Пайдалы кеңес бөліміндегі мақалалар
Headline, Діни, Пайдалы кеңес, Әр түрлі тақырып »
Төменде неміс жұртының әлемге әйгілі «Р.М.» журналында жарияланып, батыстықтарды ойландырған «Оразаның пайдасы» атты зерттеу мақаланы оқисыздар.
Неміс зерттеушілері осы еңбектен кейін оразаны екі-ақ сөзбен «Пышақсыз операция» деп атаған екен.
Жозеф Чиппач өзі білмейтін тақырыпта ешқашан жазбайтын адам болса керек. Ол ораза туралы мақала жазу үшін 1 айдай ораза ұстап көрген.
Featured, Пайдалы кеңес, Талапкер - 2010 »
• Балалардың ҰБТ-дан алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
Featured, Пайдалы кеңес, Әр түрлі тақырып »
Жемістің құрамында қант (сахароза, глюкоза, фрукто¬за), органикалық қышқыл, С және каротин (А провитамині) мол болады. Құрамында 65-75% қант болатындай етіп қайнатылған жеміс-жидек ұзақ сақталады.
Қайнатпаны әзірлейтін ыдыстың кең болғаны жақсы. Әзірленген жеміс не жидекті табаққа салып, үстіне ыстық сироп құяды. Сироптың қанттылығы жеміс-жидектің түріне қарай болады. Кейде жеміс-жидектерді (бүлдірген, шие) құмшекермен бірге салады, мұндайда жеміс-жидектен бөлінген шырын құмшекермен араласып сиропқа айналады. Қайнатпа сапалы болу үшін оны бірнеше қайтара қайнатады. Ішіне жеміс салынған сиропты бірнеше сағат қайнатады да, содан кейін ыдысты оттан алып, бабына келуі үшін 5-8 сағат қояды (түні бойы қоюға …
Featured, Денсаулық, Пайдалы кеңес »
Шомылу — дем алу мен шынығудың бір түрі. Табиғи суда (көл, өзен, теңіз), сондай-ақ жасанды су қоймаларында (бассейн) шомылуға болады. Ал, ауылдық жерлердегі тұрып қалған шалшық суға, не болмаса мақта суаратын дәрі қосылған суға шомылмаған дұрыс. Белгілі бір тәртіпті сақтағанда үнемі шомылу организмді шынықтырудың және суық тиюден болатын аурулардан алдын алудың тиімді жолы боп саналады.
Шомылу әдетте, бұлшық еттің өте белсенді қозғалысын тудырады, мұның өзі бүкіл организмге, ең алдымен қозғалыс және жүріс-тұрыс органдарына пайдалы. Ашық су қоймаларында шомылғанда судың әсеріне ауаның, күн сәулесінің және тағы басқалардың әсері қосылады.
Featured, Пайдалы кеңес »
Картопты немесе сәбізді жүз рет ашысаңыз да турасаңыз да көзден еш жас шықпайды, ал пиязды (кей жерлерде жуа деп айтады) тураған кезіңізде көзіңізден жас шығады. Оның қандай сыры бар?
Лакриматор (лат.: Lacrima – көздің жасы) — көздің мөлдір (сұйық) қабатын тітіркендіретін газ түріндегі органикалық зат. Ол су мен көздің мөлдір сұйық қабатында еріп, күкірт қышқылын түзеді.
Денсаулық, Пайдалы кеңес, Әр түрлі тақырып »
Сарымсақ (Чеснок) — пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір. Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінда пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген.
Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.
Денсаулық, Пайдалы кеңес »
Шай — сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын. Шайдың отаны Қытай елі болып табылады. Ертеректе, 4 мың жылдай бұрын, Қытайда шайды дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен емдік сусын ретінде пайдаланады. Ол кездегі шай мен қазіргі шайдың айырмашылықтары баршылық. Мысалы, ол кезде шай жабайы өсімдік болатын, ал қазіргі шайлар мәдени өсімдікке жатады.
Пайдалы кеңес »
Сағыз шайнау адамның ауыз қуысындағы жағымсыз иістерді болдырмаудың жақсы әдісі екен. Сағыз өте жеңіл әрі кез-келген жерде пайдаға аса кететін зат. Сағыздың дәмінің қандай болғандығы маңызды емес. Оның дәмі ауыздың сасымауы үшін айтарлықтай маңызды қызмет атқара қоймайды. Маңыздысы, ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысы. Тістің сау күйінде сақталуы үшін құрамында қант жоқ сағыздарды пайдаланған жөн.
Ауру түрлері, Денсаулық, Пайдалы кеңес »
Уйй, қандай жағымсыз дыбыс десеңізші. Әсіресе, қорылдайтын адамнан кейін ұйықтай алмай қалған кездерде ше. Кейде сол адамды оятып алып, дұрыстап жат немесе менен кейін ұйықта дегің келеді. Әрине, амалсыздан солай ғой.
Қорылдаудың себебі неде?






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.