Басты бет »Мұрағат

Футбол бөліміндегі мақалалар

Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[11 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]

Ия, бір айға созылған дүбірлі доданың ең соңғы ойынын Нидерланды мен Испания құрамалары өткізді. Бұл ойын Әлем Чемпионатының  бірінші орын мен екінші орын иегерін анықтауы тиіс ойын болатын.
Нидерланды — Испания құрамалары арасындағы матч негізгі 90 минутта есеп ашылмастан тең аяқталып, қосымша он бес минуттық екі тайм ойналды. Матчтың ең соғы мтнуттарының бірінде, дәлірек, 116-шы минутта испаниялыұтар тарапынан А. Иниеста жеңіс голын соқты. Көбінде матчтың соңында жалғыз гол соғып, жеңіске жететін испандықтар бұл жолы да сол “әдеттерін” қайталады.

Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[7 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]

Төрт жыл күткен Әлем Чемпионатының жартылай финалында Германия мен Испания құрамалары кездесіп, немістер испандықтардан жеңіліп қалды. Есеп — 0:1.
Немістердің жас әрі жаңа құрамасы осы кезге дейін жақсы ойнап келген болатын. Тіпті, Сербиядан ұтылған матчтың өзінде Испанияға қарсы ойнағандай нашар ойнамап еді. 1/8 финалда Англия құрамасын, 1/4 финалда Аргентина үйлеріне қайтарған немістер енді үшінші орын үшін Уругуай құрамасымен кездеседі.

Featured, Спорт, Футбол »

[3 Jul 2010 | 1 пікір | ]
Испания немістердің келесі “жаңғағы” болуы мүмкін

Футбодан Әлем Чемпионатында әлем жұртшылығы күтпегендей нәтижелерге жетіп жүрген Германия құрамасы біріншіліктің фавориттеріне баланған Англия мен Аргентина құрамаларын жарыс жолынан шығарып тастады. Енді тағы бір фаворит – Испания құрамасы – немістердің алдынан шығып отыр. Германия мен Испания арасындағы матч шын мықты анықталатын матч болмақ.
“Күш атасын танымайды” деген рас екен-ау. Дені өрімдей жас футболшылардан тұратын немістердің құрама командасы алдарынан шыққандарды атақ-даңқына, абыройына қарамастан “жаңғақ” секілді шағуда. Тек топтық ойындарда Сербия құрамасына ұтылғаны болмаса, қалған ойындарында ірі есеппен жеңіске жетті. Мысалы, алғашқыда Австралия құрамасын 4:0 есебімен, 1/8 финалда Англия құрамасын 4:1

Featured, Спорт, Футбол »

[3 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Аргентина — Германия 0:4. Аргентина капутт!

ОАР-да өтіп жатқан футболдан Әлем Чемпионатының ширекфиналдық ойынында Аргентина мен Германия құрмалары кездесті. Ойын бастала салысымен немістер аргентиналық қарсыластарын састырып, 3-ші минутта неміс футболшысы Мюллер аргентиналықтардың Ромеро қорғаған қақпасына басымен гол соқты. Матч барысында допқа иелік етту жағынан Аргентина құрамасы аз да болса немістерден басым болды. Қақпаға бағыттаған соққылары жағынан екі команда да тең түсті.

Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[2 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]

Нидерланды — Бразилия ширекфиналдық матчы нидерландылықтардың (голландықтардың) жеңісімен аяқталды. Әлемнің бес дүркін чемпиондарын “түсаулап тастаған” еуропалықтар жартылай финалға жолдама алды.
Ойын бастала салысымен басымдыққа ие болған бразилиялықтар сегізінші минутта афсайттық жағдайда гол соқты. Алайда афсайттық жағдай екенін байқап қойған қапталдағы төреші жалауымен белгі берді.
Алғашқы минуттардан бастып шабуылдарын үдеткен бразилиялық футболшылар қоярда-қомай қарсыластарының қақпасына алғашқы голды соқты. Алғашқы таймның соңына дейін есепте өзгеріс болмады.

Featured, Спорт, Футбол »

[2 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Нидерланды — Бразилия

Бүгін футболдан Әлем Чемпионатының алғашқы ширек финал ойындары басталады. Алғаш болып Порт-Элизабет қаласында Нидерланды мен Бразилия құрамалары жасыл алаңға шықпақ. Екі команданың да осал емес екендігін ескерсек, жеңіске жеті екі жаққа да оңай соқпасын аңғарамыз. Екеуі де мықты болғанымен, жартылай финалға тек біреуі ғана шыға алады. 

