Биология бөліміндегі мақалалар
Жануарлар »
Бұл өзi — каршыға тұқымдасына жататын қыран құстардьң бipi. Тұйғын жер шарыньң Антарктидадан басқа кұрлыктарының бәрінде кездеседі. Көбінесе орман-тоғайлы, бұталы тау бөктерлерлерінде мекендейді, Тұрқы 70—80 сантиметрдей, салмағы 500— 1100 грамм шамасында болады.
Жануарлар »
Орман-тоғай аралап жүрген кезде алуан түрлі құс ұясын көруге болады. Сол ұялар пішіні жағынан бір-біріне онша ұқсай бермейді. Мәселен, сырт жағына шырпы бұтақ қалап, ішін балшықпен қаптаған, түбіне өсімдіктің жіп-жіңішке шашақ тамырын төсеп, төбесіне «шатыр» жасаған бір ұя бар. Бұл —«сақ құс» атанған сауысқанның ұясы.
Сауысқан — қарға тұқымдасының бір түрі. Оның түр-түсі ала, құйрығы ұзындау болып келеді. Тұрқы 45—47 см, салмағы 250 грамдай. Евразияда, Африканың Солтүстік-Батыс бөлігінде, Солтүстік Америкада таралған. Орман-тоғайлар мен бұталы жерлерді мекендейді.
Жануарлар, Әр түрлі тақырып »
Жан-жануар үшін құйрық ең маңызды рөл атқарады. Ол механикалық, физиологикалық функциялар атқарады. Жануарлар секіріс кезінде кедергі күш ретінде,орындық ретінде, руль ретінде, шағылу кезінде пайдаланады. Орман жануарлар арасында тиын ағаш-бұталарда өмір сүруге бейімделген. Ол өте тез жылдамдықпен ана ағаштан мына ағашқа еркін қозғалады.
Биология, Әр түрлі тақырып »
Гербарий (лат. herbarium, herba—шөп) тұңғыш рет XVI ғасырда Италияда пайда болды. Оның пайда болуы қағаз пайда болуымен байланысты. Өсімдік зерттеуші, дәрігер Луке Гини негізін қалады.
Барлық ашылған жаңа гербарийлер «The Index Herbariorum» деп аталатын халықаралық ұйымға тіркеледі. Бұл ұйым жаңа ашылған гербарийлерге жеке кодын бере отырып,зерттеумен айналысады.
Биология »
Cұлы — дәнді дақылдарға жататын бір немесе екі жылдық шөптәріздес өсімдіктің атауы. Оның отаны — Қытай мен Моңғолия жері.
Сұлы — азықтық дақыл. Сұлысы жайқалған кең алқап керемет әдемі көрінеді: ол сәл ғана үп еткен жібек желдің өзінен күміс теңіздей толқып, бетінде нұр ойнайды. Сұлының күн сүйген қатқыл қауызының ішінде уылжыған ұзынша дәндері болады. Ол мал азығына осы қауызымен-ақ жарай береді. Ал адам тағамына пайдалану үшін оны қауызынан тазартып ақтау қажет.
Биология »
Бұл өзі — 4-5 мың жыл жасайтынына қарамастан, онша биік өспейтін ағаш, биіктігі — 18-25 м. Оның есесіне жуандығы таң қалдырады: діңінің шеңбері 25 м-ге жетеді! Баобабты құшақтау үшін бүкіл бір класс оқушылары оны қол ұстаса қоршауы керек болар еді. «Таудай баобабтан, тинемдей отын шықпайды»,— дейді африкалықтар.
Бұл қалай? Мұндай алып ағаштан отын дайындауға болады ғой! Бірақ мұндай отыннан пайда жоқ, өйткені баобаб ағашы жанбайды.
Биология, Тәнтану »
Қан плазмасы — қанның құрамындағы сары немесе сарғыштау түсті сұйықтық зат. Қан плазмасы қан мөлшерінің 55% құрайды. Қан плазмасының тығыздығы 1,025 кг/л, яғни, бір литр қан плазмасының салмағы 1025 гр.
Қанның құрамындағы плазманы ажыратып алу үшін Центрифуга құрылғысы пайдаланылады. Ол құрылғы қанның құрамындағы қан плазмасын, лейкоциттерді және эритроциттерді бөліп алады.
Featured, Биология »
Сәбіз (лат.: daucus)— жер астында өсетін екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылында тамыры үлкейіп жеміске айналса, екінші жылында ұрықтанады. Сәбіз тамыры жеміс болып саналатын өсімдіктердің қатарынан болады. Сәбіздің мәдени және жабайы түрлері бар. Әдетте, мәдени сәбіздің түсі қою сары, ал жабайы сәбіздің түсі ақшылдау болып келеді.
Құрамы каротиноидтарға бай. Каротиноидтардың қатарына B, B2 дәрумендері жатады. Сәбіздің құрамында амин қышқылдары, 3-15 % мөлшерде қант, аздаған мөлшерде эфир майы кездеседі.
Биология, Тәнтану »
Зәр шығару жүйесі — адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процесі кезінді бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.
Биология, Әр түрлі тақырып »
Фибрин – ерімейтін талшықты ақуыз.
Микология – cаңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым
Суккулентті өсімдік – ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар өсімдіктердің түрі.
Биология, Әр түрлі тақырып »
Липидтер (грек.: λίπος, lípos — майлар) — май қышқылдары және олардың туынды өнімдерінен тұратын органикалық қосылыстар. Липидтер қарапайым билогиялық молекулаларға жатады.
Липидтер үлкен үш топқа бөлінеді:
Биология »
Ферменттер (Энзимдер) жайлы түсінік
Ферменттер (Энзимдер) — тірі ағзаның биохимиялық реакциясын тездететін (катализдеу), ақуыз молекулаларынан (протеиндерден), РНҚ-дан немесе олардың комплексті қосылыстарынан тұратын биологиялық активті органикалық заттар. Аталған «фермент» мен «энзим» терминдерінің мағынасы бір, синонимдер. Әр түрлі елдердегі қолданысына қарай екі атаумен аталды.
Биология, Жануарлар, Әр түрлі тақырып »
Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Үй мысығының арғы тегі мысық тәрізділер отрядына жататын ливиялық жабайы мысық екен. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай Дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130 мың жылдай бұрын пайда болған.
Featured, Жеміс-жидек »
Ананас (лат. Ananas comosus) көпжылдық шөп тектес өсімдік. Ананастық отаны — Оңтүстік Америка құрлығы. Қазіргі кезде тропиктік аймақтарда өсіріледі. Бір қызығы, тропиктен шалғай жатқан Голландияда (Нидерланды) ананас өсімдігі жылыжайда (теплица) өсіріледі.
Ананас — жылусүйгіш, жарықсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Ананастың жемісі өте дәмді әрі пайдалы. Ананас шырынындағы ферменттер ас қорыту барысында пайдасын тигізеді.






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.