Техника-технология бөліміндегі мақалалар
Жаңа технология, Интернет, Экономика »
Интернетке дейінгі заманда жарнама берушілерде түрлі қиындықтар болды: аудиторияның жарнамаға деген көзқарасы қандай, өнімге көңілі тола ма деген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндігі болған жоқ. Осыны білу үшін олар арнайы зерттеулерге тапсырыс беріп,
Интернет, Техника-технология »
1971 жылы “Bolt Beranek and Newman, Inc.” (BBN) компаниясының қызметкері Рэй Томлинсон тарату желісі арқылы хат жіберу мүмкіндігіне қол жеткізді.
1972 жылы Рэй Томлинсон пошталық бағдарламасын жаңартып, Интернетке дейінгі, ARPANET желісіне сай жасады.
Featured, Интернет »
Cтенфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Бринның жобасы арқасында Google жобасы өмірге келген. Қазір Google (айтылуы: гугл) — әлемдегі ең танымал іздеу жүйесі қатарында. Айына Google 40 миллиард сауалнамаларды қанағаттандырады екен (60% әлемдік іздеу жүйесі). Яғни бұл дегеніміз әлемдегі интернет қолданушылардың он адамның алтауы Google қызметіне жүгінеді екен. Күніне 50 млн сауалға жауап табып, 191 тілге ақпаратты анық тауып береді.
Featured, Техника-технология »
СӨИЛЕЙТІН ҚАҒАЗ
«Сіз жарнама щитіне келіп қолыңызды тигізсеңіз, сол тауардың сапасы жайлы қысқаша мағлұмат аласыз» деп түсіндіреді ғалымдар тобының жетекшісі Микаэл Гулликссон. Мұндай қағаздың интерактивтік «кереметі» – электроника-мен жабдықталған сандық қағаз қабаты. Ол қабат салмаққа дереу әсер ететін микрочип пен аудиофайлдардың байланысын құрайды.
Интернет »
html сөзі — ағылшын тіліндегі “HyperText Markup Language” деген тіркестің қысқартылған нұсқасы. html тілі — ғаламторда документтерді (файл, Интернет парақшасы …) белгілеудің стандартты тілі. Түсінікті тілмен айтқанда: гипермәтінді белгілеу тілі.
html тілі — уеб-браузерлерде қолданылатын суреттер мен мәтіндердің форматталу тілі. Адамың көзіне түсінікті түрде көрінетін Интернет парақшалардағы суреттер мен мәтіндер html тілінің көмегімен форматталады.
Техника-технология »
Темір — Менделеев кестесіндегі атомдық нөмірі 26 болып келетін элемент. Fe ( лат.: Ferrum) деп белгіленеді. Жерде ең көп таралған металл қатарында. Ересек адамның организмінде 3,5-4 грамм темір болады.
Шығу тарихы
Темір — ең ежелгі металл қатарында. Ең алғашқы темірден жасалған заттар біздің заманымыздан бұрын 4 мыңжылдыққа жасалған, ежелгі шумер және ежелгі Египет өркениетінің еншісінде.
Техника-технология »
Бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын Американың бір фирмасы аса бағалы піл сүйегін алмастыра алатын материал жасап шығару жөнінде арнайы бәйге жариялайды. Бәйгеге көптеген өнертапқыштар, инженерлер мен ғалымдар қатысады. Солардың ішінде ағайынды өнертапқыш Хайаттар да бар еді. Жүргізілген көптеген тәжірибелерден сон олар жабысқақ, созылмалы масса ойлап шығарады. Ыстық күйінде бұл масса балауыз немесе саз балшық сияқты оп-оңай өңделетін. Бірақ саз қатқан кезде морт сынғыш, ал балауыз жұмсақ күйінде қалады ғой.
Featured, Техника-технология »
WISE (Wide-field Infrared Survey Explorer) орбиталық инфра-қызыл телескопын NASA мамандары жасап, 2009 жылы 14-желтоқсанда ұшырды. WISE ғарыш телескопы аспан әлеміндегі көзге көрінбейтін, тек қана көзге емес, сондай-ақ, оптикалық телескоптарға көрінбейтін аспан денелерін үздіксіз (әрбір 11 секунд сайын) сканерлеп отыру үшін ұшырылды. WISE ғарыш телескопы инфра-қызыл диапазондағы аспан денелерін бақылайды. Жобаның ұзақтығы он ай болмақ.
