Басты бет »Мұрағат

Featured бөліміндегі мақалалар

Featured, Пайдалы кеңес, Талапкер - 2010 »

[31 Jul 2010 | 3 пікір | ]
Балаларға ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектесу қажет

• Балалардың ҰБТ-дан алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-дан кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
• ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз – бұл тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.

Featured, Тұлғалар/Батырлар, Физика, Ғарыш әлемі, Әр түрлі тақырып »

[25 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Ғарыш негізін салушы

Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі.
К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сыркаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.
Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады.

Featured, Ақындар, Әдебиет саласы »

[25 Jul 2010 | 2 пікір | ]
Қадыр Мырзалиев

Қадыр Мырзали –атақты қазақ ақыны, халық жазушысы,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1935 жылы  Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында туған. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы   «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шетелдіктер өте жоғары бағалайды.

Featured, Тұлғалар/Батырлар »

[24 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Рафаэль Санти

Қайта өркендеу заманының аса ұлы суретшісі Рафаэль Италияның Урбино деген қалашығында туды. Оның бірінші ұстазы өз әкесі — шіркеулерге әулиелердің бейнесін салатын суретші Санти еді. Ал екінші ұстазы — өзі туған өлкенің әрдайым көгілдір мұнарға оранып тұратын көркем табиғаты болды.

Featured, Ақындар, Әдебиет саласы »

[23 Jul 2010 | 2 пікір | ]
Шекспир сонеттері

Ағылшын драматургі Вильям Шекспир 1564 жылы 23 cәуірде дүниеге келген.” Отелло”, “Гамлет” сияқты өлмес мұралардың авторы.

Featured, Пайдалы кеңес, Әр түрлі тақырып »

[23 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Тосап қайнатқанда витаминдерді жойып алмайық

Жемістің құрамында қант (сахароза, глюкоза, фрукто¬за), органикалық қышқыл, С және каротин (А провитамині) мол болады. Құрамында 65-75% қант болатындай етіп қайнатылған жеміс-жидек ұзақ сақталады.
Қайнатпаны әзірлейтін ыдыстың кең болғаны жақсы. Әзірленген жеміс не жидекті табаққа салып, үстіне ыстық сироп құяды. Сироптың қанттылығы жеміс-жидектің түріне қарай болады. Кейде жеміс-жидектерді (бүлдірген, шие) құмшекермен бірге салады, мұндайда жеміс-жидектен бөлінген шырын құмшекермен араласып сиропқа айналады. Қайнатпа сапалы болу үшін оны бірнеше қайтара қайнатады. Ішіне жеміс салынған сиропты бірнеше сағат қайнатады да, содан кейін ыдысты оттан алып, бабына келуі үшін 5-8 сағат қояды (түні бойы қоюға …

Featured, Талапкер - 2010 »

[15 Jul 2010 | 9 пікір | ]

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында 2010/2011 оқы жылына арналып бөлінген мемлекеттік білім гранттарының тізімі мен олардың саны жайлы мәлімет пайда болды. Сол мәліметті сайтымыздың талапкер оқырмандарымен бөліссек дейміз.

Featured, Денсаулық, Әр түрлі тақырып »

[9 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Қымыз — дертке дауа

Қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш. Қымыз жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінің ысы әбден сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы “қор” деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға немесе салып,оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын самалды құйып,ыдыстың сыртын жылы орап тастайды. Қор езіліп, саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз іріктеніп кетеді) саумалды құйып, саумал әр құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырады.
Қымыз ашытылатын ыдысқа қойдың сүр қазысы мен семіз жаясын …

Featured, Тіл үйрену »

[8 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Ағылшын тілінің грамматикасы. 13-сабақ: Белгісіздік есімдігі

Белгісіздік есімдіктері (Indefinite Pronoun) сілтеніп тұрған тұлғаның кім екенін немесе заттың не екенін анықтамайды. Тек белгісіз түрде ғана сілтеме жасайды. Белгісіздік есімдіктеріне мыналар жатады: some, any, (some мен any-дің туындылары: somebody (белгісіз біреу), anybody ( кез-келген біреу), somewhere (бір жерде), anywhere (кез-келген жерде), something (бірдеңе, бір нәрсе), anything (кез-келген бірдеңе), someone (біреу), anyone (к-к біреу)), one (біреу, кейбіреу) …

Featured, Білім мен ғылым »

[7 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Продакт-плейсмент дегеніміз не?

