География бөліміндегі мақалалар
Featured, География, Әлем »
Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Баян-Өлгей Аймағы 1940 жылы құрылған. Ауданы 45 705 км2 территорияны қамтиды. Құрамына 13 сум (сум– әкімшілік аудан) кіретін Бай Өлкенің әкімшілік орталығы Өлгей қаласы болады. Өлгей қаласының моңғолша атауы — Өлгий. Өлгей Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласынан батысқа қарай 1 700 шақырым қашықтықта таулы шатқалдан орын тепкен.
География, Әлем, Әр түрлі тақырып »
Ежелгі грек ғалымы Платон (б.з.б 427-347) Гибралтар бұғазының батысына қарай Атлант мұхитында сан мыңдаған жылдан бері жатқан алып арал туралы поэзиялық аңыз қалдырып кеткен.
Аңызға қарағанда осынау жері бай, табиғаты сұлу ғажайып аралда теңіз құдайы Посейдонның ұрпақтары — жиһангер патшалардың айбынды ұлы державасы ірге тіккенге ұқсайды. Патшалардың ішіндегі жасы үлкені бүкіл аралға билік жүргізсе керек. Оның есімі Атлант екен. Міне, соның есіміне орай аралдар — Атлантида аралдары, мұхит — Атлант мұхиты аталыпты.
География »
Мармара теңізі (түрк.: Marmara Denizi) — Түркиядағы құрлықішілік теңіз. Теңіз Қара теңіз бен Эгей теңізімен шектеседі. Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Дарданеллы (Чанаккале) бұғазы арқылы Эгей теңізімен байланысады. Түркияны азиялық Түркия және еуропалық Түркия қылып екіге бөліп тұр.
География, Рефераттар, Әлем »
Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды.
Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
География, Рефераттар »
Біздің өмір сүріп отырған Жер планетасындағы озон қабаты 15 км-дан бастап 100 км биіктікке дейін жетеді. Алайда, 50 км-дан ары қарайғы бөлігінде озонның мөлшері тым аз, шамамен 0,001%. Озон қабатынсыз жердегі тіршілік қазіргі біз көріп отырғандай болмайды. Озон қабаты ұстап қалатын күннің ультра-күлгін сәулелері жер бетіне тікелей өтіп кететін болса, онда тереңдігі 10 метрден асатын суларда ғана тіршілік етуге болар еді. Себебі, он метр тереңдікте ультра-күлгін сәулелердің кері әсері болмайды.
География »
Жерорта теңізі Африка құрлығы мен Еуразия құрлығының Еуропа бөлігінің арасында жатыр. Азияның Кіші Азия түбегі де теңізбен шектеседі. Жерорта теңізін Атлант мұхитынан бөліп тұрған Гибралтар бұғазы ғана. Теңіз құрлықаралық болғандықтан ертеректе-ақ Еуропа мен Солтүстік Африка халықтары Жерорта теңізі арқылы қарым-қатынас жасады. Теңізге жақын аймақтардағы өркениет басқа аймақтарға қарағанда жақсырақ дамыды.
География, Әлем »
Роттердам порты — өзімен аттас қалада, Нидерландының Роттердам қаласында (Нидерландының батыс бөлігінде) орналасқан порт. Роттердам порты Еуропадағы ең ірі порт және әлемдегі ең ірі порттардың бірі. Еуропада орналасқан Рейн өзінінің теңізге жақын атырауында орналасқан порт Рур бассейнінде (Германияның батысындағы аймақ) өндіріс дамығалы бері қарыштап дамыды. Ол уақыт шамамен XIX ғасырдың орта кезіне тура келетін.
География, Әлем »
Жалпылама мәліметтер
Польша мемлекеті (полякша: Polska, Ресми атауы: Польша Республикасы) — Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстіктегі шекарасы Балтық теңізімен шектеседі, батысында Германиямен, оңтүстік батысында Чехиямен, оңтүстігінде Словакиямен, оңтүстік шығысында Украинамен, шығысында Белоруссиямен, солтүстік шығысында Литвамен және Ресеймен (Калининград облысы) шекарасы көрші жатыр. Сондай-ақ, Балтық теңізіндегі экономикалық аймақ арқылы Дания және Швеция елдерімен де шектеседі.
География, Әр түрлі тақырып »
Антарктида (грекше: ἀνταρκτικός — Анктикаға қарама-қарсы) Жер шарының ең оңтүстігінде орналасқан, ашылуы бойынша алтыншы материк. Антарктиданың ортаңғы нүктесі Жердің оңтүстік полюсіне сай келеді.
Антарктида мен оның аналасындағы аймақтар қосылып Антарктика қорығын құрады. Бұл қорық ешқандай мемлекеттің меншігі бола алмайды. Оны тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілген (1-желтоқсан, 1959 ж. келісім бойынша). 1991 жылғы Мадридтік протокол Антарктидада өндіріс ошақтарын ашуға және ол жерден пайдалы қазба-байлықтар өндіруге тыйым салды. Антарктидадағы зерттеу жұмыстарына ұқпалды ұйым — ”Антарктикалық зерттеулердің ғылыми коммитеті”.
География »
Африка материгі – Жер планетасындағы үлкендігі және халқының саны бойынша екінші орынды алатын құрлық. Бірінші орында Азия. Жерінің аумағы 30.2 млн. км² болады. Ол дегеніміз, Жер шарынның 6%, ал құрлықтың жердің 20.4%. Африка құрлығының халқы бір миллиард адамды құрайды. Ол Жер планетасын мекен еткен халықтардың 14.72% құрайды, халықтың орналасу тығыздығы 30.51/шаршы км.. Африкада 54 ел бар.






Баян-Өлгей Аймағы (моңғ: Баян-Өлгий аймаг) — Моңғолияның 21 әкімшілік аймақтарының бірі, елдің ең батысындағы аймағы (Батыс Моңғолия округіне кіреді). Баян-Өлгей аймағын “Бай Өлке” деп те атайды.
Майкл Джозеф Джексон (ағыл: Michael Joseph Jackson; 1958 29 тамыз -2009 25 маусым)
-aфроамерикалық поп әнші, биші және көптеген өлеңдер авторы. Әлемдегі ең танымал орындаушының бірі, 14 рет Грэмий сыйлығының иегері, “Поп королі” өшпес аттың иесі.
Қара нәсілден өзінің денесін аққа өзгерткен Майкл, көптеген ауыр операциялардан бастан кешеді. Ол өзінің аққа өзгертуін сирек кездесетін витилго ауруымен байланыстырады.