Интернет »
Drupal (Друпал) — php программалау тілінде жазылған сайтты басқару жүйесі (CMS) және уеб-қосымшалар құралы. Друпалмен кез-келген қиындықтағы, кез-келген мақсаттағы сайттарды жасауға болады. Друпалмен жасалған сайтты басқару үшін HTML жайлы білімнің болуы, уеб-қалыптауды (Веб-верстка) меңгеру мен басқа да программалау тілдерін білу міндетті емес.
Друпал халықаралық деңгейде уеб-жасақтаушылардың (веб разработчик) командасының көмегімен жасақталады. Друпал — тегін таратылатын сайтты басқару жүйесі (СБЖ). Авторлық құқы GNU General Public License аясында қорғалады.
Интернет, Техника-технология »
Интернет сөзі ағылшынша Interconnected Networks (байланысқан желілер) екі сөздің туындысы. Интернет ұғымы ақпараттық және есептеу техникалары ресурстарының әлемдік телекоммуникациялық желісі дегенді білдіреді. Интернет сөзімен бірге Әлемдік желі, Ғаламдық желі, Ғаламтор деген сөздер де қолданылады. Барлығының мағынасы бір.
2008 жылғы статистика бойынша әлем халқының төрттен бірі интернетті пайдаланады екен. Ол дегеніңіз 1,5 млрд. адамды құрайды.
Техника-технология »
Американдық ғалымдар түрлі табиғаттағы (дауыс толқындары қозғалыс кезіндегі тітіркеністер) тітіркеніс энергияларын жинау үшін және оны электр энергиясына айналдыру үшін, мұнда айналдыру тиімділігі 2-3 есеге өседі, нанокөлемді пьезоэлектриктерді пайдалану мүмкін екендігін көрсетті. Бұл өнертабыс «жасыл» электрде жұмыс істейтін өзі зарядталатын мобильді құрылғыларды жасауға мүмкіндік береді.
Техника-технология »
Android операциялық жүйесі — ұялы телефондарға, смартфондарға арналған оп. жүйе. Оң негізі Linux ядросында. Алғаш рет Android Inc. компаниясы жасап шығарған Android-ті кейін Google сатып алады.
Android операциялық жүйесі үнемі жаңартылып отырды. Әр жаңарған сайын алдыңғы нұсқаларындағы қателер түзетіліп, жаңа өзгерістер мен функциялар енгізілді.
Жаңа техникалар »
Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбестей қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Әлемдегі ең алпауыт компаниялардың қатарындағы алғашқы орындар АҚШ және Жапон комапанияларына бұйырады.
Жаңа технологиялардың арасынан дисктердің даму процесіне көз салсақ, өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы IBM 3380 Disc Sysytems
Техника-технология »
Электротехника
Электротехника — электр тогының практикалық қолданылуын зерттейтін техникалық ғылымның бір саласы. Электротехника XIX ғасырдың соңына қарай телеграф пен электр тогын өткізетін құралдардың коммерцияланғанынан кейін физиканың бөлек бір ғылымы болып шықты.
Қазіргі кездегі электротехника бірнеше ғылымдардан тұрады: электроэнергетика, электроника, автоматты басқару жүйелері, сигналдарды түрлендіру және телекоммуникация.
Электротехниканың электроникадан басты айырмашылығы — кең көлемдегі күшті электронды компаненттерге қатысты құбылыстарды зерттеуінде. Мұндағы компаненттер дегеніміз: электр тасымалдағыш (өткізгіш) желі және электрлі сүйемелдегіш. Ал электрониканың негізгі компаненттері болып компьютер мен интегралды сызбалар (схема) саналады. Басқаша айтқанда, электротехниканың басты тапсырмасы электр тогының тасымалдануы болса, электрониканың басты …






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.