Про́дакт пле́йсмент (ағылш. тілінде product placement, сөзбе сөз аударсақ, бұл өнімді жайғастыру; жасырын жарнама мағынасында) – кино, телебағдарлама, компьютерлік ойын, музыкалық клип немесе кітаптағы реквизит шынайы коммерциялық аналогқа ие болған жағдайдағы жарнамалық әдіс. Көбінде жарнамаланып тұрған өнім немесе оның логотипі көрсетіліп, сапасы жайында айтылады.

Featured, Оқушыға, Тіл үйрену »

[5 Jul 2010 | 2 пікір | ]
Ағылшынша үйрену. 15-сабақ: Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидектер

Foodstuffs – азық-түлік, vegetables – көкөністер, fruit – жеміс-жидектер
Бұл сабағымыз күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік атаулары мен оларды сұрап алу, олар жайлы әңгіме айтқанда қолданылатын сөз тіркестері жайлы болмақ. Азық-түлік болғаннан кейін жеміс-жидектер мен көкөністер жайлы сөздер мен сөз тіркестері осы тақырыпта.

Featured, Спорт, Футбол »

[3 Jul 2010 | 1 пікір | ]
Испания немістердің келесі “жаңғағы” болуы мүмкін

Футбодан Әлем Чемпионатында әлем жұртшылығы күтпегендей нәтижелерге жетіп жүрген Германия құрамасы біріншіліктің фавориттеріне баланған Англия мен Аргентина құрамаларын жарыс жолынан шығарып тастады. Енді тағы бір фаворит – Испания құрамасы – немістердің алдынан шығып отыр. Германия мен Испания арасындағы матч шын мықты анықталатын матч болмақ.
“Күш атасын танымайды” деген рас екен-ау. Дені өрімдей жас футболшылардан тұратын немістердің құрама командасы алдарынан шыққандарды атақ-даңқына, абыройына қарамастан “жаңғақ” секілді шағуда. Тек топтық ойындарда Сербия құрамасына ұтылғаны болмаса, қалған ойындарында ірі есеппен жеңіске жетті. Мысалы, алғашқыда Австралия құрамасын 4:0 есебімен, 1/8 финалда Англия құрамасын 4:1

Featured, Спорт, Футбол »

[3 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Аргентина — Германия 0:4. Аргентина капутт!

ОАР-да өтіп жатқан футболдан Әлем Чемпионатының ширекфиналдық ойынында Аргентина мен Германия құрмалары кездесті. Ойын бастала салысымен немістер аргентиналық қарсыластарын састырып, 3-ші минутта неміс футболшысы Мюллер аргентиналықтардың Ромеро қорғаған қақпасына басымен гол соқты. Матч барысында допқа иелік етту жағынан Аргентина құрамасы аз да болса немістерден басым болды. Қақпаға бағыттаған соққылары жағынан екі команда да тең түсті.

Featured, Білім мен ғылым, Сөздік | Терминдер »

[3 Jul 2010 | Пікір жоқ | ]
Ивент-маркетинг дегеніміз не?

Ивент-маркетинг – бұл шараны ұйымдастырудың кешенді түрі және ол есте қаларлық шаралар арқылы марка немесе компанияның өнімін жылжытуға арналған. Бұндай шаралар мақсатты аудиториямен эмоционалдық байланыс орнатуда оң нәтиже береді.
Ағылшын тілінен «event» сөзі оқиға, шара деп аударылады. Осыдан event-маркетинг сөз тіркесін «шаралық маркетинг» деп қарастыруға болады. Алайда, шараның өзі әрекеттің нәтижесі ғана емес пе, ал маңызы – қызмет немесе тауарыңызды тұтынушыға сыйлық ретінде ұсыну. Бұл құралдың көмегімен жарнаманы тегін сыйлыққа айналдырып, талап қоя алатын және әбден жалыққан аудиторияның назарын аудартуға болады.