төреші жалауымен белгі берді.
Алғашқы минуттардан бастып шабуылдарын үдеткен бразилиялық футболшылар қоярда-қомай қарсыластарының қақпасына алғашқы голды соқты. Алғашқы таймның соңына дейін есепте өзгеріс болмады.
Featured, Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
ОАР-дың Кейптаун қаласында өткен Испания — Португалия матчында испандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Гол 63-ші минутта Давид Вильяның ойыннан тыс қалуы жағдайында соғылды. Бірақ төрешілер бұл жағдайды қалыпты жағдай ретінде бағалады.
Испания құрмасы футболшылары допқа иелік ету жағынан қарсыластарынан алда болды. Алаңда допты ұршықтай үйірген олар бір ғана голды қанағат тұтты. Португалиялық футболшылар Испаниялықтардың қақпасына қауіпті соққылар бағыттағанымен, нәтижелі соққылары болмады.
Featured, Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Йоханнесбургтағы Соккер Сити стадионында өткен Аргентина — Мексика 1/8 финалдық матчында Аргентина құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Енді кезекте, 3-шілде күні Кейптаун қаласында Аргентина мен Германия құрамалары ширек финалда кездеседі.
Аргентина — Мексика кездесуінде есеп 26-минутта Тевездің Мексика қақпасына соққан голымен ашылды (Гол афсайттық жағдайда соғылды). Тевез 52-ші минутта екінші рет гол соғып, матчтың қаһарманы атанды. 35-ші минутта Игуаин тепкен доп мексикалықтардың қақпасынан бір-ақ шықты. Мексикалықтар тарапынан жауап ретінде Эрнандес гол соқты. Бұдан кейін қанша тырысса да аргентиналықтардан айлаларын асыра алмады.
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Футболдан Әлем Чемпионаты аясында өтіп жатқан 1/8 финал ойындарының үшіншісі Германия мен Англия құрамаларының арасында өтті. ОАР-дың Блумфонтейн қаласындағы алаңда кездескен қос құраманың ойыны немістердің жеңісімен аяқталды. Есеп — 4:1. Гол соққандар:
Клозе (20′), Подольски (32′), Апсон (36′), Мюллер (67′, 70′).
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Футболдан Әлем Чемпионаты аясында өткен 1/8 финалдың екінші ойынында (бірінші ойын: Уругвай – О. Корея 2:1) АҚШ пен Гана құрамалары өзара сынға түсті. Ойынның бесінші минутында-ақ есеп ашқан (гол соққан Кевин-Принц Боатенг) ганалық футболшылар американдық қарсыластарынан қалыспай ойнады. Допқа иелік ету жағынан екі команда да тең түсті.
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Әлем Чемпионатының соңғы топтық айналым ойындары аяқталды. H тобында Чили — Испания құрамаларының кездесуі және Швейцария — Гондурас құрамаларың кездесуі өтті. Чили — Испания матчы 1:2 есебімен аяқталса, Швейцария — Гондурас матчында есеп ашылмады.
Чили — Испания матчында гол соққандар: Д.Вилья (24-мин, 0:1), А.Иньеста (37-мин, 0:2) және Р.Мильяр (47-мин, 1:2). Чили Испаниядан ұтылғанына қарамастан 1/8 финалға өтті.
H тобындағы құрамалардың орналасу кестесі төмендегідей
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Бүгін ОАР-дың Дурбан және Нейлсприт қалаларында Әлем Чемпионатына қатысып жатқан командалардың G тобының ойындары өтті. Дурбанда Портулагия мен Бразилия құрамалары кездессе, Нейлспритте Солтүстік Корея мен Кот`д`Ивуар құрамалары кездесті.
Португалия мен Бразилия арасындағы матчта есеп ашылмай, командалар тең нәтижемен тарасты. Топтық ойындардың нәтижесі бойынша Бразилия 7 ұпаймен G тобының көшін бастады. Бразилияның кейін 5 ұпаймен Портулагия тұр. Бұл екі команда да келесі кезеңге өтті, яғни, 1/8 финалға шықты.
Featured, Жаңалықтар, Футбол »
Футболдан Әлем Чемпионатының D тобындағы топтық ойындар аяқталды. Гана мен Германия, Австралия мен Сербия құрамалары кездесті. Ганалықтар 0:1 есебімен немістерге ұтылса, Австралия футболшылары Сербия футболшыларын 2:1 есебімен жеңіп, Сербияны келесі кезеңге өту мүмкіншілігінен айырды.
Германиядан жеңілсе де, ұпайы Австралия құрамасының ұпайымен тең болып, гол айырмасымен алға шыққан Гана құрамасы да келесі кезеңге өтті.
D тобының қорытынды кестесі мынадай:
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Франция құрамасы топтық айналымдағы соңғы ойынында Оңтүстік Африка құрамасына ұтылып қалды. Үш ойын өткізіп бір ғана гол соққан 23 француз футболшылары небары 1 ұпайға қол жеткізе алды. Алғашқы ойында Уругваймен кездесіп, екі жақ та есеп аша алмай, тең түсіп еді. Екінші ойында Мексика құрамасымен кездесіп, 2:0 есебімен ұтылып қалды. Соңғы ойын француз футболшылары мен бас бапкерді тағы да масқаралай түсті. ОАР құрамасына қарсы ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Featured, Жаңалықтар, Спорт »
“Associated Press” ақпарат агенттігінің таратқан ақпараты бойынша, 2018 жылы болатын Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат қалардың қатарында үш қала бар: Францияның Анси қаласы, Германияның Мюнхен қаласы және Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласы. Аталған қалалардың ресми түрде үміткер екендігін Халықаралық Олимпиада Комитеті мақұлдады. Бұл қалалардың қайсысы XXIII Қысқы Олимпиада Ойындарын өткізу құқына ие болатындығы келесі жылдың 6-шілдесінде ОАР-дың Дурбан қаласында шешіледі.
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
2010 жылғы футболдан Әлем Чемпионатының топтың айналымының екінші кезектегі соңғы ойындары өтті.
G тобы. Кейптаун қаласында Португалия құрамасы Солтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 7:0 есебімен корейлерді ойсырата ұтты.
Жаңалықтар, Спорт, Футбол »
Кейптаун қаласы, G тобы, Португалия — Солтүстік Корея матчы.
Оо, неткен әдемі голдар, неткен көп гол! Португалия құрамасы Корей Халықтық Демократиялық Республикасының құрама командасын үлкен басымдықпен ұтты. Есеп: 7:0. Португалдардың голдар сериясы корейлердің мазасын алды. Қақпаға тыным бермеген еуропалық команда керемет голдар соқты. Корейлер жер болды. Қанша шабуылдаса да еш нәтиже шығара алмаған корейлер қарсылас команданың қақпасына бірде-бір гол соға алмады.
Гол соққан футболшылар: Мейрелеш (29-мин.), Симау (53-мин.), Угу Алмейда (56-мин.), Тиагу (60-мин., 89-мин.), Лиедсон (81-мин.), Роналду (87-мин.).






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.