Featured, Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[29 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Испания — Португалия 1:0

ОАР-дың Кейптаун қаласында өткен Испания — Португалия матчында испандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Гол 63-ші минутта Давид Вильяның ойыннан тыс қалуы жағдайында соғылды. Бірақ төрешілер бұл жағдайды қалыпты жағдай ретінде бағалады.
Испания құрмасы футболшылары допқа иелік ету жағынан қарсыластарынан алда болды. Алаңда допты ұршықтай үйірген олар бір ғана голды қанағат тұтты. Португалиялық футболшылар Испаниялықтардың қақпасына қауіпті соққылар бағыттағанымен, нәтижелі соққылары болмады.

Featured, Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[27 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
1/4 финалда Аргентина мен Германия ойнайтын болды

Йоханнесбургтағы Соккер Сити стадионында өткен Аргентина — Мексика 1/8 финалдық матчында Аргентина құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Енді кезекте, 3-шілде күні Кейптаун қаласында Аргентина мен Германия құрамалары ширек финалда кездеседі.
Аргентина — Мексика кездесуінде есеп 26-минутта Тевездің Мексика қақпасына соққан голымен ашылды (Гол афсайттық жағдайда соғылды). Тевез 52-ші минутта екінші рет гол соғып, матчтың қаһарманы атанды. 35-ші минутта Игуаин тепкен доп мексикалықтардың қақпасынан бір-ақ шықты. Мексикалықтар тарапынан жауап ретінде Эрнандес гол соқты. Бұдан кейін қанша тырысса да аргентиналықтардан айлаларын асыра алмады.

Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[27 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]

Футболдан Әлем Чемпионаты аясында өтіп жатқан 1/8 финал ойындарының үшіншісі Германия мен Англия құрамаларының арасында өтті. ОАР-дың Блумфонтейн қаласындағы алаңда кездескен қос құраманың ойыны немістердің жеңісімен аяқталды. Есеп — 4:1. Гол соққандар:
Клозе (20′), Подольски (32′), Апсон (36′), Мюллер (67′, 70′).

Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[26 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]

Футболдан Әлем Чемпионаты аясында өткен 1/8 финалдың екінші ойынында (бірінші ойын: Уругвай – О. Корея 2:1) АҚШ пен Гана құрамалары өзара сынға түсті. Ойынның бесінші минутында-ақ есеп ашқан (гол соққан Кевин-Принц Боатенг) ганалық футболшылар американдық қарсыластарынан қалыспай ойнады. Допқа иелік ету жағынан екі команда да тең түсті.

Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[25 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Чили — Испания 1:2

Әлем Чемпионатының соңғы топтық айналым ойындары аяқталды. H тобында Чили — Испания құрамаларының кездесуі және Швейцария — Гондурас құрамаларың кездесуі өтті. Чили — Испания матчы 1:2 есебімен аяқталса, Швейцария — Гондурас матчында есеп ашылмады.
Чили — Испания матчында гол соққандар: Д.Вилья (24-мин, 0:1), А.Иньеста (37-мин, 0:2) және Р.Мильяр (47-мин, 1:2). Чили Испаниядан ұтылғанына қарамастан 1/8 финалға өтті.
H тобындағы құрамалардың орналасу кестесі төмендегідей

Жаңалықтар, Спорт, Футбол »

[25 Jun 2010 | 2 пікір | ]

Бүгін ОАР-дың Дурбан және Нейлсприт қалаларында Әлем Чемпионатына қатысып жатқан командалардың G тобының ойындары өтті. Дурбанда Портулагия мен Бразилия құрамалары кездессе, Нейлспритте Солтүстік Корея мен Кот`д`Ивуар құрамалары кездесті.
Португалия мен Бразилия арасындағы матчта есеп ашылмай, командалар тең нәтижемен тарасты. Топтық ойындардың нәтижесі бойынша Бразилия 7 ұпаймен G тобының көшін бастады. Бразилияның кейін 5 ұпаймен Портулагия тұр. Бұл екі команда да келесі кезеңге өтті, яғни, 1/8 финалға шықты.

Featured, Жаңалықтар, Футбол »

[23 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]
Гана — Германия 0:1 | Австралия — Сербия 2:1

Футболдан Әлем Чемпионатының D тобындағы топтық ойындар аяқталды. Гана мен Германия, Австралия мен Сербия құрамалары кездесті. Ганалықтар 0:1 есебімен немістерге ұтылса, Австралия футболшылары Сербия футболшыларын 2:1 есебімен жеңіп, Сербияны келесі кезеңге өту мүмкіншілігінен айырды.
Германиядан жеңілсе де, ұпайы Австралия құрамасының ұпайымен тең болып, гол айырмасымен алға шыққан Гана құрамасы да келесі кезеңге өтті.
D тобының қорытынды кестесі мынадай:

Спорт, Футбол »

[22 Jun 2010 | Пікір жоқ | ]

Футболдан Әлем Чемпионатының A және B топтарындағы топтық ойындар айналымы аяқталды. Нәтижесі төмендегі кестелердегідей.
A тобы